графикалық деп аталады. Графикалық фототриангуляцияда пландық координа- талар ғана анықталады және оның дәлдігі томен, сол себепті картографиялық өндірісте қолданылуы шектеулі. Көбінесе план жэне картаны түзету кезінде кейбір нүктелердің орнын анықтауда қолданылады.
Пландық-биіктіктік толықтыру кеңістіктік триангуляция көм- егімен анықталады. Ол ұқсас, аналитикалық немесе үқсас аналити- калық варианттармен орындалады. Бірінші вариантта фототриангу- ляцияны жүргізу үшін аналогті стереофотограмметриялық аспаптар қолданылады. Екінші вариантта суреттегі керекті нүктелердің координаталары стереокомпаратордың көмегімен өлшенеді, алсурет координатасынан геодезиялыққа ауыстыру ЭЕМ көмегімен жүргізіледі. Үшінші вариантта тікелей фототриангуляциялық құры- лымды бір-екі стереожұпта аналогті стереоқұралдың көмегімен, ал алынған моделді қосу аналитикалық тэсілмен жүргізіледі.