Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: бесінші бәрінде терминдерді өте өнімді жасаған. Сонда терминологиялық көп сериялы томда қанша
термин жасағанын санап жеткізу өте қиын. Міне, бұл сөзжасамдық жұрнақтардың ересен
зор қызметін дәлелдейді. Сондықтан да морфологиялық тәсіл өте өнімді тәсіл саналады.
Ғалым С.Исаев сөзжасамдық жұрнақтардың яғни сөзжасамдық жұрнақтар арқылы
жасалу үлгілерінің өнімді, өнімсіз болу қасиеті туралы былай дейді: «...сөзжасамның жеке-
жеке үлгілерінің жаңа сөз жасауда, сөйтіп тілдің лексикалық құрамын байытуда рөлі
біркелкі емес. Бір сөзжасам үлгілері арқылы жүздеген, мыңдаған жаңа сөздер жасалып,
тілдің сөздік құрамынан берік орын алады, ал екінші бір сөзжасам үлгілері негізінде бірлі-
жарым ғана жаңа сөз жасалған болып шығады. Сондықтан да сөзжасам процесіне, сөзжасам
үлгілеріне, біріншіден, өнімділік-өнімсіздік сипат, екіншіден, құнарлылық-құнарсыздық,
үшіншіден, ол жасалған туындылардың немесе сөзжасам үлгілерінің тілде қолданылу
мүмкіндіктері белгілі мәтіннің жанрлық-стильдік сипатына байланысты жиі қолданылып,
сол жанрдың я стильдің қолданылуындағы бір тілдік көрсеткіш болу немесе керісінше
болмау сияқты статикалық қасиеттер тән болып отырады» [5, 282].
Ғалымның бұл сөзіндегі өнімділік-өнімсіздік туралы пікірі және сөзжасамдық
жұрнақтардың белгілі жанр-стильдің көрсеткіші болатыны туралы пікірі біздің қарастырып
отырған мәселемізге қатысты.
Тілдегі сөзжасамдық жұрнақтарды терминология салалары ішкі мазмұнына қарай
талғап пайдаланады. Сондықтан да тілдегі сөзжасамдық жұрнақтардың бәрі
терминологияның бір саласының терминжасамынан орын алмайды. Тілдің барлық
сөзжасамдық жұрнақтарымен жасалатын бірде-бір терминология саласы жоқ. Оған дәлел
ретінде математика терминдері 23 жұрнақ, химия саласының 30 сөзжасамдық жұрнақ,
физика, астрономия саласының терминдерінің 33 жұрнақ арқылы жасалуы
терминологияның әр саласының терминдерін жасайтын жұрнақтардың арасында айырма
барын дәлелдейді. Бірақ әр саланың терминжасамында ешқандай ұқсастық жоқ деуге
болмайды. Ол кейбір сөзжасамдық жұрнақтардың терминологияның түрлі салаларында
қайталануына байланысты.
Тұжырымдар . Терминжасамда әдеби тілдегі сөзжасамдық жұрнақтар қолданылады.
Бірақ олар толық сай келеді деуге болмайды. Әр саланың терминжасамында ешқандай
ұқсастық жоқ деуге болмайды. Ол кейбір сөзжасамдық жұрнақтардың терминологияның
түрлі салаларында қайталануына байланысты.