Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер



бет23/25
Дата06.03.2023
өлшемі337,53 Kb.
#171181
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Коллоидты химия лекция
Ең кіші ортақ еселік, осососососоососоосоососоосососососоос 13.10.2020, бизнес план, БАХА СЕПСИС, Шкалы для оценки степени тяжести внебольничной пневмонии, 25-сабақ, наурыз, Мәдени мұраны цифрлық форматта сақтау, 100% lor, 100% urologia, 100% травма без отв— копия, 100% lor — без отв копия, 100% травма, 100% oftalmologia, 4сабақ ОМ
Бақылау сұрақтары:

  1. Кинетикалық тұрақтылық дегеніміз не?

  2. Агрегаттық тұрақтылық дегеніміз не?

  3. Коагуляция дегеніміз не?


1

№ 14 дәріс

Тақырып 14. Коллоидты беттік активті заттар (БАЗ)


Жоспар:

      1. Беттік актив заттар (БАЗ) және олардың жіктелуі

      2. Анионды беттік активті заттар (БАЗ)

      3. Катионды беттік активті заттар (БАЗ)

Беттік–активті заттарға құрамында полярлы функционалдық тобы және полярсыз көмірсутек радикалы бар, сондықтан құрылысы "дифильді" қосылыстар жатады.


Полярлы функционалдық топтар БАЗ-ға суда, ал полярсыз көмірсутек радикалдары органикалық еріткіштерде ерігіштік қасиет береді.Дифильді
құрылысының арқасында БАЗ фазааралық бөлу беттерінде адсорбциалана алады. Адсорбция барысында полярлы тобы полярлығы жоғары фазаға , ал полярсыз көмірсутек радикалы полярлығы төмен фазаға қарай бағытталады.
Сызба-нұсқа түрінде дифильді молекуланың полярлы тобын дөңгелек түрінде, ал көміртек радикалын сызықша түрінде өрнектейді. (1 сурет)
Суда диссоциациялану қабілетіне қарай БАЗ-дар ионогенді және ионогенді емес болып үлкен екі топқа бөлінеді. Ионогенді БАЗ-ң өзі аниондық, катиондық және амфотерлік болып жіктеледі.



(1 сурет) БАЗ молекуласының моделі



Анионды БАЗ-ға суда диссоциацияланғанда беттік-активті аниондар мен беттік– инактивтік катиондар түзетін заттар жатады. Анионды БАЗ-дарды карбон қышқылдары мен олардың тұздары, жалпы формуласы R-COOM (MΞH+ немесе метал иондары), алкисульфаттар R-OSO3 M, алкиларилсульфонаттар RArS O3 M, алкилфосфаттар ROPO3, тиосульфаттар ROCS2 M, т.б. құрайды. Бұлардың арасында практикада кең қолданылатындары құрамындағы көмірсутек радикалдары 10-17 көміртек атомдарынан тұратын карбон құшқылдарының тұздары, алкилсульфаттар мен алкилакрилсульфонаттар. Соңғы екеуі негізінен жуғыш заттары ретінде кең тараған.
Катиондық БАЗ-ға суда диссоциацияланғанда беттік-активті катиондар мен беттік-инактивті аниондар түзетін заттар жатады.Катиондық БАЗ-дар болып біріншілік, екіншілік және үшіншілік алифаттық , ароматтық амин тұздары саналады. Сонымен бірге БАЗ-дардың бұл тобына алкил радикалдарымен алмастырылған аммоний тұздары да жатады.
Биологиялық ыдырау қабілетінің төмендігіне және улылығына байланысты катиондық БАЗ көбінесе дезинфекциялаушы заттар , бактерициттер , коррозия ингибиторлары ретінде кең қолданылады.
Амфолиттік БАЗ-дарға ортаның сутек көрсеткішіне қарай анион-активті және катион-активті иондарға диссоциацияланатын заттар жатады. Мұндай заттарға құрамында бір мезгілде қышқылдық және негіздік функционалдық топтар болатын қосылыстар жатады.Қышқылдық ортада негіздік топ пратондалып, нәтижесінде БАЗ катион-активті ион түзеді, ал негіздік ортада, керісінше, қышқылдық топ иондалады да, нәтижесінде анион активті ион түзеді:
+ қышқылдық негіздік
RNH2 (CH2)4 COOH ↔ RNH(CH2)4 COOH↔ RNH2 (CH2)4 COO-
орта орта
БАЗ-ң бұл тобын негізінен алкиламин қышқылдары құрайды: RNH(CH2)4COOH. Мұндағы R көбінесе С1218 тұрады. Амфолиттік БАЗ-дарға барлық табиғи амин қышқылдары мен белоктар жатады.
Амфолиттік БАЗ тиімді жұқтырғыш және жуғыш заттар болып саналады. Олар судың кермектігін жою үшін де пайдаланылады. Алайда алыну жолдарының күрделілігіне және қымбат бағасына байланысты амфолиттік БАЗ сирек қолданылады.
Ионогенді емес БАЗерігенде иондарға диссоциацияланбайды. БАЗ-ң бұл тобының өкілдерін негізінен құрамында дамыған көмірсутек радикалы мен полярлыфункционалдықтобы бар қосылыстарға этиленоксидті жалғау арқылы алады. Мысалы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет