Дәріс тезистері ап та № Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі 1 Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет. Орхон-Енисей ескерткіштері. Жоспары


Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн«Құтадғу білік» дастаны



бет5/15
Дата24.12.2023
өлшемі129,56 Kb.
#198978
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Дәріс тезистері ап та № Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемÑ
ҚМЖ.Рамазанова Айымгүл, Последный вариант Жоспар (1), Жоба (4) (3), Жоба (4) (3), Титулка (2), Дәріс 9-10. Тоқырау жылдарындағы Қазақстан (1965-1985 жж.) (2)
Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн«Құтадғу білік» дастаны.
Жоспары:
  1. Қайта өрлеу дәуірі.


  2. Қайта өрлеу дәуірінң көрнекті ақыны Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн.


«Құтағду білік» дастаны


Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет . Дүрбек. «Жүсіп-Зылиха» дастаны
Жоспары:
  1. Әдебиеттің Алтын Орда дәуіріндегі күйі.


  2. Дүрбек ақын.


  3. Дүрбектің «Жүсіп – Зылиха» дастаны.


Егемендік алған көне мәдени мұраларға ерекше назар аударылады. Қазақ даласы талай тарихи оқиғалар мен құбылыстардың алтын белгісі. Солардың ішінде бөле-жара атайтын әлемдік өркениет құбылыстары: Шу, талас бойындағы тіршілік кешкен Жүсіп Хас Хажыб Баласағұнның, Махмұд Қашқаридың құнды жәдігерлері.Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн-түркі халықтары тарихындағы Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті ақыны, есімі күллі Шығыс елдерінде мәшһүр болған данышпан-ойшыл, атақты ғалым, белгілі қоғам және мәдениет қайраткері.Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн өз өмірі мен ақындық қызметі жайындағы кейбір деректерді «Құтты білік» дастанының үш тарауында қысқаша әңгіме етеді. Міне, ақынның осы өзі жазған мәліметтерге қарағанда, Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн орта ғасырда Қарахан әулеті билік жүргізген мемлекеттік бір кездегі астанасы Баласағұн шаһарында туған. Сол кездегі түркі тілдес тайпалардың мәдени өмірінде Қашқар қаласы да зор рөл атқарғаны мәлім. Ақынның «Құтты білік» дастанынан Баласағұнда бастап, Қашқарда аяқтауы кездейсоқ жәйт емес. Бұл дастанға қара сөзбен жазылғаны кіріспеден ақын: «Бұл кітапты жазған кісі Баласағұнда туған... осы кітапта Қашқарда жазып бітіріп, шығыстың әміршісі Табғаш Қара Бограханға тарту еттім»,-дейді.Ақын Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн «Құтты білік» дастанын хижра есебі бойынша 462 жылы, яғни жаңаша жыл санау есебі бойынша 1070 жылы жазып бітірген. Бұл жөнінде автордың өзі дастанда екі рет ескертеді. Бұл көлемді дастанды он сегіз айда жазып бітіргенін автор шығарманың мәтіндерінде өзі жазғаны белгілі. Ақынның өзі туралы айта келіп: Елуге де кеп қалдық. Бір кездерде қара қарға едік, аққуға аппақ айналдық дейді.


Тест:
1. Хас Хажып атағын иеленген атақты ғалым

А. Әл Фараби


В. Махмұт Қашқари
С. Жүсіп Баласағұн
D. Ахмет Йассауи
Е. Лұқман Хакім
2. «Құтты білік» дастанының бүгінгі күнге дейін сақталып жеткен неше нұсқасы бар
А. Бір
В. Екі
С. Төрт
D. Үш
Е. Бес
Дешті Қыпшақтағы /XIII-XY ғғ./ тарихи әлеуметтік жағдай. Монғол шапқыншылығының зардаптары. Отырар ойраны / 1220 ж./. Сығанақ, Жент, Үзкент, Баршынлыкент, т.б. білім мен мәдениет орталықтарының жер бетінен жойылып кету.Қыпшақ елінде мәдениет мен экономиканың құлдырауы. Басқыншыларға қарсы жергілікті халықтың күресі.
Дешті Қыпшақ, Орта Азия және Еуропа жерлерін XIII ғасырдың орта кезінде монғолдардың жаулап алуы.Алтын Орда / Жошы ұлысы/ мемлекетінің құрылуы.Алтын Орда мемлекетіне қарасты халықтың басым көпшілігі түркі текті ру-тайпалар, әсіресе қыпшақтар, оғыздар болғандығы.Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет түркі тайпалары мен халықтарының бәріне бірдей түсінікті әдеби тіл – шағатай тілінде жасалғандығы.Шағатай тілінің солтүстік диалектісі, яғни қыпшақ-оғыз диалектісінің негізгі тіл болғандығы. Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілдері: Рабғузи, Әли, Сараи, Хорезми, Сайдахмед, Қатиб, Құтб, Дүрбек, Сақақи, т.б.Алтын Орда мемлекетінің Батыс Еуропа, Мысыр, Кіші Азия, Үндістан, Қытай елдерімен мәдени, экономикалық байланыста болғандығы. Бұл елдер әдебиеті мен мәдениетінің ықпал-әсері.Алтын Орда дәуірі әдебиетінің бізге жеткен үлгілері: Насыраддин Рабғузидің «Қисса-сул әнбиясы», Хорезмидің «Мұхаббат-намесе», Құтбтың «Хұсрау-Шырыны», Дүрбектің «Жүсіп -Зылихасы», Сайф Сараидың «Түркі тіліндегі Гүлстаны», тарихи тақырыпқа жазылған көркем шығарма. Дүрбек – XIY ғасырдың соңы мен XY ғасырдың басында өмір сүрген ақын.Жүсіп пен Зылиха арасындағы махаббат сезімін арқау еткен қисса-хикаяттардың кезінде Шығыс әдебиетінде кең тараған.
Дүрбектің Жүсіп пен Зылиха туралы тартымды сюжетттерді бетке ұстай отырып, өзінің төл туындысын жазған. «Жүсіп-Зылиха» дастанының идеясы – ел билеушілер арасында тәж бен тақ, байлық пен мансап үшін болатын қанды соғыстарды, адамдар арасындағы алауыздық зардаптарын паш ету. Дүрбектің «Жүсіп-Зылиха» сюжетіне тұңғыш рет түркі /шағатай/ тілінде көркем туынды жазған ақын. «Жүсіп-Зылиха» дастанының басты қаһармандары: Жүсіп, оның он бір бауыры, Зылиха, Жүсіптіің әкесі Жақып, Мағриб елінің патшасы Таймус, Мысыр патшасы Райян, т.б.«Жүсіп-Зылиха» дастанының зерттелуі /Е.Э. Бертельс, С.Хайдаров, В. Валихожаев, т.б./. Дүрбектің «Жүсіп-Зылиха» дастаны негізінде назирагөйлік дәстүрі бойынша қазақтың бірқатар «кітаби ақындарының» қисса-хикаяттарын жазған.
Сұрақтар:
  1. Дүрбектің «Жүсіп-Зылиха» дастанындағы Жүсіп пен Зылиха бейнесі.


Дүрбектің «Жүсіп-Зылиха» дастанының негізгі идеясы


1

7

Тарихи шежіре және көркемдік дәстүр





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет