Дәріс тезистері №1-дәріс


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет24/41
Дата10.09.2023
өлшемі0,93 Mb.
#180608
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41
Байланысты:
ДӘРІС (1)
pape mashe
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
бесінші 
Қазір бұл теория ғылымда танылды деуге толық болады. Ол теория жалпы 
терминжасамға да тікелей қатысты. Қазақ тілінің терминжасам жүйесінде де зат есім 
уәждемелік қызметте басқа сөз таптарынан әлдеқайда көш ілгері тұрады. Сондықтан да 
кейбір ғалымдар терминді зат есімнен ғана жасалады деп санайды. Осы пікірдегі ғалымның 
бірі деп В.П.Даниленко, О.С.Ахманованы атайды [4, 44]. Алайда терминдерге уәждеме 
болатын сөз таптары жалғыз зат есім емес. Терминдерге уәждеме болатын зат есім байырғы 
сөздер терминологияның барлық салаларында негізгі орын алады. 
Терминжасамда сын есімнің уәждемелік қызметі туралы ғалымдар пікірі де әр түрлі 
В.П.Даниленко сын есім сөздер терминологиялық сөз тіркестердің құрамында немесе 
заттанған күйде термин ретінде танылады деп санайды. 
Сын есім сөздер терминжасамға уәждеме болғанда дара түрде де, күрделі түрде де 
қолданылады. Бұл мәселеде тілдік деректер ретінде физика, астрономия сөздігі және әскери 
іс сөздігі қолданылды. 
Физика сөздігінде әдеби тілдегі мына дара сын есімдер: дірілдеткіш, еріткіш, 
жарылғыш, жарғыш, жұтқыш, өткізгіш, суытқыш, үдеткіш, дірілжазғыш, дірілкөргіш 
терминдері техникалық құралдар атауын алып, зат есім мәніне ие болған. Бұл зат есімнің 
уәждемелік қызметі арқылы жаңа терминдер жасалғанын көрсетеді. 
Осы жағдай әскери іс сөздігінде де бар. Мәселен, әдеби тілдегі қатыстық дара сын 
есімдер атқыш адам, еріксіз кісі, ерікті адам сияқты қолданыстағы атқыш, еріксіз, ерікті, 
еркін сын есімдері терминдерде стрелок, непроизвольный, доброволец сияқты жаңа 
мағынаға ие болған. 
Бірсыпыра ғалымдар етістіктен терминдер жасалады деп санайды. Әскери 
терминологияда етістік уәждемелігі арқылы жасалған терминдердің көптігі назар аударады. 
Олар мынадай: айыптау, айыру, бөлу, алмастыру, ауыздықтау, анықтау, араласу, 
бағындыру, атқылау, ату, атысу, аялдау, асу, бағынбау, бағыну, байланыстыру, қорғану, 
бақылау, барлау, баяндау, бейімделу, бекіту, белгілеу, бомбалау, бөлу, бұзу, қирату, 
бұйыру. 
Мұнда тек сөздіктің бір түрінде ғана дара етістіктен жасалған терминдер мысалға 
келтірілді. Ал етістік арқылы жасалған күрделі терминдер бұлардан бірнеше есе көп. 
Терминжасамға етістік атаулының бәрі қатыса бермейді. Келтірілген мысалдар 
терминжасамға қимыл атаулары мен бұйрық райдың екінші жақ жекеше түрі қатысатынын 
дәлелдеді. 
Қорыта келгенде, терминжасамда зат есім – уәждемелік қызметті ең белсенді 
атқаратын сөз табы. Ол термин сөздердің заттық ұғымды білдіретін сөздер болуымен 
байланысты деп ойлаймыз. Зат есім мен терминдердің заттық ұғымдағы ұқсастығы
жақындылығы, мағыналастығы олардың заттық ұғымдағы термин сөздерге уәждеме 
болуына негіз болған. 


ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет