Тұжырымдар Терминге қойылатын талаптар - қазіргі заманғы термин жауап беруге тиісті негізгі
шарттар.
Бақылау сұрақтары: 1.
Семантикалық талаптар
2.
Прагматикалық талаптар
3.
Терминнің тұлгасына қойыла- тын талаптар
Пайдаланған әдебиеттер: 1.
Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тәсілдері. Алматы:
«Сөздік – Словарь», 2005. – 240 б.
2.
Біләлов Ш. Ұлттық ғылым тілі негіздерін қалыптастыру. ФҒД дис... авторефераты. 1997, - 42
б.
ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: бесінші 3.
Ш.Құрманбайұлы Терминтану: Оқу құралы. Алматы: «Атлас баспасы-2001», -244 б
4.
Даниленко В.П. Русская терминология. Опыт лингвистического описания. –Москва. 1977, -
246 с.
№3 дәріс Тақырыбы: Қазақ терминжасамының ғылыми қағидаттары
Мақсаты: Алаш зиялыларының термин жасау, өзге
тілдерден термин қабылдау және
оларды жазу қағидаттарын, терминжасамдағы негізгі ұстанымдарын талдау
Дәріс жоспары: . 1.
А.Байтұрсынұлының тіл біліміне қатысты терминдері
2.
Қазақ тілі терминдерін қалыптастырудағы Қ. Жұбановтың орны
Дәріс мәтіні (тезис)
Терминжасам тәжірибесі тұрғысынан алсақ, қазақ тіл білімі, әдебиеті терминдерін
жасаған реформатор А.Байтұрсынұлы еңбектері ХХ ғасырдың алғашқы он
жылдықтарындағы «Тіл – құралдан» бастау алады [1]. Қазірге кезде А.Байтұрсынұлы
жасаған терминдердің қолданылғанына 100 жыл толды.
Терминдерді қазақ тілінің байырғы сөздерінен жасау – А.Байтұрсынұлы және алаш
зиялыларының терминжасамдағы негізгі ұстанымы. Екінші ұстанымы – шетел
терминдерін қабылдаумен байланысты. А.Байтұрсынұлы және алаш зиялылары шетел
терминдерін қабылдауға қарсы болмаған. Тілде баламасы жоқ жағдайда шетел
терминдерін қабылдауға болады, бірақ шетел терминдерін қазақ тілінің дыбыстық
заңдарына сәйкестендіріп алу керек деп санаған.
Алаш оқығандары терминдерді
жат сөздер және
пән сөздері деп байырғы
сөздермен атаған.
1924 жылы Орынбордағы оқу қызметкерлер ұйымының үйіндегі қазақ-қырғыз
білімпаздарының тұңғыш сіиезінде Елдес Омарұлы «Қазақша пән сөздер» тақырыпты
баяндамасында: «Бұрын естілмеген жаңа сөз елге бірден түсінікті бола қоймайды. Бірақ
пән сөз қазақтың өз тілінен алынып, мағынасы аз да болса тиісті ұғымды сездірерлік
болса: оны түсіну қиын болмайды. Сондықтан пән сөзді қолдан келгенше қазақтың өз
тілінен алу керек». «Пән сөзді өз тілімізден таба алмаған күнде, иаурыпа қолданған
латынша пән сөздерді алуға болады. Бірақ ондай жат сөздерді алғанда, - оны тіліміздің
заңына келтіріп өзгертіп алу керек». «Тілдің заңына келмейтұн жат сөздер көбейіп кетсе,