ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
бесінші
Ғылымда терминге түрлі талаптар қойылып жүр. Мәселен, Ө.Айтбаев өз кезіндегі
ғалымдар пікіріне сүйеніп терминге қойылатын талаптарды белгі ретінде алып, терминнің
І.Кеңесбаев пен Т.Жанұзақов сөздігіне негіздеп мынадай пікір айтқан: «Сонда термин
дегеніміз, ең алдымен, белгілі бір ғылым мен техника саласында қолданылатын арнайы
лексика болып шығады. Оның басты белгілері: дәлдік, қысқалық, жүйелілік» [5, 163].
Бұл ғылымда бекіп терминге қойылатын талаптар деп аталып күрделене түсті. Ғалым
Ш.Құрманбайұлы оларды жинақтап, пайдалы деген мына талаптарды сипаттаған: «1)
терминнің бірмағыналығы, 2) термин мағынасының дәлдігі, 3) терминнің қысқалығы немесе
ықшамдылығы, 4) терминнің тілдегі сөзжасам заңдылықтарына сәйкес келуі, 5) терминнің
туынды сөз жасауға қолайлы болуы, 6) терминде эмоционалдылық пен экспрессиялықтың
болмауы, 7) эстетикалық талапқа сай келуі» [6, 9-12].
Терминге қойылатын талаптар 3 топқа бөлінді, олар:
1)
мағынаға қатысты талаптар;
2)
сыртқы тұлғасына қатысты талаптар;
3)
қолданысына қатысты талаптар.
Терминге қойылатын талаптар
- қазіргі заманғы термин жауап беруге тиісті негізгі
шарттар.
Тіл мамандары мен терминтанушылардың басым көпшілігінің еңбектерінде атап
көрсетіліп жүрген терминге қойылатын негізгі талаптар мыналар:
Достарыңызбен бөлісу: