Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
бесінші
Мәселен, терминология саласының ірі маманы академик Ө.Айтбаев ғылымда аталып
жүрген мына тәсілдерді атап, оларға талдау жасаған: «1) семантикалық тәсіл, 2)
морфологиялық тәсіл, 3) синтаксистік тәсіл, 4) калькалау тәсіл, 5) сөз қысқарту
(аббревиациялау) тәсілі» [10, 253]. Ғалым терминжасамның семантикалық тәсілін талдай
келе, ол пікірлерін төмендегіше қорытады: «Сонымен, семантикалық тәсіл
терминжасамның негізгі тәсілдерінің бірі ретінде терминологиялық лексика қабатының
толыға, байи түсуіне үлкен септік жасайтын негізгі амалдың бірі болып табылады. Мұның
тағы бір атап айтылуға тиісті ерекшелігі сол арқылы жасалған терминдер
терминжасамның өзге амалдарына қарағанда, әрі қысқа, әрі нұсқа болып шығатыны.
Сондықтан да терминжасам процесінде бұл тәсілді сарқа пайдаланып отыру қажет» [10,
259]. Ғалым еңбегінде калькалау тәсілі туралы жай аудармадан калькалаудың айырмасы
мәселесіне жақсы түсінік берген. Сондай-ақ, ғалым калькалану арқылы жасалған сөздерді
зат есім сөздер тобына жатады деп танып, калька-терминдердің екі түрін, яғни мағыналық
және мағыналық-құрылым тұрғысындағы түрін атаған. Оны ғалымның өз сөзімен
келтірген дұрыс. Ол төмендегідей: «Калькалану тәсілі арқылы жасалып, тілімізге енген
терминдерді екі ыңғайда қарастырып, танып білу керек сияқты. Бірі – мағыналық калька,
яғни сөзбе-сөз аударма емес, түбір сөздің негізгі мағынасын беру, екіншісі – мағыналық
құрылымын (структурно-смысловые слова) беру. Бұл тәсіл бойынша термин сөзбе-сөз
аударылады. Онда сөздің негізгі мағынасын берумен қатар, оның бөлінбес бөлшектері
мен синтаксистік құрылымын да сақтау көзделеді» [10, 269]. Терминжасамда өзіндік орны
бар бір топ терминдер бар, олар химия, физика, математика, техникаға қатысты
терминдер. Олар осы салаларда үлкен қызмет атқарады. Мысалы, көпшілікке мәлім
математикадағы мына таңбаларды алайық: =, ≠, >, <, \\. Бұл таңбалардың әрқайсысы
белгілі ұғымды білдіреді. Мәселен, = тең, ≠ тең емес, > көп, < аз т.б. Математика, химияда
латын әріптері белгілі мәнде қолданылатыны белгілі. ά, β, γ, А, В, С т.б. Таңбалардың бір
тобы жол бойында көп қолданылатыны белгілі. Әсіресе, ғылымның түрлі саласында
қолданылатын таңбалар, символдардың прагматикалық мәні оларды терминология
саласында қарауды нұсқайды. Бұл мәселелер туралы зерттеулер қазақ тіл білімінде
кездеспеді. Мамандар арасында, оқыту ісінде ондай таңбалар жиі қолданылатыны белгілі.
Демек, олардың да зерттелуі қажет. Терминдердің сөзжасам жүйесі бар. Бірақ
терминдердің сөзжасам жүйесі арнайы зерттелмеген. Оның әр мәселесі жөнінде түрлі
пікірлер, белгісіз, анықталмаған ғылыми ұғымдар өте көп. Терминжасам – жүйелі
құбылыс, оның яғни жүйенің бір мүшесіне терминжасамдық тәсілдер жатады.
Терминжасам тілдің сөзжасам жүйесінің бір мүшесі, бір тармағы болғандықтан, ол
сөзжасамның жалпы заңдылықтарын сақтайды, оған бағынады, ол терминжасамда
қолданылады. Олай болса, терминжасамда сөзжасамның тәсілдері түгел қолданылады.
Сонымен бірге, терминжасамның өз ерекшелігіне байланысты тәсілдер де терминжасам
тәсілдерінен орын алады. Терминжасам мәселесіне арнайы назар аударған ғалым-
Ш.Құрманбайұлы. Ғалым монорафиясында терминжасам тәсілдерінің мына түрлерін
көрсеткен: 1) синтетикалық (морфологиялық) тәсіл, 2) аналитикалық (синтаксистік) тәсіл,
3)
терминдену (лексика-семантикалық) тәсілі, 4) калькалау тәсілі [11, 99-165]. Термин
сөздердің тіліміздегі аумағы өте үлкен. Оған 30 томдық терминологиялық сөздік толық
ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым
Достарыңызбен бөлісу: |