Специальность: Сестринское дело



бет3/13
Дата15.05.2024
өлшемі266 Kb.
#202265
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
4сабақ ОМ

Созылмалы бронхит кезінде қабыну үрдісі бронхтың терең қабаттарына және өкпе ұлпасына тарайды.
Ауру адам, көбінесе, жөтел мен қақырық тастау, сол сияқты ентігудің пайда болғанын айтады. Сырт қарағанның өзінде тыныс алудың жиілігін анықтауға, ентігіп отырғанын байқауға болады, кейде науқастың ернінің кезеріп, көгеруі де мүмкін. Тыныс шығарғанда сырыл естіледі. Созылмалы бронхит емдеу нәтижесінде сауығып кетеді.
Кейде асқынып төмендегідей аурулаға жалғасуы мүмкін:тыныс жетіспеушілігі, пневмосклероз, өкпе эмфиземасы, созылмалы пневмония.
Емдеу шаралары:Аурудың өршуі кезінде төсектік режим тағайындалады. Көп мөлшерде жылы және сілтілі сұйықтықтар беру (боржоми) қажет. Емнің дәрілік емес әдісі қақырықтың жеңіл шығуына бағытталуы тиіс, мысалы: қышалар, эфир майы мен содалы ингаляциялар.
Дәрілік әдісі:

  • бронх өткізгіштің жақсартатын сұйылтқыш дәрі-дермектер (термопсис, алтей, әр түрлі бронхолитиктер);

  • қақырықты сұйылтатын муколитиктер;

  • қақырық түсіретін және қақырықтың жүруін жақсартатын дәрілер;

  • қақырық микрофлорасының сезімталдығына сай 7-10 күн аралығында бірінші қатардағы антибиотиктер;

  • иммундық жүйені көтеретін препараттар;

  • тыныс жетіспеушілігі өршігенде оттегімен емдеу (тәулігіне 18 сағаттан кемболмау керек) ;

  • емдік гимнастика;

  • физиоем және кеудеге массаж жасалуы тиіс.

3. Өзіңіздің болжамыңыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін мәтінді оқып шығыңыз.
4. Мәтін бойынша кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын табыңыз.
Жиілігі жағынан, бронхтардың терең қабаттарына ену, кеуденің ашып ауыруы, қинайтын жөтел, ұлпасына тарау, шамалы, бронх өткізгіштің жақсаратын, қақырық түсіретін және қақырықтың жүруін жақсартатын, иммунды жүйені көтеретін.
5. Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын еске сақтаңыз.
селқостық –безразличие
сілті – щелочь
тітіркендіру – раздражать
сырыл – хрип
бейімділік – склонность; предрасположение
қыша – горчишник


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет