Дәріс тезистері №1-дәріс


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет22/41
Дата10.09.2023
өлшемі0,93 Mb.
#180608
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Байланысты:
ДӘРІС (1)

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
бесінші 
-тель в современном русском языке распадаются на две основные группы – обозначающие 
лиц и обозначающие предметы. Предметные наименования в целом относятся к области 
терминологий. Это – наименования машин, приборов, деталей, веществ и т.д. (смеситель, 
осушитель, заполнитель, краситель, ловитель, затвердитель, взрыватель и др.)» [2, 185]. 
Өнімді жұрнақтардың біразын терминологияның жеке салаларын зерттеген ғалымдар 
да көрсеткен. Мәселен, философия терминдерін зерттеген С.Әлісжанов осы сала бойынша 
өнімді деп мына жұрнақтарды көрсеткен: -дық, -дік (ұлттық), -ды, -ді (субъективті), - 
шылық, -шілік (ағартушылық), -у (даму), -ыс, -іс (құбылыс), -ым, -ім (таным) [3]. Ал 
психология терминдерін зерттеген ғалым С.Искакова осы сала бойынша өнімді жұрнақтар 
деп мына жұрнақтарды атаған: -дық, -дік (адалдық), -шылік, -шілік (менсінбеушілік), -ыс, 
-іс (байланыс), -ым, -ім (ұғым) [4]. 
Қазақ тілінде терминологияның мына жұрнақтары өнімді: -у; -дық, -дік, -лық, -лік, - 
тық, -тік; -шы, -ші; -м, -ым, -ім; -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе; -ша, -ше; -сыз, -сіз; -ғыш, -гіш, 
-қыш, -кіш; -ық, -ік, -қ, -к; -ыс, -іс, -с; -и; -ғы, -гі, -қы, -кі; -ыш, -іш, -ш; -ын, -ін, -н; -гер, - 
кер; -малы, -мелі, -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес; -шық, -шік; -шақ, -шек; -шылық, -шілік; - 
теме, -деме; -нды, -нді; -лай, -лей; -паз; -т, -іт, -ыт; -ыңқы, -іңкі; -ды, -ді, -ты, -ті; -қын, - 
кін; мыс; -бей; -уіш; -мақ; -мек; -хана; -пар; -ыл, -іл, -л; -ғақ; -шыл, -шіл. 
Бұл жұрнақтар терминология саласында жүздеп, онан да көп терминдер жасаған. Бұл 
осы жұрнақтардың термин сөздердің негізгі құрамын жасаған деген пікірге жетелейді. 
Терминдер тілдің сөзжасамдық бірліктері арқылы жасалуымен бірге тілдің 
сөзжасамдық заңдылықтары бойынша жасалады. Терминдер – жаңа ұғымның аты. Демек, 
жаңа ұғым өзіне жаңа атау талап етеді, терминдері қалыптасқан тілде де ғылым, техника, 
өндіріс, өнер, саясат т.б. жағдайларда пайда болған жаңалықтармен байланысты жаңа 
терминдер туындап, тілге қосылып жататыны белгілі әрекет. 
Талдауға негіз болған терминдердің бәрі көп томдық Мемлекеттік сыйлық алған 
терминологиялық сөздіктерден алынды. 
Тұжырымдар. 
Терминдер тілдің сөзжасамдық бірліктері арқылы жасалуымен бірге 
тілдің сөзжасамдық заңдылықтары бойынша жасалады. Терминологияның барлық 
саласында немесе көпшілік салада өнімді жұрнақтар ғана қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет