Фотопланга және трансформациялыц планшетке негіз дайындау.Фотопланға негіз дайындау үшін алюминийге немесе пластик- ке жабыстырған тығыз ақ қағаз алынады. Осындай негізге координаттық тор тұрғызады, содан соң фототрансформациялық нүктелерді координаталары бойынша түсіреді. Егер трансформир- леу кезінде суреттердің орталық нүктелері пайдаланылатын болса, онда олардың орынын негізде графикалық тәсілмен анықтайды. Сондай-ақ, негізге координаталары бойынша трапеция бұрыштар- ын түсіреді. Трансформирлеу үшін қатты кағазға трансформаци- ялық және орталық нүктелер түсірілген фототрансформациялық планшет (сурет) дайындайды.