ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: бесінші Эпонимдер қазіргі уақытта адамдар қоғамдық кездесулер, тұрмыстық деңгейдегі
коммуникацияда да қолданылады. Адамдар тіптен олардың эпоним екендігіне назар
аудармаса керек. Өйткені көптеген шығарылған өнім, саяхатқа барғандағы қала атаулары,
техникалық жабдықтардың және атғы басқалары эпонимдермен тікелей байланысты.
Өйткені барлығы бір топ адамдардың еңбегі, ой ұшқырларының жемісі.
Эпоним дегеніміз жалқы есімдерің жалқы есімге айналуы. Бастапқыда бұл жалқы
есімдер белгілі бір ортада ғана белігілі боп, қолданысқа ие болса, кейін әлемге таралып,
жалпыхалықтық сипатқа ие болады. Эпонимдердің өзекті мәселелеріне байланысты
көптеген ғалымдар лингвистер және де өзге де ғылым салаларының өкілдері өздерінің
жұмыстарын арнаған. Олардың қатарына А. Азимов, М.Г. Блау, В.Н. Губина, С.Д. Шелова
С.Б. Королева, В.М. Лейчика және тағы басқа ғалымдарды жатқызуымызға болады [1, 1].
Эпонимы (грек. есім беруші), антикалық дәуірде (Афина, Посейдон), осы есімдерден
қала, тайпа, жергілікті жерлердердің аттары шыққан. Атап айтсақ, эллин тайпалары, Эгей
теңізі. Осыған байланысты эпонимдер өздерінің индивидуальді, жеке есімнен жалпы, кең
таралған есімдерге айналады. Яғни мұндағы эпонимдердің өзіне есім алған құдайлардың не
тұлғалардың қасиетін бойы сіңіріп, сол тұлғалардың бейнесі, рухы іспеттес көрініс алады
[1, 2].Негізінен эпоним мағынасы антик дәуірінен басталған жалқы есімдер бір мағынаны,
ал 18-19 ғасырдан кейін эпонимдердің семантикасы басқа, яғни мағынасы өзгеріп, басқа
мағына береді. Оларды интонация арқылы ажыратуға болады. «Эпонъм» 19 ғасырға дейін
осылай оқылып, екпін екінші сөзге түсіп тұр. Бұл жерде зерттеу объектісі субъект болды,
яғни халықтың сиынатын құдайы не қадірлеп, қастерлейтін заттарын жатқызамыз. Оған
мысал ретінде:
а) Афина (ежелгі грек құдайы);
ә) Секвойя (үндіс көсемінің есімінің құрметіне); б) Посейдон (су құдайы);
в) Нарцисс (Кефис құдайдын баласы, өте сұлу құдай); г) Вулкан (ежелгі гректің от құдайы);
д) Июнь (ежелгі рим құдайы Юнонаның құрметіне);
Эпонимдерің қазіргі уақытта бірнеше мәселелері бар. Оларға тоқталатын болсақ:
Эпонимдерді белгілі адамға не тұлғаға жатқызу қиындығы. Мысалға алатын болсақ,
компьютерлерге орнатылатын антивирус бағдарламасын ойлап тапқан программист
Касперски. Олар мысалға бірнешеу, бірнеше Касперски атымен аталатын программистер
бар. Халық олардың аттарын атағанда көп жағдайда ойланбайды, тіптен өмірде бір-ақ
Касперски деген программист бар деп ойлайды. Оған өзімнің досымнан сұрағанда дәл
осындай жауап естіп, куә болдым. Сонымен қатар кейде белгілі бір жаңалықты не ұғымды
бірнеше адам ашады да, негізгі тұлғаның есімі беріліп, қосалқы үлес қосқан адамдар
көлеңкеде қалады. кейбір жағдайларда оған эпоним берілмейді. Өйткені олардың бүкіл