6. Төмендегі сөздердің синонимдік қатарын еске сақтаңыз.
қалтырау– дірілдеу
меңдеу – өршу
сауығу – жазылу
ауруға шалдығу – ауыра бастау
арта түсу – көбею – өршу
дер кезінде – уақытында
түсі – түрі
баяу – ақырын – жай
7. Мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап алады? Сұрақтарыңызды жазыңыз.
8. Жаныңыздағы студенттен осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз. Кімнің сұрақтары көп және дұрыс құрылғандығынына қорытынды жасаңыз.
9. Мәтіннен төменде берілген қысқа ақпараттарды кеңейтіп, толықтыратын үзінділерді табыңыз.
Пневмония— бұл өте ауыр өкпе ауруы.
Жедел пневмонияның басталу кезеңі 2-3 күнге дейін созылады.
Жедел пневмонияның меңдеуі кезеңіндедене қызуы көтеріліп, 38-39 градусқа дейін жетеді.
Сауығу кезінде науқастың жағдайы жақсарып, ентігу, ауа жетіспеу белгісі жойылады.
Созылмалы пневмония ауру асқынған кезде өкпенің белгілі бір тұстары қайталап қабынады.
10. Cөйлемдерді бастаңыз.
... әр түрлі вирустар, бактериялар қоздырады.
... кезеңінде науқас тұмауратады, түшкіреді, дене қызуы 39-40 С-қа көтеріледі.
...төмендеп, мазасыздануы арта түседі, ұйқысы бұзылады.
... болған жағдайда демікпеге қарсы дәрілер қолдану қажет.
... емдей бастаған жағдайда қабыну үрдісін асқындырмауға болады.
... кере дем алғанда аздап сырыл байқалады.
... бағып-күту, тамақтандырумен қоса антибиотиктерді және сульфаниламиндік препараттарды пайдалану керек.
11. Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.
Науқасты бағып-күту, тамақтандырумен қоса антибиотиктерді
|
кейде одан да жоғары көтеріледі, науқас қалтырап, буындары сырқырайды.
|
Басталу кезеңінде науқас тұмауратады, түшкіреді, дене қызуы 39-40 С-қа,
|
диагнозды ерте анықтап, дер кезінде ауруханаға жатқызу.
|
Біртіндеп тынысы тарылып, ауа жетпейді,
|
жөтелді жеңілдету және қақырықты босату үшін де көп сұйық ішу және бу ингаляциясын жасау ұсынылады.
|
Жедел пневмониямен ауырған науқастарды емдеудің тиімділігі —
|
мұрнымен тыныс алуы қиындайды.
|
Ыстықты түсіру және ауырғанды қойғызу үшін аспирин немесе ацетаминофен,
|
және сульфаниламиндік препараттарды пайдалану керек.
|
Достарыңызбен бөлісу: |