Дәріс тезистері №1-дәріс


Терминнің қысқалығы немесе ықшамдылығы



Pdf көрінісі
бет4/41
Дата10.09.2023
өлшемі0,93 Mb.
#180608
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
ДӘРІС (1)

Терминнің қысқалығы немесе ықшамдылығы. 
Бірнеше сөздің тіркесуінен тұратын көп 
сыңарлы терминнің ұғым атауы ретінде, атаусөз ретінде қолдану қолайлылық туғыза 
бермейді. Атау сөздердің қысқа да нұсқа болғаны жақсы-ақ. Тіл үнемділікті ұнатады. 
Тіліміздегі көптеген көп құранды тіркестердің лексикалануы, біріккен, кіріккен сөздердің 
пайда болуы, күрделі атаулардың ықшамдалуы осы үнем заңының талаптары. 
Терминнің тілдегі сөзжасам заңдылықтарына сәйкес келуі

Терминдер де негізінен 
жалпы әдеби тілдегі атау сөздер сияқты ұлт тілінің сөзжасам тәсілдерін пайдалану арқылы 
туындайды. Салалық мамандардың барлығы бірдей ұлт тілінің сөзжасам тәсілдерін, тілдік 
заңдылықтарды, дыбыстардың тіркесімі мен қосымшалардың жұмсалу ерекшелігін, сөздердің 
тіркесу қабілетін жетік біледі деп айту қиын. Сондықтан да терминологияда сөзжасам 
заңдылықтарын қанағаттандыра бермейтін термин сөздер ұшырасып қалып жатады. 
Тілдік нормаға сәйкес келуі 
- кәсіби жаргондардың, фонетикалық және грамматикалық 
нормадан ауытқулардың болмауы. 
Терминнің туынды сөз жасауға қолайлы болуы. 
Бұл талап терминнің ықшам болуы 
қажет деген талаппен үндеседі. Қазақ тілі жалғамалы тілдер қатарына кіретіндіктен неғұрлым 
қысқа, ықшам атауларға сөз тудырушы жұрнақтарды үсті - үстіне жалғау арқылы бір түбірден 
немесе негізден бірне- ше туынды сөз, жаңа атау жасауға болады. Ал көп құрамды атаулар бұл 
талапқа жауап бере бермейді. Бұл талапты терминге 
сөз тудыруға (деривациялық) қабілеттілігі 
деп те атайды. Ықшам жасалған, қысқа терминнен туынды термин жасау мүмкіндігі қашанда 
мол. 
Терминде эмоционалдылық пен экспрессиялықтың болмауы

Жалпы ғылым тілі 
бейнелілікті, образдылықты емес, әр ұғымды өз атымен атауды қажет ететін дәлдікті, 


ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет