Дәріс тезистері №1-дәріс


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет12/41
Дата10.09.2023
өлшемі0,93 Mb.
#180608
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41
Байланысты:
ДӘРІС (1)

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
бесінші 
латын алфавитіндегі әріптер мен әріптердің тіркесімен белгілеген. Мысалы, Au – алтын, 
Ag – күміс, Cu – мыс, PL – қорғасын, U – уран, K – калий, O – кислород т.б. 
Кіші әріптер гуманитарлық ғылымда да қолданылады, ол ойды белгілі тәртіппен 
білдіру үшін қолданылады. Мысалы, мәтінде санамалап мәселелерді көрсету қажет 
болған жағдайларда цифр қолданылатыны белгілі. Мысалы 1, 2, 3 немесе 1), 2), 3) т.б. 
Осымен бірге, цифрлар орнына сол мәнде әріптер де қолданылады. Оған академик 
Ө.Айтбаев еңбегінен мына мысалды келтірейік. Қазақ тіліндегі қоғамдық терминдердің 
негізгі көздері. 
а) араб-парсыдан енген терминдік атаулар. 
ә) орыс және орыс тілі арқылы енген интернационалдық терминдер. 
б) алғашқы газет, журналдардағы термин сөздер. 
в) термин қызметіндегі кірме сөздер [4, 61]. 
Осы келтірілген үзіндідегі а, ә, б, в әріптері шартты түрде 1), 2), 3), 4) сандарының 
орнына алфавит тәртібі бойынша қолданылған. Бұл ғылыми еңбектерде жиі 
қолданылатыны белгілі. Демек, бұл да әріпті шартты белгі ретінде қолдануға жатады. 
Геометрия саласында графикалық таңбалар өте көп, бір үшбұрыш таңбаның да 
бірнеше түрі бар: Мысалы, 
- тік үшбұрыш, 
- тең қабырғалы үшбұрыш т.б. 
Міне, бұл графикалық таңбалардың көп қолданылатынын, үлкен қызмет 
атқаратынын дәлелдейді. 
Сондай-ақ математикада + (қосу), - (алу), х (көбейту), = (тең) сияқты графикалық 
белгі, таңбалардың қолданылатыны белгілі. Олар да үнемі бір мәнде қолданылады. 
Осы сияқты бірнеше таңбаларды В.П.Даниленко төмендегіше көрсеткен: «в 
терминологии используются и такие символические (чисто графические) компоненты, 
которые невсегда переданы посредством слов: v – образное соединение, x – образное 
соединение, u – образное соединение, χ – образное соединение» [1]. 
Осы топқа оқу орындарындағы сабақты бастауға, аяқтауға шақыратын қоңырау да 
жатады. 
Ал түрлі салада қолданылатын түрлі кестелер, сызбалар алуан түрлі. Кестелер 
қолданылмайтын ғылым саласын атау өте қиын. Кестелердің түрі өте көп, олар қажетіне 
қарай түрліше жасала береді. 


ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет