Дәріс тезистері №1-дәріс


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет15/41
Дата10.09.2023
өлшемі0,93 Mb.
#180608
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Байланысты:
ДӘРІС (1)

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
бесінші 
берілген [7, 64]. Сонымен бірге, монографияда әр сөзжасамдық тәсіл алғаш рет ғылыми 
негізде толық сипатталған. Бұл сөзжасамдық тәсілдерге алғаш рет берілген толық ғылыми 
сипаттама болды. Монографияда синтетикалық тәсіл термині түрліше аталып жүргенін 
ескерту арқылы синтетикалық тәсіл терминінің қалыптасып үлгермегенін аңғартқан. 
Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауға түбір сөз бен жұрнақ қатысатынын
олардың атқаратын қызметін анықтап, синтетикалық тәсіл арқылы жасалатын модельдер 
(үлгілер) мен типтерге, олардың түрлеріне, түбір морфемаға мағынасы мен құрылымына, 
жұрнақтарға жан-жақты сипаттама берген [7, 65-88]. Бұл сөзжасам тәсілдеріне қазақ тіл 
білімінде толық берілген алғашқы сипаттама. Монографияда сөзжасамның аналитикалық 
тәсілі де кең талданған. Аналитикалық тәсіл өте көне тәсіл деп саналып, оның дүние жүзі 
тілдерінен алатын орны жан-жақты сипатталған. Сонымен бірге түркі тілдері 
сөзжасамында белсенді қызмет атқаратыны дәлелденген. Қазақ тілінде аналитикалық 
тәсілдің іштей 4 түрге бөлінетінін төмендегіше көрсеткен: «Тілімізде аналитикалық 
тәсілдің мынадай ішкі түрлері бар: 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту [7, 
91]. Монографияда бұл тәсілдердің бәрі өте толық дәлелденген. Осы мәселеде тірек 
сыңар, ауыспалы сыңар, туынды мағына мәселелері мұқият талданған. Сол арқылы 
аналитикалық тәсілде сөзжасамға қатысатын тілдік бірліктер де талданған. Лексика- 
семантикалық тәсіл сөзжасамдық тәсілдер қатарына алғаш рет осы монографияда 
қосылып, ғылыми сипаттама алған. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы сөз жаңа 
мағынаға ие болып, омоним сөздер қатарын толықтырып, сөз басқа сөз табына да өтеді 
деп сипатталған [7, 99]. Осы монографиядан кейін лексика-семантикалық тәсіл қазақ тіл 
білімінде танылып, барлық еңбектерде көрсетілетін болды. Сонымен бірге, сөзжасамдық 
тәсілдер мәселесі барған сайын толықтырылып, нақтыланып анықталды. Мәселен, 2002 
жылғы «Қазақ грамматикасында» негіз сөз бен туынды сөздің мағыналық байланысы, 
сөзжасамдық жұрнақтың екі түрі – лексикалық мағына жасайтын, лексикалық мағынаны 
түрлендіретін жұрнақтар туралы мәлімет берілген және сөзжасамдық жұрнақтардың сөз 
таптарына қатысы дәлелдену арқылы синтетикалық тәсіл толықтырылған. «Қазақ 
грамматикасында» аналитикалық тәсіл сөзқосым, қосарлану, қысқарту тәсілдерінің 
мәнін, түрлерін, дамуын дәлелдеу арқылы толықтырылған. «Грамматикада» лексика- 
семантикалық тәсіл мәселесі де нақтыланып, толықтырылған. Мәселен, лексика- 
семантикалық тәсілде сөздің дыбыстық, морфемдік құрамын сақтай отырып жаңа 
мағынаға ие болуына байланысты оның лексика-семантикалық тәсілге жататыны әр сөз 
табы арқылы анықталған. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздін 
сөз табын сақтауы да, сөз табын ауыстыруы да мүмкін екені дәлелденген. Лексика- 
семантикалық тәсіл арқылы жасалған сөздердің басқа сөз табына көшудің ішкі 
заңдылықтары ашылған [8, 203-208]. 1989 жылғы «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» 
монографиясынан бастап-ақ ғалымдар сөзжасамның 3 тәсілін қабылдап, өз еңбектерінде 
қолдана бастады, оған терминология ғалымдары да жатады. Сөзжасамдық тәсілдің осы 3 
түрі «Қазақ тілінің сөзжасамы» оқулығында беріліп, ол ғылымда орныққан заңдылық 
ретінде танылған [9]. Сөзжасам мәселесінде сөзжасамдық тәсілдер мәселесі негізгі орын 
алатыны белгілі. Бұл мәселе терминжасам мәселесіне байланысты елеусіз қалды деп айта 
алмаймыз. Терминолог ғалымдар еңбектерінде қажетіне қарай оған көңіл бөліп отырған. 


ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет