Дәріс тезистері №1-дәріс


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет17/41
Дата10.09.2023
өлшемі0,93 Mb.
#180608
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
Байланысты:
ДӘРІС (1)
pape mashe
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
бесінші 
дәлел болады. Бұл сөздік қорымыздағы үлкен байлық. Тіліміздегі осы үлкен байлық жан- 
жақты толық зерттелген деп айтуға әлі ерте демекпіз. Термин мәселелерін зерттеген ірі 
ғалымдарымыз барын білеміз. Академиктер Ә.Қайдар, Ө.Айтбаев, профессор 
Ш.Құрманбайұлы сияқты ғалымдарымыз – қазақ терминология ілімін зерттеушілер. Қазір 
заман өзгерді, талап та өзгерді. Кеңес заманы кезінде орыс тілінен терминдер біріздендіру 
саясаты бойынша дайын қалпында қабылданды. Осы саясаттың нәтижесі туралы 
Ш.Құрманбайұлы сөзін келтірелік: «Оған 70-80 пайызын орыс терминологиясымен ортақ 
терминдер құрайтын біздің терминологиялық лексикамыз бен біз тәрізді одақ құрамында 
болған көптеген халықтардың терминологиялық қоры құрамына қарап-ақ көз жеткізуге 
болады» [11, 33]. Әрине, кеңес заманында жат тілдегі дайын терминді қабылдау саясаты 
кезінде терминжасам теориясын зерттеу мәселесі қойылған емес. Бұл жағдай ұзаққа 
созылды. Қазір терминологиядағы кемшіліктерді жою мәселесі көтерілуімен байланысты 
ғана терминжасам мәселесін зерттеудің теориялық, практикалық жағынан маңызы артып 
отыр. Терминологияның келесі маманы Ш.Біләлов терминжасам тәсілдерін өзінше 
түсіндірген: «Сонымен, 1-ереже бойынша баламалық жаңа сөз қалай жасалады? 
Біріншіден, сөзге қосымша, жалғаулықтар жалғану арқылы жасалады. Мысалы, көрме 
(хорда), жарма (биссектриса), кейіптеме (формула), түзгі (элемент), қосым (интеграл), 
ажырам (дифференциал), үстеме (мантисса), бүйірлік (абсцисса), беттік (ордината), 
төбелік (апликата), қиынды (сектор), тікше (прямоугольник)... Екіншіден, жаңа сөз 
сөздердің бірігуі арқылы жасалады: теңқиық (ромб), ішжиын (подмножество), қиықша 
(параллелограмм), қиықжақ (параллелепипед), костабан (трапеция), кілшоқы (пирамида), 
екімүше (бином), баскерме (диаметр)... Үшіншіден, сөз тіркестері арқылы жасалады: 
алғашқы берне (первообразная)...» [12, 24-25]. Алайда, тіл білімінде терминжасам 
тәсілдері туралы пікір тұрақталған деп айтуға болмайды, бұл мәселеде пікір алалығы 
күшті. Кейбір ғалымдар терминжасамда сөзжасамдық тәсілдердің түрлерінің атауы, яғни 
терминдерін өзгертуді де ұсынады. Ол туралы С.В.Гриневтің пікірін келтіруге болады. 
С.В.Гринев терминжасам тәсілдерін былай атауды ұсынады: семантикалық терминжасам
морфологиялық терминжасам, синтаксистік терминжасам, морфолого-синтаксистік 
терминжасам, терминологиялық алмасым [13, 67]. Ал О.П.Фролова терминдену, күрделі 
терминдер жасау, алмасу тәсілдерін атаған [14, 4]. Көпшілік ғалымдар синтетикалық 
тәсіл, аналитикалық тәсіл, лексика-семантикалық тәсіл терминдерін қолданып жүр. 
Қосымшалы терминжасам (суффиксальные терминообразования), транспозиция, 
словосложение, лексикализация терминдерін қолданушы ғалымдар да бар. Бұдан 
терминжасам тәсілдері мәселесінің әлі толық шешілмегенін аңғаруға болады. Тілдің 
сөзжасам тәсілдерінің бәрі терминжасамда қолданылады. Терминжасамның өзіндік 
ерекшелігі де бар. Терминжасамда тілдің сөзжасамдық тәсілдері қолданылатын 
болғандықтан, терминжасам тілдің сөзжасам заңдылықтарына бағынады. Сондықтан 
терминжасамның синтетикалық тәсілі де сөзжасамның синтетикалық тәсілінің 
заңдылықтары бойынша қызмет етеді. «Қазақ тілінің сөзжасамы» оқулығында 
синтетикалық тәсіл туралы мынадай мәлімет берілген: «Синтетикалық тәсіл арқылы 
туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет атқарады: 1) лексикалық мағыналы сөз, 2) 
сөзжасамдық жұрнақ» [9,34]. Бірақ терминжасамның өз жұрнағы жоқ. Сондықтан 


ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет