Дәріс тезистері 1 тақырып Биологияны оқыту әдістемесі ғылым және пән



бет2/14
Дата14.10.2023
өлшемі394 Kb.
#185378
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
biologiynj okjtu adistemesi dly el biblioteki
Русский язык и литература (Я2), Answer Key for Book Exercises, osh sor himija 9-klass kaz (1), Күнделік Шаги добра (2) (1)
2 тақырып Биологияны оқыту әдістерінің даму тарихына кысқаша шолу
Мақсаттар:

  • биология оқыту методикасының қалыптасуы және қыскаша тарихымен таныстыру

  • қазіргі заманның ғалым-әдіскерлердің биология оқыту методикасының даму
    және жетілдіруіне қосқан үлестерін анықтау

Жоспар:

  1. Биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы

  2. Мектеп жаратылыстануы және оның әдістемесінің бастауы

  3. Биологияны окыту әдістемесінің Қазақстандағы даму жайы

1 Биологияны оқыту әдістемесінің қалыптасуы сыртқы қоршаған орта
жағдайын игерумен байланысты жаратылыс тарихы ғылымынан басталады. Табиғатты бақылау және практикалық білімдер, одан соң ботаника мен зоологияның дамуы - ғасырлар бойы жинақталған деректер нәтижесі болды.
Әдістеменің алғашқы элементтері тірі табиғатты оқып үйрену мақсаттарының мәнін түсіну үшін оқу практикасында, пәннің мазмұнын және оны оқу тәсілдерін таңдап алуда туды.
XVI-XVII ғасырларда негізге византиялық авторлардың шығармалары алынды. Көбінесе оларды аударулар мен қолдан-қолга бірнеше қайта көшірулер кезіндегі құнды материалдардың ғылымилығының толық , жойылуына себеп болды.
Жалпы алғанда мектептік білім беру, оның ішінде биологиялық білім беру Ф. Бэкон (1561-1621) негізін жасаған ғылыми танымының әдіснамасы әсерінен болды.
Жаратылыс тарихын оқыту әдістемесі римдік Үлкен Гай Плини Секунданың атақты еңбегінде айтылған. Онда нысандар тобына байланысты —-облыстарға бөлінеді. «Жаратылыс денелері» - минералдар (минералогия), өсімдіктер (ботаника) және жануарлар (зоология).
Жаратылыстану пән ретінде Рссейде алғаш рет XVIII ғасырдың соңында мектептерге енгізіле бастады. Жаратылыстану оқулығын алғаш құрастыруға Василий Федорович Зуев шақырылды.
Осы оқулығында В.Ф. Зуев жаратылыстану пәндерінің оқылу ретін мынадай тұрғыда анықтаған:
- қазбадағы патшалық (өлі табиғат);
- текке күнелтетін патшалық (ботаника); (Зуевтің кезеңінде өсімдіктер кыста
«үсіп кететіндер» деп аталған).
- жануарлар патшалығы (зоология).
Алғаш рет ғылым мен мектептің оқу пәнінің айырмашылығы берілді және қарапайым оқу нысандарына әдістемелік таңдау жасалды.
XIX ғасырдың басында жаратылыс тарихы жөніндегі оқулықтарда тараулардың реті зерттеу құрылымдарын берді; «жаратылыс денесінің» жеке бөліктерге бөлшектенуі (анатомия), олардың санының сипатталуы, орналасу орындары мен сәйкестіктері (морфология).
Жаратылыс тарихының оқытылуында: дидактикалық революция жасаған А. Любен (1804-73) болды. Ол жаратылыс тарихын оқу мақсатын түжырымдады, яғни органикалық дүние жүйесін оқушылардың өздерінің ашуы. Сонымен коса Я.А. Коменский пікірі негізінде әдістемелік ұсыныстар құрастырды.
Ч.Дарвиннің (1809-1882) еңбектері жаратылыстың ғылыми танымы әдіснамасына түбегейлі өзгерістер әкелді. Дарвинизмнің әсерінен жаңа пәндер -экология мен генетика пайда болды, морфология. физиология және систематика эволюциялық мазмұндалды. XIX ғасырдың соңында цитология пайда болды, оның нысаны жасуша теориясымен «жасап шығарылды».
Жаратылыстанудың алғашқы әдістемесін 1840-шы жылдары Германияда мұғалім Август Любен жазды (1804 - 1873). А. Любен де тамаша чех педагогы Я. А. Коменский сияқты (1592 - 1670), жаратылыстануды оқу қарапайымнан күрделіге қарай, белгіліден белгісізге қарай, нақтылыдан жалпылыға карай,
яғни индуктивтік жолмен жүзеге асырылуы керек деп есептеді.
Любеннің пікірі бойынша ботаникада барлық мүмкіндіктер бар, олар: сезімді, әсіресе көзді өткірлендіруге, дұрыс ойлауды жаттықтыруда, табиғаттағы әсемдікке және жалпы әсемдікке деген сезімнің оянуына, «зерттеушілікке деген құлшынысының оянуы, және осыдан туындайтын өзбетілік құтқарушылық және өздігінен істеушілік».
А.Я. Герд (184Ы888) XIX ғасыр соңындағы жаратылыстанудың ірі әдістемешісі болып есептеледі, еңбектері жаратылыстанудың ғылыми әдістемесіне бастама салды. Александр Яковлевич Герд окыту мазмұны қазіргі ғылыми деңгейге сәйкес болып ғылыми дүниетаным тәрбиелеуі тиіс деп есептеді. А. Я. Герд мектептің оқу жоспарында пәндердің мынадай ретпен бөлінуін ұсынады:
1. Бейорганикалық әлем;

  1. Өсімдіктер әлемі;

  2. Жануарлар әлемі;

  3. Адам;

  4. Жердің тарихы.

Сонымен XIX ғасырдың соңына қарай А.Я. Гердтің және тағы басқа ғалымдардың жұмыстарының нәтижесінде педагогикада ерекше ғылыми сала -жаратылыстануды оқыту әдістемесі айқын көріне бастады.
1853 жылы ботаникадан, зоологиядан және минерологиядан оқулықтар шығарылды.
Зоологиядан оқулықты Юлиан Иванович Симашко (1821 - 1893) жазды, онда жануарлардың ұсақ суреттерімен қоса берілген 400 тұкымдас және 2000-нан астам жануарлар түрлері сипатталды. Жануарлар систиматикасынан көп номенклатура келтірілгендіктен балалардың түсінуіне, оқуына аса қиын болып, оларды қызықтырмады.
XIX ғасырдың 60-шы жылдары Ресейде жаратылыстануды окыту біраз жақсарды. Ч. Дарвиннің пікірін алғашқылардың бірі болып насихаттаған - ғалым-ботаник, Петербор университетінің профессоры Андрей Николаевич Бекетов (1825-1902) және оның оқушысы Климент Аркадьевич Тимирязев (1843-1920) болды, олар жалпы ғылымды насихаттаушылар болып табылады.
2 А. Н. Бекетов эдістеменің ең маңызды проблемаларын атаған:

А.Н. Бекетовтың айтқандарының көпшілігі немістің жаратылыстанушы -педагогы, еңбектері Германияда XIX ғасырдың 30-40 жылдары жарық көрген Август Любеннің пікірлеріне сәйкес келеді (1804-1873). А.Н. Бекетовтың және басқа да ғалымдардың ықпалымен А Любеннің әдістемесі және оқулықтары алпысыншы жылдары Ресей мектептерінде кеңінен таралып жаратылыстануды оқыту әдістемесінде жаңа бағыт дамытып, Б.Е. Райков оны «любендік бағыт» деп атады.
1907 жылы Ресейде В.В. Половцовтың «Жаратылыстануды оқытудың жалпы әдістемесі» деген жаратылыстануды оқыту әдістемесінің алғашқы
кітабы жарық көрді, онда автор әдістемеден тұтас білім жүйесін жазған.
Валериан Викторович Половцов өзінің әдістемесінде алғаш рет жаратылыстануды оқыту теориясына қатысты бірнеше ұрпак бойы жинақталған ғалымдар мен мұғалімдердің бай тәжірибесін топтап жинады, біраз әдістемелік ережелерді негіздеді және дамытты. Ол алғаш рет жаратылыстанушы - әдістемешілердің -зерттеу бағыттарын анықтайтын бірнеше мәселелерді көрсетті: ғылыми пән менірнеше мэанушы - э нсгіздеді жэ оқу пәнінің арасындағы айырмашылық жөнінде мектептегі оқытуда біртұтастық жөніндегі пікір, оқу пәніндегі болжамның рөлі жөнінде, зволюциялық теорияны оқып үйрену жөнінде, жұмыс мәселесіне қатысты сауаттылық, мұғалімді дайындау жүйесі жөніндс жаратылыстануды оқытатын мұғалім қандай болуы керектігі жөнінде және тағы басқа. Ғалым - ботаник ретінде В. В. Половцов табиғат құбылыстарын түсіндіруде материалистік ұстаным кажеттігін белсенді түрде жақтады.
XX ғасырдың алғашқы жартысында биологияны оқыту әдістемесіне көптеген ғалым-биологгар мен әдістемешілер елеулі үлестерін қосты. Олардың ішінде: В.А. Герд (1870-1926). И.И. Полянский (1872-1930), Д.Л. Судовский (1873-1942), Г.Н. Боч (1871-1942), К. П. Ягодовский (1877-1943), В.Ю. Ульянинский (1876-1945), М.Я. Цузмер (1884-1946), С.А. Павлович (1884-1866), А.А. Яхонтов (1879-1973), М.М. Беляев (1880-1955), В.Ф. Натали (1890-1965), Б.Е. Райков (1880-1966), П.И. Боровицкий (1896-1966), В.Ф. Шалаев (1890 - 1969), И. В. Козырь (1905 - 1973), О. В. Казакова (1909 - 1975), Н. М. Верзилин (1903-1984), Н.А. Рыков (1908-1984), В.М. Корсунская (1900-1991).
3 Біздің мемлекетіміз ұзак жылдар бойы Кеңес Одағының құрамында болғандықтан мектептер оқыту үрдісін біркелкі жоспарлар мен бағдарламалар бойынша жүргізді.
Қазақстанда тұжырымдаманы жасаған КСРО ПҒА ОМӘ ҒЗИ Қазақ бөлімшесінің (қазіргі Ы. Алтынсарин атындағы білім академиясы) ғылыми бас маманы, Республикамыздың ірі ғалым-әдістемешілерінің бірі Мағиза Шаймарданова болды.
М. Шаймарданованың жалпы білім беру саласындағы көпжылдық тәжірибесі, биологиялық білім беруді жетілдіруде басымды бағыт - ұлттык, этномәдени және баска ерекшеліктерді ескере отырып, биологиялық білімді халқымыздың өміріне барынша қабыстыру мақсатында оның мазмұны мен құрылымын аймақтың накты жағдайына келтіру болу керек екенін атап қөрсетуге мүмкіндік берді.
Көпжылдық әдістемелік жұмыс тәжірибесі негізінде 1984 жылы ол; зоология оқулығына суретті терминологиялық сөздік жасап шығарды, бұл еңбек бұрынғы СССР-дің ірі ғалым-әдістемешісі Р. Маш тарапынан, және Алматы облысы мұғалімдер білімін жетілдіру институты мамандары жоғары баға алды.
Биология пәні бойынша орта білім мемлекеттік стандарты (Алматы: РИК) 1998 ж. К. Жүнісова, Қ. Жүмағұлова т. б. ғалымдардың қатысуымен жасалды.
Соңғы жылдары Республикамызда мектеп оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруде оқушылардың оқу - танымдық әрекеттерін белсендіру, проблемалық оқыту,
оны ұйымдастыру, әдіс-тәсілдер тиімділігін арттыру мақсатында елеулі зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Осы бағыттағы жұмыстарға мына ғалымдардың еңбектерін жатқызуға болады: И.Н. Нұғыманов, Ж.А. Қараев. М.Ж. Жадрина, Қ. Аймағанбетова, Р.Әлімқүлова, А.К. Абылқасымова.Т. С. Сабыров, Г. Н. Алимухамбетова, 3. Ибрагимова, Ғ.М. Құсайынов, А. Тамаев, Қ. Қайым, А.Е. Дайрабаева және басқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет