Дәріс тезистері 1 тақырып Биологияны оқыту әдістемесі ғылым және пән Мақсаттар


тақырып Мектепте биологиялық білім берудің ғылыми тұжырымдамасы



бет4/7
Дата11.03.2023
өлшемі45,02 Kb.
#171859
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Биология оқу әдістері Экзамен

4 тақырып Мектепте биологиялық білім берудің ғылыми тұжырымдамасы

Мақсаттар:
- орта мектепте биологиялық білім мазмұнының негіздерімен таныстыру
- 12 жылдық мектебінде биологияның оқыту мақсаттарын және биологиялық
білімінің компоненттерін зерттеу

Жоспар:
  1. Биология мәдениет жүйесінде


  2. Биология және әлемнің ғылыми бейнесі


1 Биологиялық білім берудің құрылымы мен мазмұны әдіснамалық мақсат әсерінен, биология ғылымының құрылымынан және оның негізгі мен қолданбалық байланысын түсінуден, оқушылардың қызығушылығы мен элеуметтік тапсырыс әсерінен құралады. Әлеуметтік тапсырыс - ғылым мен мәдениет әлемінде, мемлекеттік және қоғамдык өмірдің әртүрлі салаларында, дене және ой еңбегіне қабілетті, білімді, саналы адамдар тәрбиелеу.


Осы уақытқа дейін қалыптасқан биологиялық білім беру негізінен дайын, білім игеру мен қолдануға бағытталған. Осындай тұрғыда болған білім беру тек
■ ■ .

Пысықтау сұрақтары:
  1. «Ғылым мәдениет жүйесінде» нобайын жүзеге асыруда биология пәнінің рөлі


    қандай?
  2. Өркениетті бейнелеуге бағытталған биологиялық білім берудің,


    тоқырауына қандай мысалдар келтіре аласың?
  3. Биологиялық білім беруді мәдениетке қайта бағыттаудағы басты ұстаным


    қандай болуы тиіс?



5тақырып Орта мектепте биология пәніндегі басты ұғымдар Мақсаттар;
- биологияның ғылыми түсініктері жүйесімен, олардың рөлімен және дамуының негізгі кезеңдерімен таныстыру


Жоспар:
  1. Теориялық және эмпирикалық ұғымдар


  2. Ұғымдарды дамыту теориясы


  3. Ұғымдарды дамыту әдістемесі


1 Ұғым – заттардың жалпы елеулі белгілері, нақты әлемнің құбылыстар көрінетін адамның ойлауының формасы. Ұғымдарды игеру, есте сақтау мен ойлаудың әртүрлі операцияларын қосады. Адам үғымдармен ойлайды. Олар адамға дүниені тануда көмектеседі. Ұғымдармен іс қылу оқушылардың ақыл есінің, дамуын ынталандырады, оларды ойлауға үйретеді, ізденісте болуға басқа жағдаятта жаңа ұғымдарды ашуда жігерлендіреді. Сондықтан дамытушы және тәрбиелей отырып оқыту жүйесінде ұғымдарды қалыптастыру мәселесі басты мәселелердің бірі.


Ұғым - білімнің жинақталған (негізделген, қорытылған) түрі және сонымен қатар биологияны меңгеру үрдісінде оқушылардың ойлау формасы.
Жекелеген деректерді, сыртқы белгілерді және қасиеттерді жазып алу оларды қорыту және жіктеу эмпирикалық ұғымдарға әкеледі, оның жай түсініктен айырмашылығы шамалы. Бұл деректі жазып алатын білім, ол тек құбылыстардың сипаттауын ғана береді, олардың мәнін ашпайды. Таным тарихында бұл білімдер мен практика бірте-бірте теориялық ұғым (білім) құрылатын қор болды.
Мектептегі биологиялық білім беруде әдетте барлық білім эмпирикалық ұғым қатарына шығарылады.
Ұғымды игеру дегеніміз- білмеуден білімге өтумен аяқталатынғылыми танымдық үрдіс. Бұл үрдіс бірқатар кезеңдерден өтеді. Танымның философиялық теориясы осы үрдістің әдіснамалық негізі ретінде білінеді, және оны былай сипаттайды: пайымдаудан абстрактылық ойлауға, одан практакаға міне, нақты шындықты тану жолы осындай.
Биологиялық теориялық ұғымдар. Биология пән ретінде логикалық ретпен дамитын және өзара байланыста болатын ұғымдар жүйесі болып есептеледі. Теориялық үғымдарды қалыптастыру кезеңдері мынадай: алғашқы тұтастық

абстракцияның құрылуы («жасушаның») - оның байланыстарын үзбей бақылау оларды абстрактылық анықтамаларда көрсету — анықтамалар синтезі. Ұғым, сөйтіп теория сияқты болады. Сондықтан оның дамуы теориялардың алмасуы барысында жүзеге асады, өйткені оның мәнін (ұғымның) теория ашады. Мысалы, ген ұғымы әуелі абстракция (тұқым қуалау бірлігі) сияқты калыптасады, сонан соң хромосомалық теория деңгейінде нақтыланып содан әрі гендік деңгейге дейін дамиды.


Ұғымдарды дамыту дегеніміз - шын мәнінде білімді бірте-бірте толықтыру мәселесін береді, олай болса оқытудың қандай да бір кезеңінде оқу пәніндегі ұғым мазмұнын кеңейтеді, тереңдетеді. Биологиялық ұғымдарды дамыту қарапайымнан күрделіге карай немесе нақтыдан талданып қорытылғанға абстрактлыққа карай жүруі мүмкін.
Ұғымды дамыту - оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің жалпы үрдісінің негізгі қозғаушы күші. Ұғымның пайда болуы оқушылардың ойлануының дамуына негізделеді. Биология оқу пәні ретінде, логикалық ретпен дамып отыратын және өзара байланыста болатын ұғымдар жүйесі болып табылады.
Бұл ұғымдар қарапайым және күрделі, арнайы және жалпыбиологиялық болуы мүмкін.
Жалпыбиологиялыққа биологиялық заңдылықтар жөніндегі үғымдар: ағзалардың жасушалық құрылысы, мүшелердің формасы мен функциясының байланысы, ағзалардағы зат және энергия айналымы, өзін-өзі реттеуі, өзін-өзі тудыруы (екі еселенуі), көбею, органикалық дүниенің дамуы т.б.
Оқыту міндеттері - ұғымдарды жоспарды тудыру мен оны дамыту болып есептеледі. Ұғымдардың көпшілік бөлігінің дамуы бағдарлама мазмұнына, тақырыптардың логикалық тізбектестігіне байланысты сиякты. Мысалы, жасуша құрылысы өсімдіктер, жануарлар, адам және жалпыбиологиялық тақырыптарда оқылады. Дегенмен осы өткен жылдарда анықталғандай осы ұғымның дамытылып жылжуында біраз ақтаңдақтар бар.
Мұғалім ұғымды жетілдірудің барлық жолдарын, оның бір-біріне араласуы, қосылуы жағдайларын білуі керек. Жалпыбиологиялық басты ұғымдарды ажыратып, олардың тақырыптан тақырыпқа, курстан курсқа қарай жылжуын (күрделенуін) бақылап отырған дұрыс.
Мысалы, жасуша туралы ұғым, алтыншы сыныптың оқу курсының барлық тақырыптары арқылы өтеді. Жасуша жөніндегі тақырыптарда оқушылар жапырақтың қарапайым құрылысымен танысып, жекелеген ұлпалар жөнінде мағлұматтар алады. «Жемістер» және «Тұқым» тақырыптарында олардың түрлерімен, құрылыстарымен танысып қарапайым түсініктер алады. «Тамыр» тақырыбында құрылысы мен суды сору қызметі жөнінде мағлұмат алады, «Жапырақ» тақырыбында оның ішкі және сыртқы құрылысы жөнінде түсініктермен қаруланады.
Осы сыныпта берілетін зат алмасу «Фотосинтез», «Жапырақтың суда буландыруы» және «Өсімдіктердің тыныс алуы» деген тақырыптар күрделі де маңызды зат алмасу үғымы жөнінде мағлұмат береді, бұл тіршілігі әрекеттерімен және тіршілік жағдайларымен байланысты болғандықтан ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Осы жердегі ұстаздың міндеті ұғымдарды
дамытуда жалпы есімдіктерде қандай үрдістер жүретіндігі және оларды байланысының қандай жағдайларын түсіндіру.
Нәтижесінде оқушылар осы үрдістер мен тіршілік жағдайлар арасындағы байланысты жасай алулары керек.
Үғымның дамуына себін тигізетін: оқу материалын баяндау (беру логикасы; қорытындылауды талап ететін мәселелерді қою; анықтау, салыстыру, жіктеу сияқты қабілеттерді жаттықтыру; ескі білімді жаңамен байланыстыратын қайталау жүйесі, шығармашылық сипаттағы тапсырмалар сұрақтар беру. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет