Дәріс тезистері 1 тақырып Биологияны оқыту әдістемесі ғылым және пән



бет5/14
Дата14.10.2023
өлшемі394 Kb.
#185378
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
biologiynj okjtu adistemesi dly el biblioteki

Пысықтау сұрақтары:

  1. Ұғым дегеніміз не және оқытудың рөлі қандай?

  2. Теориялық ұғымдардың эмпирикалық ұғымдардан айырмашылығы неде?

  3. Күрделі ұғымның қарапайым үғымнан қандай айырмашылығы бар?

  4. Ұғымдарды дамыту дегеніміз не?

  5. Биологиялық ұғымдарды дамытуда ұстаздан қандай қабілеттер талап етіледі?



6 тақырып Оқушыларға тәрбие берудегі биология пәнінің басты
бағыттары
Мақсаттар:
- тәрбиелеп оқытудың жүйесімен оның мәні, маңызы, түрлерімен таныстыру,
- биология оқытуында тәрбиенің әртүрлі элементтерінің жүзеге асу үшін пәннің
спецификалық мүмкіншіліктерін пайдалануға үйрету,
Жоспар:
1 Мектептегі биология курсы жәнс тәрбие
2 Дүниетанымды қалыптастырудағы тәрбие
3 Адамгершілік тәрбиесі, эстетикалық тәрбие және биоэтика
4 Экологиялық және патриоттық тәрбие
5 Дене тәрбиесі. Гигиена және салауаттылық
1 Тәрбие дегеніміз - жан-дүниенің байлығы, рухани байлық, ал тәрбиелеу -мақсатты бағытталған жан-дүниені байыту үрдісі (педагогикалық үрдіс). Адамды қоршаған дүние – табиғат әлемі, мәдениет әлемі оның жан дүниесінің байлығы, осы «байлықты аяқ асты ету» көпшілік пенденің қолынан келетін «өнер», ал оны бар болмысымен сезіну, онымен қауышу - жоғары дәрежедегі өнер, рухани құндылық деп ойлаймыз.
Тәрбиенің мақсаты - әртүрлі арнайы тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды, тәрбиеші күткен өзгерістерге жету. Ал тәрбиенің нәтижесі - әлемге, қоғамға жәнс өз-өзіне деген қатынастар жүйесіндегі адамның тұлғалық өзгерістері.
Орта мектептердегі биологиялық білім берудің маңызды міндеттерінің бірі оқушыларды өмірге дайындау, еңбекке, кәсіп (мамандық) таңдауға дайындау.
Еңбек тәрбиесінің проблемаларын әдіснамалық - тұғырнамалы негізде
шешкен орынды. Осы негізде еңбектің абиотикалық және биотикалық тұғырнамасы маңызды.
Биотикалык еңбек биологиялық үрдістерді ұдайы өндіруді қамтамасыз етеді, біздің планетамызда тіршіліктің пайда болып және нығаюына әсерін тигізеді.
Абиотикалык еңбектің негізінде адамды табиғатқа қарсы қою, оны бағындыру, еңбек сферасына тартылатын биологиялық жүйелер ерекшеліктерін (спецификасын) ескермеу жатыр. Осы еңбек сферасында (аясында) табиғат адамға қарсы әсер етеді. Бұл жағдайға қазіргі таңдағы жер-жерлерде күтпеген табиғат апаттарының болып жатқандығы айқын дәлел бола алады.
Биологияны оқытудағы аса маңызды міндет- ғылыми дүниетанымды қалыптастыру. Дүниетаным - әлемге және адамға деген жалпы көзқарастардың, адам мен әлем (дүние) қарым-қатынасына деген жалпы көзқарастардың жүйесі.
2 Дүниетаным жеке тұлғаның өмірлік бағдарламасын, арман-мұраттары
мен сенімдерін, мүдделері мен құндылықтарын анықтайды. Айналып келгенде
ол (дүниетаным) адамдардың жүріс-тұрыс бағытын қамтамыз етеді. А. Швей, «Дүниетанымсыз өмір - жоғарғы сезімді бағыт-бағдардың пагологиялі әлем бейнесін береді.
Дүниетану пәнін оқығаннан бастап балалар табиғат құбылыстарының өзара байланысын олардың пайда болу және даму себептерін түсініп биологияны оқыған кезден бастап табиғатта болып жатқан өзгерістердің дамудың себептерін бірте-бірте ұғына бастайды, табиғат заңдарың меңгеру арқылы өсімдіктер мен жан-жануарлар ағзаларының дамуындағы эволюциялық заңдылықтарды түсініп, табиғатта адамның өзі кейіннен пайда болғанын, оны да табиғаттың перзенті екендігін түйсіне бастайды.
Дүниетанымның теориялық ядросы – философия. Философиялық білімнің
жүйесі төрт топтық (төрт топқа жататын ) проблемалардан тұрады. «философиялық квадрат» - болмыс жөніндегі ілім; таным жөніндегі ілім; практика жөніндегі ілім; құндылықтар жөніндегі ілім.) Дүниетанымның негізі ретінде философияның барлық қырлары (жайлары), салалары бір-бірімен тығыз байланыста және бір-біріне кірігіп жатады.
3 Адамгершілік - ол адмның қадірлілік жағын және құқын сыйлау, тұлғаны;
сөзсіз құндылығын сыйлау, сонымен қатар адамдардың игілігі жөнінде сияқты
саналы көзқарастар жиынтығы, тұлға ретінде әр адамның мәнін тереңдігін көрсетеді. Адамгершілік ұғымы адамға деген құндылық жинакталған барлық түрін береді. Сонымен қатар қазіргі кезде, адамгершілік жөніндегі дәстүрлі ұғым табиғи құрамдаспен кеңейтілуде. Сондықтан «адамгершілік» сөзі тек «адам- адам» қарым- қатынасында ғана емес, «адам табиғат» қарым-қатынасында да қолданылады.
Өсіп келе жатқан жас жеткіншектерде адамгершілік көзқарастар дамыту өзінің ішкі дүниесін сезіну, сонымен қатар адам құндылығындағы оның әлеуметтік және биологиялық табиғатының бірлігін сезіну маңызды болып табылады. Бұл тұлғаның мәдениетіне және руханилылығына тікелей қатысты. Материалистік тұрғыдағыға қарағанда руханилық - ерекше, материалдық және, қоғамдық -тарихи практикасының жоғарғы жетістігі.
Қазіргі кезде руханилық түсінігі адамгершілік сияқты табиғи-әлеуметтік
қатынастармен тығыз байланыста қарастырылады.
4 Экологиялық тәрбие коғам мен табиғат ара катынасындағы қарама
қайшылықтың асқынуы экологиялық проблемалардың әлеуметті
экономикалық, жаратылыстану- ғылымилылық, техникалық, медициналық
құқықтық және адамгершілік салаларын қамтитын комплекстік экологияның
дамуына себін тигізді.
- Педагогикалық теория мен мектеп практикасының оқушылары экологиялық білім және тәрбие беру мәселесіне байланысты жаңа бағыт пайда болды. Оның мақсаты - оқушылар санасынан табиғатты түгел тұтынушылық мақсатта карауды ығыстырып, саналы қарауға тәрбиелеу, табиғи ортаны сақтау қажеттілігіне, шығармашылық жасампаздық кажеіттілігіне көздерін жеткізу.
Экологиялық білімнің кешенді сипаты білім жүйесіндегі оның орнын және, мақсатын айқындайды, мсктептегі оқыту мен тәрбиелеудің барлық салалары мен қырларын қозғайды. Экологиялық білім беру мен тәрбиенің мазмұны барлық пән арқылы жүзеге асырылады және табиғаттың біртұтастығы мен дамуы, табиғат пен қоғам тарихының өзара байланысы; еңбек үрдісі кезінде табиғаттың өзгеруі; ортаның адам денсаулығына әсері; табиғат жеке тұлғаны өнегелік-әсемдік дамуының қозғаушысы; «табиғат - қоғам - адам» жүйесін әсер етуді ұтымды ету сияқты ғылыми ой-пікірлер жүйесіне негізделеді.
Экологиялық білім беру мен тәрбиелеу міндеттерін шешуде мына сияқты
түпкі негіздерге сүйену қажет: табиғи ортаны оқып үйрену мен оны жақсарту мақсатындағы оқыту үрдісі кезінде таным мен практикалық әрекеттердің бірлігін қамтамасыз ету; табиғат, адам және қоғамның өзара әрекеттесуі жөніндегі ғылыми білімдердің кіріктірілуі қажет; жергілікті және ауқымды экологиялық жағының қосымша, толықтыру тұрғыда екендігіне.
5 Биологияны оқытуда теорияның практикамен байланысының бір бағыты -
салауатты өмір салтын калыптастыру, ол әрбір жеке индивидтің өзінің
ағзасының қалыпты өмір сүруін қолдауды үйрететін мәдениеттің сол құрам бөлігін меңгеруі.
Салауатты өмір салты - ол оқушының және мәдениетінің, гигиеналық сауаттылығының және адамгершілігінің, имандылық пен руханилылығының, тіпті жыныс тәрбиесінің дұрыс жолға қойылуына бастайтын барлық тәрбие салаларының тоғысқан бірден-бір маңызды құрам бөлігі.
Әрбір оқушының денінің саулығы - оның дұрыс білім алып, үлгілі тәрбиелі болуының кепілі. Жеке тұлғаның білім игерудегі белсенділігі, шығармашылық әлеуеті оның денсаулығы мен қоршаған орта жағдайына (биосфера денсаулығына) тікелей байланысты екенін ғалымдар зерттеп дәлелдеген. Бұл статистиктердің адам денсаулығының, өлімінің (аз жасаудың) табиғаттағы деградациямен байланысты деген керсеткіштерімен сәйкес келеді. Олай болса денсаулық төмендеген жағдайда адамның білім игеру қабілеті, белсенділігі төмендейді.
Әртүрлі дене және психикалық кемшіліктері бар адамдар саны кобейетін болса, мемлекетіміз өркениетті дамуда әлем көшіне ілесе алмай қалуы мүмкін.
Себебі еліміз алдыңғы қатарлы мемлекеттер деңгейінде тек қана дені сау қабілеттілігі жоғары адамдар көптеп болса ғана көріне алады. Өйткені дені сау ұрпақ - білімді, тәрбиелі, ал тәрбиелі, білімді адам - интеллекті жоғары қоғамымыздың қайраткері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет