Дәріс Трансформир тәсілдері. Тегіс жердің фотопланын дайындау. Трансформирленген сурет дәлдігіне тигізетін жер бедерінің әсері



бет8/11
Дата04.01.2022
өлшемі322,5 Kb.
#109279
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
дәріс 7. Фотограмметрия

Трансформир тәсілдері.
  • Тегіс жердің фотопланын дайындау. Трансформирленген сурет дәлдігіне тигізетін жер бедерінің әсері.
  • Аралас түсіру әдісі»
    • Трансформирлеу келесі түрлерге бөлінеді: оптикалық-графикалық, графикалық, аналитикалық, фотомеханикалық және дифференциалдық.
    • Оптикалық-графикалық трансформирлеу фотоүлкейткіш тип- тес шағын проекторлармен жүргізеді. Трансформирленген көріністі қаламмен айналдыра сызады.
    • Графикалық трансфармирлеу кезінде өзара кескіндеу торлары арқылы қарап отырып түсіреді. Бүндай тәсілдер аз қолданылады. Көбінесе план мен карталарды жөндеуде қолданады.
    • Аналитикалық трансформирлеу сурет пен жер бетіндегі нүктелердің арасындағы аналитикальщ байланыс формулаларына негізделген. Трансформирлеу ЭЕМ-ның көмегімен немесе арнайы бағдарламалар арқылы компьютер көмегімен сурет координатасын жер бетіндегі координаталарға ауыстыру арқылы жүргізеді. Анали- тикалық трансформирлеу кезінде:
    • - трансформирленген суреттің сандық моделін;
    • - координатограф немесе графоқұрылымдарды ЭЕМ-ге қосу арқылы графикалық түрде;
    • -фотобасу аспабтары көмегімен фотокөрініс түрінде алуға болады.
    • Фотомеханикалық трансформирлеу фототрансформаторлар- дың көмегімен орындалады және фотоплан алу мақсатында тегіс және қырат жерлердің аэрофотосуреттерін трансформирлеуде қол- данылады. Қазіргі уақытта аэрогеодезиялық өндірісте бұл тәсіл кеңінен қолданылып келеді.
    • Дифференциалдық тәсіл (ортофототрансформирлеу) арнайы ортофототрансформаторларды қолдануға негізделген. Аэрофотосу- реттер шағын участкелермен трансформирленеді. Трансформирленген көріністен ортофотосурет алады жэне одан ортофотоплан қүрастырады. Аэрофотосуреттерді көлбеу жазықтықта да трансфор- мирлеуге болады. Іс жүзінде суреттер горизонталь жазықтықта трансформирленгенмен бірдей болады.
    • Күрделі жер бедерін жай фототрансформирлегеннен көрі ортофототрансформирлеген өте тиімді, сол себепті соңғы кезде ортофототрансформирлеу тәсілі кеңінен қолданылып келеді және бұл тәсіл бедерлі жер беті фотопланын кез келген дэлдікпен дайын- дауға мүмкіндік береді.
    • Ортофототрансформирлеудің мэні - пландық аэроғарыштық суреттердегі көрініс элементтерін ортофотосуретке масштабтап келтіру. Элементтердің көлемі былай анықталады: жер бедерінің салдарынан қалдық бүрмалаушылық 0,02-0,05 мм аспауы керек делік, ол үшін фотокөріністі диафрагма арқылы экранға түсіреді (диафрагма формасы эр құралда әр түрлі болады, мысалы, төрт- бүрыш немесе параллелограмм). Фотокөрініс жер бетіндегі нүкте биіктігіне байланысты бірдей масштабқа үздіксіз кескіндеу биіктігін өзгерте отырып жүргізеді.
    • Фототрансформирлеу фототрансформаторлардың көмегімен орын- далады. Оның негізгі конструктивтік элементтері: трансформирлеу суретінің жазықтығы Р, негізгі объектив жазықтығы R және экран жазықтығы Е, сондай-ақ жарық беру аспабы болады. Фототранс- форматорларда перспективалық өзгертуден басқа масштабтық өзгерту де орындалады. Көрініс экранға түсірілгенсін оның ашықтығын бүкіл кадр бойында сақтау мәселесі пайда болады. Ол үшін екі оптикалық шартты орындау керек.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет