Әдебиеттер тізімі: 1, 27-45 бет Пысықтау сұрақтары:
1. Жаратылыс тарихын оқыту әдістемесі римдік қай ғұламаның атақты
еңбегінде айтылған?
В. Ф. Зуев оқытудың қандай әдістемелік проблемаларын шешті?
А. Любен өзінің әдістемесінде оқуда қандай мәселелерге көңіл аударуды
ұсынады?
4. Ф. Бэконның ғылыми танымының әдіснамасындағы негізгі ой- пікірлері
қандай?
5. А. Я. Гердтің әдістемесінің негізгі қағидалары қандай?
3 такырып Биологияны оқыту әдістемесінің мақсаттары мен міндеттері Мақсаттар:
- биология оқыту әдістемесі курсының негізгі мақсаттары мен оқыту процесінің негізгі принциптеріне және курстың көпдеңгейлі проектілеуге назар аудары. таныстыру
- орта және жоғары мектептерінде оқытудың тарихи қалыптасқан әртүрлі түрлері мен типтерін үйрену
Жоспар:
1 Биологияны оқьту әдістемесінің мақсаттары мен міндеттері
2 Биологияны оқыту әдістемесінің оқыту процесінің негізгі принциптері
1 Биологиялық білім - өсіп келе жатқан ұрпаққа тіршілікті, өмірді аса үлкен, зор құндылық деп түсінуді қалыптастырады. Биологияны оқу -биосфераны қорғау адамзаттың тіршілік етуі ғана емес, бүкіл тіршіліктің (оның ішінде адам да бар) сақталуы және дамуы үшін аса қажет жағдай екенін сезінуге әсерін тигізеді.
Биология ғылымының дамуындағы негізгі көкейкесті қоғам мен табиғат арақатынасындағы проблемалар. Ол- тіршілікті баға жетпес құнды байлық деп түсінетін экологиялық және эволюциялық тұрғыда ойлау стилі қалыптасқан адам тәрбиелеу. Сондықтан осы жағдайға адамның белсенді рөлін рухани деңгейге шығару, мәдениет әлеміне көтеру арқылы жету керек.
2 Биология пәнінің басты міндеттерінің бірі оқушыларға материалистік көзқарас, дұрыс мәнді ғылыми дүниетаным қалыптастыру. Өйткені пәннің мазмұны тіршіліктің пайда болуы, дамуы және мәні заңдары негізінде берік моральды, өмірдің мәні мен мақсатын дұрыс түсінетін, әртүрлі зиянды
қылықтар мен әрекеттерге төзе алмайтын ұрпак тәрбиелеу. Тек биология курсы пәндерін оқыту арқылы ғана, дұрыс ұйымдастырылған нақты мақсатты сабақтар өткізу, сабақ әдістерін жетілдіру нәтижесінде адамның табиғаттағы рөлін ашып көрсетіп, экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттырып, өз өмірлеріне салауаттылықпен қарауды жолға қоюға болады.
Биологиялық білім берудің мақсатын, тіршілік турасындағы осы білімнің құрылымын және жекелеген пәндерге жіктелуін (ботаника, зоология т.б.), ғылыми білімге тұтастық пен жүйеліліктің не беретінін біліп алмай оны (биологиялық білімді) жетілдіру жолдарын іздестіру мүмкін емес. Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастыру үшін теорияның, әдіснаманың, әлем бейнесінің байланыс жолдарын, олардың өзара әрекеттесуі формалары мен тәсілдерін білу маңызды.
Әдіснамалық негізсіз биологияны оқу пәні ретінде дербестегі мәселесін шешу мүмкін емес, және басқа білім салаларымен оның кіріктірілуі мен реттелуінің мақсатқа сәйкестілігі мен мүмкіндігі төмен.
Әдебиеттср тізімі: 1, 10-12 бет
Пысықтау сұрақтары:
1.Оқыту әдістемесінің философиямен, психологиямен және дидактикамен байланысын түсіндіріңіз.
2. Ғылым ретінде биологияны оқыту әдістемесі зерттеудің қандай әдістерін пайдаланады?
3.Биология ғылымы мен мектеп биология пәнінің арасындағы айырмашылықтың негізін қалай түсіндіруге болады?
4. Оқыту әдістемесі қандай сұрақтарға жауап береді?
Достарыңызбен бөлісу: |