Туберкулез
Туберкулез – жұқпалы ауру, бұл адам ағзасына «Кох таяқшасы» деп аталатын қоздырғыш – микобактериясы енгенде пайда болады.Туберкулезлатын тілінде tuberculum – төмпешік дегенді білдіреді, қазақтар «құрт ауруы» немесе «көксау» деп атаған созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микобактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох ашты (1882 ж.). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.Жұғудың негізгі көзі – науқас адамдар. Ауру ауа-тамшы жолымен науқастар түшкіргенде, жөтелгенде беріледі.
Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауырмайды, 5-10 пайызы ғана ауруы мүмкін. Көптеген адамдардың иммундық қорғаныс жүйелері туберкулез ауруына қарсы тұра алады. Ал денесі шынықпаған, аурушаң, үнемі аш жүретін, дұрыс тамақтанбайтын адамдар туберкулезді тез жұқтырып алады. Адамның ішкі құрылысына енген туберкулез таяқшасы көбінесе өкпені мекендейді. Туберкулездің белгілеріне мыналар жатады:
ұзаққа созылған жөтел;
салмақ жоғалту;
кеуде қуысының ауыруы;
тұрақты дене қызуы;
түнгі уақыттағы терлеу;
әлсіздік пайда болу;
қан аралас қақырық түсу.
қатты шаршау;
тəбеттің төмендеуі.
Егер уақытылы емделмесе,мұндай аурудың 50 пайызына жуығы 5жыл ішінде өліп кетуі, ал қалғандары өмір бойы мүгедек болып қалуы мүмкін. Туберкулез адам ағзасының кез келген мүшесін зақымдай алады. Бұның нәтижесінде өкпе, бронх, сүйек-буын, бүйрек және жыныс мүшелерінің туберкулезі пайда болады. Әр түрлі лимфа жолдарына, көз, ми қабығына да зиян келтіруі мүмкін. Туберкулезге шалдыққан адам диагнозы анықталғаннан кейін тез арада емделуі керек. Қазіргі уақытта бұл ауруды емдеп жазуға болады.
Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал,жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады.
Ауруды анықтау түрі:
манту реакциясы,
тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру;
қақырықты зерттеу;
флюорография немесе рентгенография
Қазіргі кезде туберкулездіңкең таралуы бүкіл елімізді қатты алаңдатып отыр. Туберкулез ауруы анықталған адам ең басты екі мәселені – санитарлық және емдік шараларды мұқият орындап отыруы керек.
Санитарлық шараларға тазалық, жеке бастың гигиенасын сақтау жатады. Науқас жататын бөлменің еденін хлорамин ерітіндісі қосылған сумен жуып, шаңын дымқыл шүберекпен сүртіп тұру керек. Терезенің желдеткішін жиі-жиі ашып, ауасын тазартып, бөлмеде шаң-тозаң болмауына көңіл аударған жөн. Ауру жататын бөлмеге артық зат, бұйымдар, кілем ілудің қажеті жоқ. Науқастың ыдысын отбасындағылардың ыдысымен араластырмай, бөлек ұстап, қайнатып тұрған дұрыс.
Емдік шаралары аурудың сауығуын қамтамасыз етеді. Науқас міндетті түрде ауруханаға жатқызылып, оған туберкулезге қарсы қолданылатын арнайы дәрі-дәрмектермен ем жүргізіледі.
Тамақтану мәселесіне үлкен мән беру қажет: уақытында құнарлы, витаминдерге бай азық- түліктерді пайдалану керек, ұйқы мен серуендеуарқылы ағзаның сырқатқа қарсыласу күшін нығайтуға болады. Зиянды әдеттер – ішімдік пен темекі, есірткіден аулақ болған жөн.Cанаторийлерде емделу өте пайдалы. Жеке бас гигиенасын сақтау және уақытында туберкулезге қарсы егулерді қабылдау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |