Дәріс тезистері 1 тақырып Биологияны оқыту әдістемесі ғылым және пән



бет6/14
Дата14.10.2023
өлшемі394 Kb.
#185378
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
biologiynj okjtu adistemesi dly el biblioteki

Әдебиеттер тізімі: 1, 93-120 бет
Пысықтау сұрақтар:

  1. Биологиялық білімнің бала тәрбиесіндегі маңызы кандай?

  2. Биологияны оқыту үрдісіне тәрбиелеу жүйесінің қандай элементтері көрініс
    табады?

  3. Биологияны оқытуда тәрбиені жүзеге асырудың шарттары қандай?

  4. Биологияны оқытуда барлық тәрбие элементьерінің бір-бірімен тығыз
    байланыстылығын немен түсіндіресің?

  5. Әдіснамалық тұғырнамалық негізде еңбек тәрбиесінің абиотикалық және
    биотикалық жақтарын қалай түсіндіруге болады?

7 тақырып Биологияны оқытудағы әдістер Мақсаттар:
-биологияны оқытудың әдістері жүйесімсн олардың негізгі белгілері және
классификация топтауы мен таныстыру
-биологияны мультимедиялық әдістері туралы ұғым беру
Жоспар:

  1. Жекелеген оқьпу әдістері, оларға сипаттама

  2. Оқыту әдістерінің жүйеленуі

  3. Биологияны оқытудағы мультимедиялық әдістер

1 Дидактикалық бірлік (категория) ретінде оқыту әдістері көптеген белгілерімен анықталатын күрделі құбылыс.
Әдіс (грек тілінен- бағыт, таным тәсілі, зерттеу)- нысанды игеруге бағытталған практикалық және теориялық әрекеттер жолы.
Оқыту әдістері - биологияны оқыту әдістемесінде маңызды да күрделі проблемалардың бірі. Биологияны оқыту әдістерінің дамуына биология ғылымының және практиканың, әдіснаманың даму бағыттары мен ой-пікірлері, биология әдістемесінің және дидактиканың жетістіктері әсер етеді.
Оқыту әдісі - бұл оқу-тәрбие үрдісінің мақсаттарына жетуге бастайтын ұстаз бен оқушының, ретпен ұйымдастырылған әрекеттестігі. Ал осы максаттар білім беру мазмұнында іске асса онда білім мазмұнын меңгерудің белгілі бір деңгейіне жеткізеді. Келтірілген анықтамада әрекеттестік жөнінде тегін айтылмаған, өйткені оқыту әр уакытта оқушы мен мүғалімнің бірлескен әрекетін меңзейді, сондықтан да әдістің өзіндік белгілері бар.
Біріншіден, оқыту әдісі мазмұнның бір құрам бөлігін игеруді және мазмұнын оқу материалында нақты іске асуын ұйғарады.
Екіншіден, ол мазмұн құрам бөлігіне байланысты қандай да бір игеру тәсілін (жолын) ұйымдастырады.
Үшіншіден, ұстаз бен оқушы әрекетінің сипаты қажет. Мынадай мысал келтіруге болады.
Жаңа білімді игеру, жаңа ақпаратты қабылдау, оны түйсіну, содан сол түйсінгенді еске сақтау. Олай болса ең алғашкы әдіс те - қабылдату әдісі, ол әр уақытта түсіндіруден, көрсетуден басталғаны дұрыс. Міне, осы әдіс - түсіндірмелі-көрнекілік (безендірілмелі) деп аталады.
Түсіндірмелі - көрнекілік әдіс, бұл - дайын ақпаратты хабарлау, яғни
плакаттар көрсету, сызбанұсқалар, слайдтар, тәжірибелер көрсету, жазылған
құстар дауыстарын тыңдату. Мұғалім оқушыларға гүлді өсімдікті немесе
қоңызды мүшелерін, бөлшектерін анықтап қарау үшін беруі мүмкін, лекция
(дәріс) оқуы мүмкін т.б, Осының бәрі сол бір әдіс - өйткені барлық осы
жағдайда да мұғалім дайын ақпаратты әртүрлі формада, әртүрлі жолмен береді.
Осы кездерде оқушылар дайынды қабылдайды, оны бұрынғы белгілілерімен
қатынастырады, ұғынады, ссте сақтайды да сұраған кезде естігендерін
қайталайды, білетінді, танысты еске түсіреді. Түсіндірмелі - көрнекілік әдістің
педагогикалық мәні де міне, осында.
Оқытудың қазіргі талаптарында түсіндірмелі - көрнекілік әдістен білімді құрылымдауға көңіл қою талап етіледі: ұстаз оқушыларда оқылатын тақырып элементтерін олардың әуелі жақын байланыстарында, сонан соң қашығырақ байланыстыратында жете түсінуді қалыптастырады.
Білімді қолдану тәсілдерін, жолдарын игеру үшін - нұсқаушы -ойға түсіруші (қайта жаңғыртушы) әдісті пайдалану қажет.
Нұсқаушы - ойға түсіруші әдіс. Бұл әдісті былай сипаттауға болады, мұғалім оқушыға оқу материалын қайталау жөнінде тапсырма береді (білім немесе әрекет), яғни, істелетін немесе орындалатын жұмыска нұсқау береді, ал оқушылар ойға түсіреді, яғни оларға жүктелген істі еске түсіреді, қайта жаңғыртады.
Осы нұсқаушы - ойға түсіруші әдіс оқулықтағы сұрақтарға жауап беру, әңгімелеп айтып беру, тәжірибені қайталау сияқты жаттығулармен жүзеге асырылуы- мүмкін. Көбінесс оқулық мәтінін айтып беру басым болады.
Қарастырылған әдістер окушыларды білім, білік, дағдымен (Б.Б.Д)
қанықтырады, бірақ оқушыларға жеткілікті, олардың шамасына сәйкес
дәрежедегі шығармашылық әрекеттер тәжірибелерін меңгеруге мүмкіндік
бермейді. Осы мақсатқа жету үшін эвристикалық (демеу- іздеушілік)
зерттеушілік және проблемалық баяндау әдістерін қолдану қажет.
Демеу- іздеушілік әдіс немесе эвристикалық әдіс. Бұл әдісте ұста проблемалық жағдаят тудырады, эвристикалық әдістің мәні сол, онда мұғалім өзінің кішкене демеуімен, көмегімен іздеу аясын қысқартады немесе проблемалылығын сақтай отырып тапсырманы ұсақ тапсырмаларға бөлшектеп (бұл кезде де проблемалық жағдай тудырылады), соңғы нәтижеге оқушының кадамдай, жылжуын, жақындауын жеңілдетеді. Соңғы нәтижеге жетуді ұсына отырып (болжам айту не оны тексеру жолдарын ұсынып) ұстаз оқушыны ішнара шешім табуға кірістіреді.
Зерттеушілік әдістің мәні- ұстаз өзі зерттеушілік тұрғыда тапсырма құралы
немесе біреудің құрастырған зерттеушілік тапсырмасын алып пайдаланады, ал оқушы оны шешу жолдарын іздестіреді. Осы шешімді іздестіру үрдісі кезінде бала еріксіз шығармашылық әрекет қырларын танытады, яғни: дербестік, ойдың икемділігі, ойлаудың дәстүрлі еместігі, болжамдар кұру, көптеген жауап жолдарын, варианттарын табу, білімді тасымалдау т.б.
Зерттеушілік нағыз шығармашылық сипатта жүретін әдіс. Оның
шығармашылық тұрғыда болуының негізгі себебі балаларда білімді игеру
әрекет түрлермен жүзеге асырылып, оны әрқилы жағдайларда қолдана білуінде.
Проблемалық оқыту -дамытушы оқытудың бір түрі. Проблемалық
тапсырмалар әртүрлі деңгейдегі қиындықта болуы мүмкін. Оны шешу
барысында оқушылар жаңа білім игереді, ал оның нәтижесінде шығармашылық
қабілеттер, жемісті ойлану, елестету, қияз танымдық мотивация қалыптасады.
Әрбір тапсырманың өзінің іздеу аясы бар. Проблемалық оқытудың
сызбанұсқасын былай көрсетуге болады: ұстаз жағдаятқа байланысты,
белгісізді іздеуге талпындыратын бағытталған проблемалық тапсырманы
қояды; болжам құру және оны тексеру негізінде қойылған проблеманы сезіну,
шешу, нақты тапсырмаларды шешу үшін білімді қолдану. Осындай
сызбанұсқа біз қарастырып өткен түсіндірмелі-көрнекілік және қайта
жаңғыртушы әдістерден негізді айырмашылығы бар екенін көрсетеді.
Проблемалық жағдаятты анықтап, ұстаз оны шешу жолының логикасын ашады, қарама -қайшылықтарды және оның туындау кездерін көрсетеді, сонан соң проблеманы шешудегі әрбір қадамды дәлелдейді.
2 Оқыту әдістері үш топқа бөлінеді: ауызша (білім көзі біреу сөз), көрнекілік (білім кезі екеу - сөз және көрнекілік) және практикалық (білім көзі үшеу - сөз, оқу нысаны және пәнді практикалық тексеру).
Ауызша әдістер тобына әңгіме, пікірлесу, түсіндіру, дәріс оқу жатады. Бұл жерде мұғалімнің әрекеті сөз жүзінде көрінеді, ал оқушылардың әрекеті тыңдау, ұғыну және ауызша немесе жазбаша жауаптар беру.
Әңгіме әдісі биологияны оқытуда жиі қолданылатын ауызша әдістің түрі. Пікірлесу пікір алмасу тұрғысында болатын сұрақ- жауап түрінде оқу материалын талдау, оған мүғалім мен оқушы қатысады. Пікірлесудің мақсатты бағытталғандығы мәнін ашу үшін алынатын нақты сұрақпен анықталады, оған оқушылар білімдері пайдаланылады. Пікірлесу белгілі бір қорытындымен тұжырыммен аяқталады.
Пікірлесуді оқу материалын қайталау үшін, сабақ соңында білімді бекіту үшін, жаңа сабақтың басында оқушыларды жаңа мәліметтерді қабылдауға ыңғайлау үшін қолданады. Сабақ барысында ұстаз пікірлесуге қосатын сұрақтарын күрделендіруі қажет. Сұрақтарға сәйкес жауаптар да дамып күрделене түседі. Сөйтіп, оқушылар бірте-бірте күрделі логикалық міндеттерді шеше бастайды, бұл олардың ой-өрістерінің дамуына қажетті жағдай.
Түсіндіру биология сабактарында және танымжорык кездерінде жиі
қолданылады. Ол оқу материалын деректер мен дәлелдемелер негізінде нақты,
логикалық баяндап қорытындылар жасаумен сипатталады.Түсіндіру ойлап
саралаумен жүреді. Практикалық, сабақтар жөнінде қысқа, анық нүсқау беру де
түсіндіру болып табылады.
Мектеп дәрісі - ол оқу материалы мазмұнын 20-25 мин. ауызша баяндау. Мазмұнына қарай және оқушылардың дайындығына байланысты дәріс әңгіме немесе пікірлесумен араластырыла алады.
Көрнекі әдістер тобына тәжірибелер мен көрнекі құралдар көрсету, заттар мен құбылыстарды табиғи түрінде немесе көрнекі, сурет түрінде (сурет, сызбанұсқа, нақпішін, нобай) көрсету жатады. Мұғалім сөзбенен оқылатын нысанды бақылау, карауды ұйымдастырады, ал оқушы, бакылап отырып оны ұғынады, корытындылар жасайды және осы жолмен білім игереді.
Практикалық әдістер тобына биологияда оқылатын нысанмен немесе
окулықпен орьшдалатын жұмыс түрлері жатады. Оларды сабактардағы
зертханалық жұмыстар кезінде немесе практикалық сабақтарда,
таным жорықтарда, тірі табиғат мүйісінде, мектептің оқу-тәжірибе алаңында
пайдаланады.
3 Биологияны окытудың мультимедиалық әдістері қазіргі таңда тек сыныпта ғана колданылады, себебі, комппьютерлер және мультимедиялық құралдар бөлмеде, бір орында ғана тұруы тиіс.
Мультимедиа ақпараттар ортасының, каналдарының көптігі.
Компьютердің және мультимедиалық бағдарламаның көмегімен жасалған жағдайлар окушыға автоматтық жүйемен жұмыс барысында виртуальды оқыту ортасын (яғни, тек өзара әрекеттестік үрдісі кезінде ғана болатын) нобайлауға мүмкіндік береді. Ол үшін мультимедиалық құралдармен жабдықталған компьютерлер қолданылады.
Биологияны оқытудың мультимедиалық әдістерінің ерекшеліктері. Мультимедиалық оқыту әдістері бір мезгілде ауызша белгілермен (мұғалім айтады, оқушылар тыңдайды), керсетумен (оқушылар бақылайды, мұғалім көрсетеді) және практикалық (оқушылар әрекет етеді, мұғалім жетекшілік етеді, нұсқау жасайды) әдістермен жүзеге асырылатындықтан оларды кешенді деп атауға болады, бірақ осы әдістерді жеке топқа бөліп және қалыптасқан әдістер жүйесін қайта кұрудың керегі жок. Білім көзінің басым сипатына қарай (ақпарат көзіне) кешенді (мультимедиалық) аталған әдістер ауызша немесе көрнекі, немесе практикалық әдістер тобына кіре алады.
Әйткенмен мультимедиалық (кешендік) оқыту әдістерінің негізгі ерекшеліктері - олар ақпараттар беретін барлық каналдарды өзінде тоғыстырған.
Биологияны оқытуда осы кешенді әдістердің ішінен мультимедиалық дәрісті (лекция) және биологиядан зертханалық сабақты жүргізуге мүмкіндік тудыратын, тіпті табиғатқа виртуальды таным жорыққа шығатын мультимедиалық практикалық сабақты айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет