Дәріс№1 Тақырыбы: Кіріспе. Анализатор туралы түсінік Жоспар



бет2/2
Дата17.02.2020
өлшемі0,5 Mb.
#58272
түріАнализ
1   2
Байланысты:
Патология дәріс


Дальтонизм. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның әйгілі табиғат зерттеушісі Джон Дальтон өзі азап шеккен көздің түстерді айыра алмау кемшілігін толық сипаттап жазды. Ол қызыл түсті жасыл түстен ажырата алмаған, ал күңгірт – қызыл түс оған сұр немесе қара болып көрінген. Көру мүшесінің дальтонизм деп аталатын мұндай кемістігі ер адамдар арасында шамамен 8% болса, әйелдер арасында өте сирек кездеседі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ана арқылы, басқаша айтқанда, атадан немереге ана арқылы тұқым қуалай беріледі. Түс түйсігі бұзылуының басқа да түрлері болады, бірақ олар өте сирек ұшырасады. Дальтонизммен азап шегушілер өзінің мұндай кемістігін ұзақ жылдар бойы байқамауы мүмкін. Адам ол туралы кейде қызыл және жасыл түстерді айқын ажырату талап етілетін, мысалы темір жол көлігінде машинист болып жұмысқа орналасу үшін көзді тексеруден өткенде ғана біледі.

Дальтонизммен азап шегетін бала бір доптың қызыл түсті екенін, ал одан үлкендеу келесі доптың жасыл түсті екенін есте сақтауы мүмкін. Ал, оған түстерінде ғана айырмашылығы бар бірдей екі қызыл және жасыл допты берсе, бала олардың түсін ажырата алмайды. Мұндай бала жидек тергенде, сурет сабақтарында түрлі – түсті суреттер бойынша түсті кубиктерді таңдауда оларды шатастырады. Мұны көрген айналадағы адамдар, оның ішінде тәрбиешілер де баланы ынтасыздығы немесе әдейі істейтін тентектігі үшін кінәлап, оған ескерту жасайды, жазалайды, істеген жұмысына қойылатын бағаны кемітеді. Мұндай қисынсыз жаза баланың жүйке жүйесіне әсер етіп, оның бұдан былайғы дамуы мен мінез – құлқын да өзгертуі мүмкін. Сондықтан бала белгілі бір түсті шатастыратын немесе ұзақ уақыт бойы ұға алмайтын жағдайларда бұл көру мүшесінің туа пайда болған кемістігінің нәтижесі емес пе екен деген пікірді анықтау үшін оны маман дәрігерге көрсету керек.



Қылилық. Көз алмасының үйлесімді қозғалысының бұзылуы, сондай –ақ бір немесе екі көздің оптикалық жүйесінде кездесетін кемістіктер тұрақты қылилыққа әкеп соғуы мүмкін. Алғашында ол қажу кезінде ғана немесе белгілі бір затқа шұқшия қарағанда ғана байқалады да, кейінірек күшейіп, тұрақты сипат алады. Қыли көздің көру өткірлігі күрт кеміп, заттардың арасындағы қашықтықты, олардың өлшемі мен көлемін дұрыс анықтау мүмкіндігі нашарлайды.

Балалар арасындағы қылилық көбінесе олар 2 – 3 жасқа келгенде пайда болады, ал кейде белгілі бір ауыр науқастан немесе шошудан кейін байқала бастайды. Қылилықты дер кезінде анықтап, баланы дәрігерге көрсетудің өте зор маңызы бар, өйткені оны бастапқы сатысында емдеу жақсы нәтиже береді. Қылилықтың салдарынан көру мүшесіне түсетін бар ауыртпалық көбінесе бір көзге ауысады да, екінші көз қызмет атқаруын біртіндеп жояды және семіп қалады. Қылилық анықталғанда тіпті 1 – 2 жастағы балаға да көзілдірік кигізіледі. Берілген көзілдірікті балалар жуынар және ұйықтар кезде ғана көзден алып, басқа уақытта үнемі киіп жүруі тиіс.

Кеңістіктік көрудің дамуы. Соқыр болып туған адамның есейген кезде жасалған операциядан кейін көзі көретін болған жағдайлар мәлім. Мұндай адам заттарды бірден болмаса да айтарлықтай тез қабылдай алады. Ал, оған кеңістікті бағдарлау әлдеқайда қиын: көру арқылы ол заттың шамасын немесе пішінін, оның кеңістіктегі орнын, заттың төмен, жоғары, оңға немесе солға, жақын немесе алыс орналасқанын анықтай алмайды. Көру түйсіктерін жақсы таныс сипап сезу және қозғалыс түйсіктерімен салыстыру арқылы ғана ол көру мүшесін пайдалануға біртіндеп үйренеді.

Дәріс №5

Тақырыбы: Көру мүшесінің тексеру тәсілдері.

Жоспар:


  1. Көздің көру қабілетін тексеру.

  2. Әртүрлі жарық түстерін ажырата білу қабілетінтексеру.

Бала өмірінің алғашқы айларында – ақ әр түрлі анализаторлардан – көру, тері, қозғалыс, есту анализаторларынан келетін бір мезгілдегі ақпараттар үлкен ми сыңарлары қыртысында кеңістікте бағдарлай білуге мүмкіндік беретін көптеген шартты байланыстардың түзілу көзі болады. Қолын қимылдату арқылы бала алғашқыда алдында ілулі түрған ойыншыққа кездейсоқ жанасады. Бұл кезде үлкен ми сыңарлары қыртысына қолдың бұлшық еттерінен оның кеңістіктегі қалпы туралы, мойын бұлшық еттерінен – бастың қалпы туралы, көз алмасының бұлшық еттерінен – көру осінің бағыты туралы, тор қабық рецепторларынан – затқа жанасу туралы хабар келеді. Мұндай ақпараттың әлденеше рет қайталануынан кейін үлкен ми сыңарлары қыртысында тиісті шартты байланыстар түзіледі, осының нәтижесінде бала ойыншыққа тигізетіндей етіп қолын қозғалта алады. Алғашқы ойыншықтың қатарында ілулі тұрған екінші ойыншық қолдың қалпы және көру осінің біршама өзгерген ақпарат көзі болады, сондықтан да ойыншыққа тигізу үшін қажет болатын қолдың қозғалысы да өзгерген болып көрінеді.

Баланың есеюіне қарай көру ақпараты барған сайын күрделеніп, жіктеле түседі. Бала затты сипап көріп, оны қолында айналдырады, қысып ұстайды. Аяғы шыға бастаған кезде бала затқа қарай жүреді, оны лақтырып, қайтадан жүреді, сөйтіп кеңістікпен танысуы кеңейе түседі. Осылайша көптеген жаңа байланыстардың түзілуі нәтижесінде бала көру мүшесінің жәрдемімен қоршаған ортаны танып білу мүмкіндігіне ие болады.

Осымен бір мезгілде заттың қашықтау дәрежесін анықтау және оның бөліктерінің көзден әр түрлі қашықтықта болуынан түйсіну қабілеті дамиды. Затқа дейінгі қашықтық жайында көз бұлшық еттері хабар береді. Зат алыс түұғанда екі көздің көру осьтері, яғни көру аясындағы қарайтын нүктені сары дақтың орталық шұңқырымен қосатын сызықтары параллель өтеді. Зат жақындаған сайын оң көз солға қарай, ал сол көз оңға қарай бұрылады. Зат көзге неғұрлым жақын болса, көру осьтері арасындағы бұрыш соғұрлым үлкен болады. Егер бір зат көзден 20 – 30 см қашықтықта, ал екіншісі біріншісінің артқы жағында, көзден 2 – 3 м болса, онда қосарлану деген қызық құбылысты бақылауға болады. Адам екі көзімен бірдей жақын затқа қарағанда оның қашықтағысы қосарланып көрінеді; ал көзқарасты қашықтағы затқа аударғанда жақындағы зат қосарланады. Назар аудармайтын нүктенің бейнесі тор қабықтың ұқсас емес нүктелеріне түсетіндігіне байланысты. Жақын орналасқан нүктеге кез салғанда қашықтағы заттың бейнесі оң көзде орталық шұңқырдың сол жағында, ал сол көзде – оның оң жағында болып шығады. Қолмен бірде оң, бірде сол көзді жабу арқылы бұған көз жеткізу қиын емес: мұнда жабық көз жағындағы нүкте жойылып кетеді.

Алыстағы нүктеге қараған кезде кері көрініс байқалады: жақындағы нүктенің бейнесі оң көзде орталық шұңқырдың оң жағында, ал сол көзде сол жағында болады. Егер бір көзді жабатын болсақ, жабық көзге қарама – қарсы жақтағы нүкте жойылып кетеді.

Адамның көзқарасы бағытталған нүктеден жақын немесе одан қашық орналасқан нүктелердің қосарлануы көруге кедергі жасап қана қоймастан, сондай – ақ белгілі бір дәрежеде нүктеден көзге дейінгі қашықтықты анықтауды жеңілдетеді, ең бастысы, заттың көзден әр түрлі қашықтықта орналасқандығын ажырата білуге мүмкіндік береді. Көз қарашығы арасындағы қашықтық шамамен 60 мм екендігі мәлім. Демек, бинокулярлық көруде, әсіресе зат жайпақ емес және жақын болғанда адам оны екі тұрғыдан, яғни әр түрлі көреді. Мысалы, алдымызда жабық тұрған кітапты бір көз оның тек түбін көретіндей етіп ұстасақ, екінші көз кітап түбімен қатар оның өте қисайған мұқабасын көреді. Көз аясының бұлайша ішінара сәйкес келмеуі жағдайында көрінетін заттың едәуір жақын немесе едәуір қашық учаскелерінен шығатын сәулелердің тор қабықтың ұқсас нүктелеріне түспеуіне байланысты қосарлану құбылысы пайда болуы тиіс еді. Адам бір бөлігі иілген, ал екінші бөлігі дөңес беттегі А нүктесіне қарап түр деп жорамалдайық.

Б нүктесінен шыңқан сеулелер – екі тор қабыққа орталық шұңқырдан солға қарай, В нүктесінен шыққан сәулелер – одан оңға қарай, ал Г нүктесінен шыққан сәулелер – бір көзге ғана түсетінін байқау қиын емес. Сөйтіп, бейнеленген сәулелер барынша қосарланудың орнына әзер байқалады, өйткені олар тор қабықтың ұқсас нүктелеріне – жақын нүктелерге түседі. Мұндай қосарлану көзден қашықтың шамалы ғана өзгерісінің артуы немесе кемуі ретінде қабылданады.

Бала өмірінің алғашқы жылында – ақ көптеген шартты байланыстар түзіледі, осының негізінде тор қабықтағы зат бейнесінің жекелеген учаскелерінің сәйкессіздік дәрежесі фигураның көлемдік көрінісі туралы түсінік береді. 3 – 4 жастағы балалар заттардың көлемдік пішінін көре біледі және едәуір қашықтықта тұрып – ақ геометриялық фигуралардың атауын білмесе де, шеңберді шардан, квадратты кубиктен, үшбұрышты пирамидадан немесе конустан оңай ажыратады.

Көз алмасының өзіне тән ерекшелігі – олардың үздіксіз қозғалыста болуы. Адам тіпті, белгілі бір нүктеге қадала қарағанда да екі көздің көру осьтері бірде бір бағытқа, енді бірде екінші бағытқа қарай шамалы ауытқиды. Көз алмасы қозғалысының толығымен тоқтауы әрбір колбочканың жарық сәулелерінің үздіксіз, біркелкі әсеріне ұшырап, тітіркендіруге бейімделу салдарынан тез арада сезімталдығынан айрылуына әкеп тірейді. Көз алмасының шамалы бірақ үздіксіз қозғалысы кезінде әрбір жеке колбочкаға қарастырылатын заттың ашық нүктелерінен күңгірт нүктелеріне дейін өзгеріп отыратын нүктелерінен шығатын сәулелер әсер етеді. Бұл жағдайда тор қабық рецепторларының айқын көруге қажетті айтарлықтай жоғары сезімталдығы ұзақ уақыт бойы сақталуы мүмкін. Көздің мұндай өзіне тән ерекшелігі нәрестелерде жақсы байқалады, бірақ оларда оң және сол көздің қозғалысы нашар үйлестірілген болады.

Жарық түсіру. Жарық жеткілікті болғанда ағзаның бүкіл қызметі едәуір қарқынды жүріп, баланың көңіл-күйі жақсарады, белсенділігі мен жұмысқа қабілеті артады. Табиғи, күндізгі жарық ең жақсы жарық болып есептеледі. Жарық жақсы түсуі үшін ойын өтетін бөлменің терезесі әдетте оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа немесе оңтүстік-бастысқа қаратып салынады. Қарама-қарсы үйлер немесе биік ағаштар жарыққа кедергі болмауы тиіс.

Терезенің әйнектелген ауданы неғұрлым үлкен болса, бөлме соғұрлым жарық болады. Ашық күні терезеден ең қашық жердегі жарық дәрежесі 100 лк болатын аудан ең аз норма болып есептеледі. Осыдан келіп бөлменің ауданы неғұрлым үлкен болса, терезелердің жарық өткізетін беті соғұрлым үлкен болуы тиіс деген қорытынды шығады. Терезенің әйнектелген бетінен еденнің ауданына қатынасы жарық коэффициенті деп аталады. Ойын өтетін бөлме үшін қалаларда жарық коэффициентінің мөлшері 1:4 және 1:5 болып, ал құрылыстарды әдетте барлық жағынан ашық жерлерде салатын ауылдық жерлерде -1:5-ке - 1:6-ға болып қабылданған. Басқа үй-жайлар үшін жарық қоэффициенті кемінде 1:8 болуы тиіс.

Терезеден алыстаған сайын табиғи жарықтың мөлшері кеми береді. Жарық жеткілікті түсуі үшін үй-жайдың түпкі жағы еденнен терезенің жоғарғы шетіне дейінгі қашықтықтың екі еселенген шамасынан артпауы тиіс. Егер бөлменің түпкі жағына дейінгі қашықтық 6 метрге тең болса, терезенің жоғарғы шеті еденнен 3 м биік болуы тиіс.

Жарықтың 30% дейінгі мөлшерін сіңіре алатын гүлдер де, бөгде заттар да, терезе перделері де балалар шұғылданатын бөлмеге жарықтың өтуіне кедергі жасамауы тиіс. Ойын өтетін бөлмелерге ашық, жақсы жуылатын маталардан тігілген ені тар перделерді ғана ілуге болады, олар шығыршыққа бекітіліп, терезелердің шетіне орналастырылады және олар бөлмеге тікелей түсетін күн сәулесін тікелей шектеу қажет болғанда қолданылады. Балалар мекемелерінде күңгірт және бормен боялған терезе шыныларын пайдалануға болмайды. Әйнектердің тегіс, жоғары сапалы болуын қарастыруы қажет.

Балалар бөлмелеріне жарық жақсы түсуі үшін қабырғалар мен жиһазды жарықты барынша көп шағылыстыратын ашық түске бояйды. Қабырғаның жиі ластана беретін төменгі бөлігін еденнен 1-1,5 - 1,8 м ыстық судың, сабын мен дизенфекциялаушы ерітінділердің әсеріне төзімді ашық майлы бояулармен сырлайды. Қабырғаның қалған бөлігін желімді бояумен бояп, бөлменің төбесін ақтайды.Жасанды жарық түсіру үшін әдетте электр қуатын пайдаланады. Еденнен 2,8 – 3 м деңгейде екі қатар етіп ілінген әрқатарда 4 лампыдан, әрқайсысының қуаты 300 Вт 8 лампы ауданы 62 м 2 топ бөлмесіне жеткілікті жарық береді. Ауданы 70 м 2 ұйықтайтын бөлмеде әрқайсысының қуаты 150 Вт келетін 8 лампы болуы керек. Сонымен қатар ұйықтайтын бөлме мен оған жанасатын дәліздер көк түсті лампылардық жәрдемімен түнде қосымша жарық берілуі қажет. Лампылар олардың жарығын бәсеңдетіп, шашыраңқы жарық беретін арматураға орналастырылуы тиіс. Арматурамен шектелген тікелей жарық жұмыс қабілетін кемітіп, көзді өте қарықтырады, айқын көлеңке түсіреді. Мәселен, тікелей жарықта тұла бойдың көлеңкесі жұмыс орнына түсетін жарықты 50% , ал қолдың көлеңкесін тіптен 80% - ға кемітеді.

Жарықтың күндізгі жарық деп аталатын люминес-центтік көзінің әдеттегі электр жарығынан айтарлықтай артықшылығы бар. Люминесценттік лампылардың жарық нормасын едәуір арттыруға мүмкіндік беретін жарық қайтарымы мол болады. Олардың спектрі өзінің көрінетін бөлігінде табиғи жарықтың спектріне жақын болады; сонымен қатар олар айқын көлеңке түсірмейтін шашыраңқы жарық береді. Люминесценттік жарықта электр энергиясын тұтыну, сондай қарқындағы электр жарығындағы тұтынудан 3 есе дерлік кем болады.

Жарық көздері мен үй-жайларға тиісті күтім жүргізілмесе табиғи және жасанды жарықтан көздеген мақсатқа жетуге болмайды. Мәселен, бетіне мұз қатқан әйнек жарық сәулесінің 80 пайызға дейінгі мөлшерін сіңіреді, лас өтетін жарықтың мөлшерін 25 пайыздан артық кемітеді. Пайдалану барысына қарай электр лампыларының қуаты едәуір төмендейді. Сондықтан терезелер мен арматуралардың әйнектерін, сондай-ақ үй-жайдың өзін, оның қабырғалары мен төбесін үнемі күтіп ұстау қажет.

Дәріс №6

Тақырыбы: Есту анализаторының анатомиясы.

Жоспар:


  1. Есту анализаторының шеткі бөлімінің құрылысы.

  2. Сыртқы, орталық және ішкі құлақ.

Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін анализаторлар немесе анализаторлар дейді.

Организмде жеті түрлі анализаторлар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм және висцеральды (лат. висцералис – ішкі мүшелерге қатысты), яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе.

Барлық анализаторлар 3 бөлімнен тұрады : 1) сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды; 2) өткізгіш бөлім, сезгіш нерв деп те аталады; 3) орталық, немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары, сезім аймақтары деп те аталады.

Дыбыс анализаторының шеткі бөліміне – ішкі құлақта орналасқан Корти мүшесі, өткізгіш бөліміне –дыбыс нерві, қыртыс бөліміне – самай тұсында орналасқан дыбыс есту орталығы жатады. Дыбыс анализаторының ең шеткі бөлімі – құлақ үшке бөлінеді: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ болып.

Дыбыс нервтері сопақша мида бір-бірімен түйісіп, бағытын ауыстырады: оң жақ құлақ тан келген дыбыс жүйкесі сол жақ самайға, ал сол жақ құлақтан келген нерв қозуды оң жақ самайға өткізеді. Дыбыс анализаторының қыртыс бөлімі ми қыртысының самай тұсында жатқан сенсорлық (41 аймақ) және ассоциативтік (22, 42 аймақтар) зоналардан тұрады. Сенсорлық зона бұзылғанда толық керең, ал ассоциативтік зонаның 22-аймағы бұзылғанда музыкалық керең, 42-аймақ бұзылғанда сөз керендігі пайда болады.

Құлақ күрделі құрылысты мүше. Сыртқы құлақ құлақ қалқаны мен сыртқы құлақ түтігінен тұрады . Құлақ қалқаны дыбыс толқындарын жинап, сыртқы дыбыс түтігі арқылы дабыл жарғағына жібереді. Дыбыс толқындары екі құлаққа әртүрлі мерзімде жетуіне байланысты құлақ қалқандары дыбыстың бағытын, шыққан орынын анықтайды.

Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады. Ол ішіне қарай ойыңқы құрылыс. Оның қалындығы ересек адамда 0,1 мм, кеңістікте 45 градусқа көлбеу орналасқан.

Ортаңғы құлақ самай сүйегінің қуысында орналасқан дабыл қуысынан тұрады. Сол қуыста 3 дыбыс сүйектері бар: балғаша, төсше, үзеңгіше. Ортаңғы құлақтың қуысын мұрын-жұтқыншақ қуысымен байланыстыратын Эвстахи түтігі бар. Бұл түтік ауыз-мұрын қуысынан келген ауаны ортаңгы құлақ қуысына өткізіп, дабыл жарғағының екі жағындағы ауаның қысымын теңестіріп тұрады. Балғашаның сабы дабыл жарғағымен ұштасқан. Балғаша төсшемен, ол үзеңгімен буындасқан. Үзеңгішенің табаны ішкі құлақтың сопақша тесігін жауып тұрады. Сопақша тесіктің беті жұқа жарғақпен жабылған.

Ішкі құлақта екі анализатортың шеткі бөлімдері орналасқан: біріншісі, вестибулярлық аппарат бір-біріне перпендикуляр орналасқан жартылай айналмалы 3 каналдар мен олардың табалдырығынан тұрады; екіншісі, ұлу сүйегі - есту мүшесі. Ұлу сүйегі тәрізді құрылым екі жарым есе айналым жасайтын спиральды сүйек түтігі. Оның ішінде екі жарғақ бар: вестибулярлық және негізгі. Бұл жарғақтар ұлу сүйегінің каналын үшке бөледі: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Жоғарғы және төменгі қуыстар перилимфа сұйықтығына толы болып, ұлу сүйегінің үстіңгі жағында кішкентай тесік арқылы бір-бірімен жалғасады. Сол тесік арқылы перилимфа араласып тұрады. Үзеңгіше сопақша тесіктің жарғағын итергенде жоғарғы қуыстағы перилимфа төменгі қуысқа құйылып, ішкі құлақтың дөңгелек тесігінің мембранасы ортаңғы құлаққа қарай ығысады. Негізгі мембрана бір-біріне көлденең орналасқан, әлсіз байланысқан 24 мың дәнекер талшықтардан тұрады. Ұлу сүйегінің түп жағындағы талшықтар қысқа, ұзындығы 0,4 мм, ал жоғарғы жағында ұзындау - 0,5 мм болады. Негізгі мембранада көру мүшесі орналасқан. Ол – дыбыс қабылдаушы негізгі мүше.

Корти мүшесі түкті клеткалардан тұрады. Әрбір түкті клетканың жоғарғы жағында ұзындығы 4 микрон 60-70 түктері болады. Негізгі мембрана шайқалғанда оның түктері жабық мембранаға тиіп, тітіркенеді. Рецепторлық клеткалармен жалғасқан дыбыс нерві арқылы қозу қыртыс бөліміндеғі дыбыс орталығына барады.

Дыбыс анализаторының жас ерекшелігі. Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның терісінде түктер көп болады. 1 жасқа дейін құлақ түтігі өсіп, ұзарып, кеңейеді. Дабыл жарғағы жаңа туған нәрестеде ересек адамға қарағанда анағұрлым көлбеу орналасқан (ересек кісіде 45 градус, балада 15 градус). Жарғақтың екі жағындағы эпидермисі қалың болғандықтан қозғалысы нашар. Сәбидің ортаңғы құлағы сұйыққа толы болады да, біртіңдеп барып ауаға толады. 1 жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу болады. Ішкі құлақ 1 жылдың ішінде ересек адамның құлағы мен теңеседі.

2-3 жаста сыртқы құлақ түтігі сәл иіледі де, 4-6 жаста ересек адамның түтігіндей болады. Дабыл жарғағы 2-3 жаста-ақ ересек адамның жарғағына жақындайды, бірақ орналасуы 30-35 градус болып, тек 4-6 жаста 45 градусқа теңеледі. Ортаңғы құлақтың көлемі 2-3 жаста ересек адамның құлағынан кішірек келеді. Ол 4-6 жаста ересек кісінің ортаңғы құлағының көлеміне жетеді. Евстахи түтігі 2-3 жаста ұзарып 6 жастан асқанда ғана ересек адамдай болады. Ішкі құлақ 2-3 жастың арасында-ақ ересек адамның құлағы мен теңеседі.

Жаңа туған сәбидің дыбыс нерві әлі миелинденіп болмаған, төрт төмпешіктің және басқа аймақтарына нейрондары дифференцияланбаған. 1 жаста дыбыс нерві жылдам дамып жетіледі де, 4-6 жаста ересек кісінің дыбыс нервімен бірдей болады. Есту анализаторының қыртыс бөлімінің сенсорлық (сезгіш) зонасы алдымен дамып, ассоциативтік зонасы кейінірек жетіледі. 1 жастан аса 41-ші сезгіш аймақ, 6 жаста 42-ші ассоциативтік, 7 жаста 22-ші ассоциативтік аймақтәр жетіледі.

Бәланың дыбыс есту қабілеті алғашқы жылдың ішінде тез жетіліп, қарапайым дыбыстарды есту қабілеті болады. Тіпті 1 жастан аса музыкалық қарапайым әуенді аздап ажырата алады. Дегенмен ми қыртысындағы дыбыс орталығы алғашқы жылы нашар жетіледі. 4 жастан аса 41-ші сенсорлық аймақтың дамуы, ал 6 жаста 42-ші ассоциативтік аймақтың дамуы, 7 жаста 22-ші аймақтың дамуы аяқталады. 6 жастан аса дыбыс орталығы ересек адамның дыбыс орталығындай болып, талдау және талқылау қабілеттері жоғарылайды. 6 жаста дыбыс есту шегі 22000 герц болады, яғни ересек адамнан анағұрлым жоғары. 7-13 жаста баланың дыбыс анализаторының барлық бөлімдері ересек кісінің дыбыс анализаторындай, бірақ есту қабілеті анағұрлым жоғары болады. Ми қыртысының талдау және талқылау қасиеттері одан әрі дами түседі.

Құлақтық әр түрлі бөлімдері қабынып ауырғаңда адам уақытша, не мүлдем естімей қалады. Мұрын мен мұрын-тамақ жолдары ауруға шалдыққанда евстахиев түтігі қабынып, соның салдарынан дабыл қуысына ауаның келуі қиындал, дыбыс өткізгіштігі бұзылады. Евстахиев тутігі ұзақ уақыт бойы қабынып ауырғаңда ортаңғы құлақта жапсырма және тыртық пайда болып, соның салдарынан құлақ көмескі естуі мүмкін. Сондықтан да созылмалы тұмаура шалдыққанда не мұрын-тамақ жолдары қабынғанда міндетті түрде дәрігерге қаралып, құлақтың есту қабілетіне ұдайы зер салып отыру қажет. Әсіресе бала құлағына өте сақ болған жөн. Көп жағдайда бала құлағының мүкістігі аденоидке (тамақ-мұрын бездерінің ұлғаюына) байланысты. Кейде контузия болғанда, бас сүйек жарақаттанғанда, ми қыртысы қабынғанда (менингитте) не қан тамыры склерозға шалдыққанда адам жекелеген дыбыстарды, тіпті музыкалы естуі мүмкін, бірақ сөзді не әуенді тұтас түсініп, ажырата алмайды. Бұл - есту орталығының қабықшасы зақымданғанда байқалады.



Кейбір жағдайда, мәселен, құлаққа құлық қатып, тесігін мүлдем бітеп тастағанда есту нашарлайды, бірақ құлақты тазалағанда ол қайтадан қалпына келеді. Құлақ ішіне бөгде заттар - насекомдар, құлақты тазалағанда мақта т. б. тұрып қолады. Балалар ойнап жүріп, кейде құлағына күнбағыс дәнін, қағаз, түйме, моншақ секілді ұсақ заттарды кіргізіп алады. Мұндайда дереу дәрігерге қарату қажет, өйтнені құлақтағы затты дұрыс алмаудың салдарынан оның есту жолы мен дабыл жарғағы жарақаттанып, ортаңғы құлақ ауруға шалдығуы мүмкін. Құлақ қуысын дұрыс тазаламау не үшкір заттармен (шпилька, сіріңке талы) шұқылау салдарынан кейде ол тітіркенеді не есту саңылауының терісі сызаттанады. Сызатқа минробтар түскенде есту саңылауында сыздауық пайда болуы мүмкін; бұл ауру асқынған жағдайда ортаңғы құлақ қабынып, есту нашарлайды. Құлақты саусаққа оралған таза шүберекпен, не сіріңке талына оралған мақтамен тазалау қажет. Құлақ қышыған жағдайда мақтаны әтірге не вазелин майына шылан алады. Егер қышуы басылмаса, дәрігерге қаралған жөн. Құлақтың жөнді естімеуі көп жағдайда ортаңғы құлақтың қабынуына не есту нервтерінің зақымдануына байланысты. Отитті емдеген кезде аурулы одан әрі өршітіп алмас үшін дәрігердің айтқан кеңестерін бұлжытпай орындау қажет. Құлақ ауруға шалдыққанда (бұлақ аққанда және бұлақ ақпай-ақ ауырғанда) ұзақ уақыт емделуді қажет етеді. Инфекциялық ауруларға шалдыққанда тек ортаңғы құлақ қана емес, ішкі құлақ та, есту нервтері мен есту орталығының қабығы да зақымдануы мүмкін. Мұндай асқыну құлақ түбіндегі без қабынғанда, грипп және басқа да инфекциялық аурулар кезінде байқалады; әсіресе тілі шықпаған не тілі шыға бастаған сәбилер үшін бұл аурулар өте қатерлі (құлағы мүкіс баланың тілі де жөнді шықпайды). Бас жарақатынан (әсіресе балаларға қауіпті), ми шайқалуынан кейде құлақ жөнді естімей қалуы мүмкін. Құлақ мүкістігін дер кезінде, әрі дұрыс емдеу құлақты жөнді не мүлде естімей қалудан сақтап қалады. Мүлде керендікті (не мылқаулықты) емдеу мүмкін емес. Егер жүргізілген емдік шараларға қарамастан бала мүлде естімесе не нашар естісе, онда оны саңырау не мылқау балалардың арнаулы мекемесіне апарған жөн. Құлағы нашар еститіндерге арнайы есту жаттығуларын жасау едәуір көмектеседі. Есту жаттығуларын дауыс зорайтқыш аппараттық көмегімен «ерін қимылы бойынша оқыту» — балашық дыбысты аңғарушылығын дамытып, есту қабілетін толық пайдалануына мүмкіндін береді. Дауыс зорайтқыш аппарат сырттан келетін сөзді де, өз сөзін де естуіне ықпал жасайды. Мұның өзі оны сөзді дұрыс айтуға қалыптастырады. Кәсіптік мамандыққа байланысты кездесетін кереңдік есту органына өндірістегі қатты шумен дірілдің ұзақ уақыт бойы әсер етуінен болады. Бұл ауруға жол бермес үшін өндірісте алдын ала сақтық шаралары жүргізіледі: шу мен дірілді мүмкіндігінше азайту қамын қарастырады, технологиялық процестерді жетілдіреді, т. б. Құлақ мүкістігін одан әрі асқындырып алмас үшін, мұндай адамды шуы аз басқа жұмысқа ауыстырады. Құлақ мүкістігі жазылмаса, есту аппаратын пайдалану қажет. Мұндай аппаратпен көп жағдайда құлақтың есту қабілетін қалпына келтіруге болады. Аппарат ауа немесе сүйен телефонымен жабдықталған. Сонымен бірге есту көзілдірік де (тек ауа телефоны бар) шығарылды. Құлағы мүкіс адамға қандай аппаратты қолданудың қажет не қажет еместігін дәрігер шешеді. Есту аппаратын дәрігердің рұқсатынсыз ешқашан пайдалануға болмайды: біреуге оның қажеті болмауы, екіншісіне пайда бермеуі, тіпті зиян да жасауы мүмкін.

Дәріс № 7

Тақырыбы: Есту анализаторының қызметі.

Жоспар:

  1. Физикалық акустикадан қысқаша мәлімет.

  2. Дыбыс қасиеттері (қуаты, биіктігі,тембрі).

  3. Дыбыс өткізу: ауада және сүйекте.

Есту бұзылыстары бар балаларды отбасылық тәрбиелеу қоғамдық тәрбиелеуден ерте пайда болған. Саңырау балаларды жеке оқыту тәжірибесі орта ғасырларға белгілі еді. Ата-ананың саңырау балаларын отбасында тәрбиеле мен оқыту ұмтылысы баланың ақыл қабілеттерін дамыту және еститін құрбылары сияқты барлығымен байланысты болуын қалауы себеп болды. Ата-аналар баланың ерте және мектепке дейінгі даму мен оқу үшін едәуір сензитивті жастарын өткізіп алмауға тырысты, олар осы кезеңде көптеген дағдылардың қалыптасатынын, мінездерінің орнығатынын түсінеді.

Әдетте, сәбилік және ерте жастағы балалар екі-үш жасқа дейін отбасында тәрбиеленеді, ал ата-аналар сәбилердің дамуы үшін өте көп жасай алады.

Мамандар ерте бұзылыстарының пайда болуымен байланысты тәуекел факторлары бар отбасындағы ата-аналардың баланың естуін қадағалау қажеттілігіне көңіл бөледі, мысалы: естімейтін баланың немесе отбасы мүшелерінің болуы; ототоксинді антибиотиктерді қолдану, естудің төмендеуіне себеп болатын аурулар. Мұндай бақылауды баланың өмірінің бірінші айларындағы дыбыстарға реакциясын байқау, сөйлеуге, үлеуге, былдырлау сипатына көңіл бөлу құрайды. Сәбидің естуі төмендегенге күдік болған жағдайларда дәрігер – сурдологқа қаралу қажет.

Есту бұзылыстары бар балалардың ата-аналарына коррекциялық жұмыстың ерте басталудың маңыздылығын түсіндіру қажет. Саңырау және әлсіз еститін балалар ерте түзету (коррекциялық) жұмысы болмаған жағдайда 2-3 жасқа дейін сөйлемейтін болып шығатынын атап өту керек. Олардың жалпы дамуы айналадағыларымен қатынасының болмауы, қоршаған әлемнің дыбыстарын қабылдау мүмкіндіктерінін бұзылуы нәтижесінде үлкен зардап шегеді. Әлсіз еститін балалармен ерте жұмыс жүргізудің тиімділігі мен нәтижелілігін дәлелдейтін мысалдарды келтірген жөн. Ата – аналарды сәбилік және ерте жастағы балалардың жалпы және тіл дамуының заңдылықтарымен таныстырып, еститін және естімейтін баланың өмірінің бірінші – екінші айында дамуы үшін оның қажет екендігін атап өту керек, өйткені осы кезеңде зат әлемін тануды ынталандыратын қатынастың маңызды формалары, тілді түсіну, оның ырғақтық-интонациялық және дыбыстық жақтары қалыптасады. Дамудың бұл компоненттерінің қалыптасуы үш жастан кейін үлкен қиындықтармен және ұзақ мерзіммен өтеді.

Жұмыстың ерте басталуын қалай түсінеміз? Отандық сурдопедагогикада бұған баланың естуінің төмендеуін ата – ана және дәрігер анықтағаннан арнайы көмекті ұйымдастыру кіреді. Кейбір жағдайларда ата-ана немесе дәрігерлер есту бұзылыстарын баланың өмірінің бірінші жылдарында байқайды. Алайда көп жағдайларда, тәжірибе көрсеткендей, естудің ауыр бұзылыстары бір жастан кейін анықталады. Жалпы дамытушы және коррекциялық жұмыс қаншалықты ерте басталса, оның нәтижелері соншалықты жақсы болады. Есту бұзылыстары бар ерте жастағы балалардың дамуының басты шарттарының бірі естуді протездеу. Ата-аналарга дұрыс таңдалған есту аппараттарының артықшылықтарын түсіндірген жөн: заттар мен құбылыстардың қасиеттерін тану үшін қоршаған элемнің дыбыстарын қабылдау мүмкіндігі өте қажет; баланың мінез- құлығын зерттеу үшін қажет. Тілдің тиімді едәуір жоғары есту –көру қабылдауының дамуы үшін, ерте протездеудің, естіп қабылдаудың мүмкіндіктерінің, өздік тілді бақылаудың маңызы ерекше. Ата-аналарға дұрыс естуді протездеудің маңыздылығын ғана емес, аппаратты қолдану ережелерін де түсіндіру қажет: жеке салғыштардың болуы, аппараттың режимін дұрыс таңдау, аппаратты тағу мен қолдану ережелерін түсіндіру. Аппаратты тағу өз бетінше тілді толық қабылдауды қамтамасыз етпейді, ал нәтижеге тек естіп қабылдауды дамыту бойынша ұзақ жұмыс арқылы ғана жетуге болатындығын атап өту керек.

Баламен отбасында үнемі тілдік қатынастың қажеттілігі ерекше аталады. Дамудың ерте кезеңдеріндегі қатынас, яғни сәбилік және ерте жасында, бала дамуын белгілейтін фактор болып саналады, өйткені ол заттық, кейінгі уақытта ойын әрекетінің қалыптасу құралы, қимылдың түрлерін меңгерудің ынталандырғышы, тілді түсіну мен қолданудың даму шарты қызметін атқарады. Ата-аналар үшін сәбимен қатынасу негізінен балаға қараумен және ойнаумен байланысты кенет үрдіс. Еститін ата-анаға естімейтін баламен қатынасуды үйрену оңай емес. Жиі олардың тілдік кұлықтары әдеттегідей болмайды: олар тілді бұрмалап, түсініксіз ымдарды колданады, кейде, керісінше, үндемей қалады. Сондықтан ата-аналарға эмоционалды боялған, мүшелердің түсінікті ымдарымен катар жүретін дұрыс тілді қолдану қажеттілігін түсіндіру кажет. Балаға қараудың барлық жағдайларында тіл қатар жүреді, мысалы, тамақтандыру, шомылдыру; үлкендер қажет заттарды және орындалып жатқан қимылдарды атайды. Тілдің өте көп сөзі болмағаны дұрыс: бірдей жағдайларда бір сөздерді жиі қолдану керек – бала сонда оларды тез түсінеді.

Естімейтін баламен қатынаста арнайы жағдайларды ескеру қажет. Сәби үлкеннің бетін анық көру керек, оның зейінін еріннің қимылдарына тарту қажет. Егер баланың есту аппараты болса, онымен 1 м қашықтықта сөйлесу керек – онда бала тілді есту-көру негізінде қабылдайды. Кейде, сөздің дыбысталуын нақтылау үшін, мысалы, ойыншық атауын, бірнеше рет қайталап, бала ерінді көрмейтіндей, естуіне ұсынып, артқы жағынан немесе шет жақтан айтқан жөн. Баламен үйде қатынасу үрдісінде, далада дыбысы бар заттарға көңілін аударып, дыбыстарды қайталап, дыбысы бар объектілерді атау керек (қасық түсті: бах; ит үреді: ав-ав-ав; шаңсорғыш гуілдейді: у-у-у). Бала сөздерді немесе дыбыстарды дауыстау әрекеттерінде үлкен адам оларды қоштап, қайталайды, баланың әрекеттерін мақұлдап, бірге қуанады.

Баланың барлық әрекеттерін негізінен үлкендердің ұйымдастыруына және педагогикалық ықпалмен байланысына қарамастан, балалармен мазмұнына жалпы дамыту бойынша жұмыс кіретін ойындарды, сонымен қатар тіл мен естіп қабылдауды дамыту бойынша арнайы ойындар мен жаттығуларды жүйелі өткізу қажет. Сабақтардың ұзақтығы мен саны баланың жасы мен психофизикалық қалпына байланысты. Сабақтар күні бойы бірнеше рет, баланың сергек кезендерінде өткізіледі. Мамандар бір жасқа дейінгі балалармен 3-5 минуттық 3 сабақ; екі жасқа дейін 10 минуттан 2-3 сабақ; екі-үш жас аралығында -15-20 минуттық 2-3 сабақ өткізуді ұсынады. Әдетте, сабақтар түске дейін және түс қайта өткізіледі. Жұмыстың түрлі бағыттарындағы сабақтар кезектеседі. Сабақ өткізу орнын белгілеп қою керек: кілем үстінде, ойын бұрышында, кейбіреулері – үстелде. Сабаққа дайындықтың үлкен маңызы бар: әр сабақтың мақсатын белгілеу, жоспарын құру, түрлі дидактикалық материалды тандау. Ата – аналарға естімейтін баламен отбасында сабақты ұйымдастыру сұрақтары бойынша педагогикалық көмекті жүзеге асыратын сурдопедагог кеңес береді. Сәбилік және ерте жастағы баламен сабақтарды қимылды, ойыншықтар мен заттармен әрекеттерді дамытатын жаттығулар, қабылдауды (көру тактилді – қимылдық), вибрациялық сезімталдылықты дамыту бойынша, қоршаған орта мен құбылыстармен таныстыру, сурет салу, жабыстыру, құру ойындары мен жаттығулар кұрау керек. Әрине, аталған бағыттардың кейбіреулері, мысалы, сурет салу, жабыстыру және құру, үш жаста ғана пайда болады. Естуі бұзылған баламен музыкалық қабылдау бойынша жүйелі жұмысты өмірдің бірінші жылдарынан жүргізген жөн. Баланы жалпы дамыту бойынша жұмыс, бір жағынан, танымдық дамуды ынталандырады, баланың әрекет түрлерінің дамуына жағдай жасайды, мұның өзінің тілдік даму алғышарттарының қалыптасуы және катынастың дамуы үшін маңызы зор. Екінші жағынан, бұл жұмысты өткізу үрдісінде сәби бірте – бірте меңгеретін тілдік материалдың үлкен көлемі қолданылады.

Ата-аналарға арнайы әдебиетте (Б.Д.Корсунская, 1970; Э.И.Леонгард, Е.Г.Самсонова, 1991; Н.Д.Шматко, Т.В.Пелымская, 1995 және т.б.) бар ұсынымдарды қолдауға болады. Сәбилік және ерте жастағы еститін балаларды тәрбиелеу бойынша, оның ішінде кимылдарды дамыту, сенсорлық тәрбиелеу, ойын түрлерін үйрету, қоршаған ортамен танысу, ата-аналарға ұсынылған көптеген басылымдарды қолданған жөн.

Жалпы дамыту ойындарымен және жаттығуларымен салыстырғанда, тіл мен естіп қабылдауды дамыту бойынша жұмыстың едәуір ерекше сипаты бар, өйткені ол тілдің болмауымен және естіп қабылдау бұзылыстарымен байланысты негізгі қиындықтарды жеңуге бағытталған. Коррекциялық жұмысты өткізу жөнінде ата – аналарға сурдопедагогтардың кеңестері қажет.

Тіл мен естуді дамыту бойынша жұмысты өткізудің негізгі шарттарының бірі – есту – тіл ортасын ұйымдастыру, бұл орта есту аппаратын қолдану барысында баламен үнемі тілдік қатынастың болуын ұйғарады.

Сәби жастағы балалардың тілін дамыту бойынша жұмыс үлкендердің бетіне, оның сөздеріне, заттарға қарау мен естуді шоғырландыруды дамытуға; қатынасу кажеттілігін қалыптастыру, үлкеннің заттық және тілдік әрекеттеріне еліктеу қабілетінің дамуына, балада дауыс реакцияларының, былдырының пайда болуына; кейбір былдыр сөздер мен толық сөздердің түсінуге бағытталған. Бұл ұзақ жүйелі жұмыс баламен қатынасу үрдісінде күні бойы және сабақтарда өткізіледі.

Есту бұзылыстары бар балалар өмірінің екінші – үшінші жылдарында тілдің дамуының, жұмыс бірінші жылда басталу шартында, едәуір жоғары қарқындылығы бар. Мәнді әрекет немесе ойын үрдісінде баламен дұрыс ұйымдастырылған қатынас үлкендер сөзін түсінуге және баланың өздік тілінің қалыптасуына ынталандырғыш болады. Бұл кезең еститін бала үшін де, естуі бұзылған бала үшін де өте сензитивті.

Саңырау балалардың нәтижелері белсенді сөйлеу түрінде бұл кезеңде көрінбейді, бұл ата-аналарды ренжітеді, бұл кезеңнің естімейтін бала үшін маңызы өте зор. Түрлі заттарды және құбылыстарды танумен байланысты балада, олардың атауларымен әрекеттерін білдіретін сөздік қоры пайда болады. Құрылымы бойынша қарапайым фразаларды үнемі қолдану мен жиі қайталау олардың кейбіреулерін түсінуге мүмкіндік береді. Балаға етістіктердің мағынасын, ең алдымен, бұйрық райында, мағынасын түсінуге үйрету керек (бер, ал, ки, же, жүгір және т.б.), өйткені бұл фразаларды түсіну мен қолдану үшін қажет. Сабақтарда сөздер мен фразалардың саны заттар мен ойыншықтармен ойнау үрдісінде, балаға түсінікті суреттерді қарауда, түрлі ойыншықтарды қолданумен кішкентай әңгімелерді айту мен көрсету үрдістерінде кеңейтіледі.

Бала өмірінің екінші жасында, жүйелі коррекциялық және дамытушылық жұмысты өткізу шартында, есту бұзылыстары бар балаларды оқытуға ауызша тілмен қатар жазба тілі қолданылады. Ол ауызша тілді едәуір нақты бекіту және оқуды ерте үйрету үшін қажет, бұл естуі бұзылған балаға өз тілдік қорын сөздер мен фразалардың көп санымен толтыруға көмектеседі. Оқуды үйрету бойынша жұмысты бастар алдында, ата-аналарға баланың глобалдық оқуға дайындығын анықтап беретін, кестелерді толтыру талаптары, оларды тұрмыста, ойындарда қолдану туралы айтып беретін, глобалды окуды үйрету бойынша арнайы жаттығуларды өткізу әдістемесін ашып беретін сурдопедагогтың кеңесін алған жөн.

Дәріс №8

Тақырыбы: Есту анализаторының патологиясы.

Жоспар:


  1. Есту мүшесінің аномалиялары.

  2. Есту мүшесінің жарақаты және ісіктері.

  3. Есту мүшесінің қабыну аурулары (каиаральді және ірінді отит, лабиринтит, есту нервінің қабынуы,сыртқы атит).

Есту қабілетінің бұзылуынын түрлерінің көп болуы, оны саралап, санырау балаларды бірнеше топқа бөлуге жағдай жасайды. Мұның мәні, саңырау балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыруда, балалардын қандай мекемеде білім алу қажеттілігін анықтауда көмектесетінмен айқындалады.

«Дыбыстар жиілікпен, интенсивтілікпен және созылмалығымен сипатталады. Дыбыстың күші немесе интенсивтілігі децибелмен (ДцБ) өлшенеді.

Мысалы:

• жапырақтың сыбдыры 10 ДцБ,



• құлақтың түбінен сыбырлау 25-30 ДцБ,

• орташа сөйлеу дыбысы - 60-70 ДцБ, қатты музыка дыбысы - 80 ДцБ,

• метродағы поездың дыбысы - 90 ДцБ,

• балғамен темірді соғу - 100 ДцБ,

• авиациялық мотордың дыбысы - 120 ДцБ.

Сөйлеудің жиілік диапазоны 500-ден 3500 Гц (бір секундтагы толқындар) аралығында болады. Егер есту бұзылуы, бұл диапазонды қабылдауға кедергі болса, сөйлеуді қабылдау мумкін емес деген сөз. 80 ДцБ жоғары дыбысты қабылдамайтын адамдар, саңырау болып саналады, ал нашар еститіндер 15-80 ДцБ аралығындағы дыбыстарды естімейді. Классификацияның негізгі критерийлері – есту қабілетінін жоғалу уақыты, дәрежесі, сөйлеудің қалыптасу деңгейі болып табылады (Р.М.Боскис). Осы көрсеткіштер бойынша, бұл балаларды бірнеше топқа бөледі:

I. Саңырау балалар – мүлде естімейтіндер. Оның ішінде ерте жастан саңырау болғандар және жүре келе, есту қабілетін жоғалтқандар. Ерте саңырау болғандарға, туа біткен және сөйлеу қалыптасқанға дейін саңырау болғандар жатады. Бұл балаларда кейде, жартылай есту қабілеті сақталады, олар өте қатты дыбыстарды естиді.

Жүре келе, саңырау болғандарға сөйлеу қалыптасканнан кейін, есту қабілетін жоғалтқандар жатады. Бұлар сөйлей алады, ерін қимылы арқылы, айтушыны түсінеді.

II. Нашар еститіндер (тосаң құлақтық) - бұл сөйлеудің дамуын қиындататын есту кемістігі, бірақ сақталған қабілеттіліктің көмегімен, өз бетімен сөздік қор жинақтауға болады.

Нашар еститін балалардың тілінде кездесетін кемістіктерді, оқыту үдерісінде түзетуге болады:

• тосаң құлақтыктың жеңіл дәрежссінде, сыбырлап сөйлеген сөз, құлақтан 3 – 6 м, ал сөйлеу 6-8 м қашықтықта естіледі;

• тосаң құлақтықтың орташа дәрежесінде, сыбырлап сөйлеген сөз құлақтан 1-3 м, ал сөйлеу 4-6 м қашықтықта естіледі;

• тосаң құлақтықтың ауыр дәрежесінде, сыбырлап сөйлеген сөз құлақтан 1 м, ал сөйлеу 2-4 м қашықтықта естіледі;

• тосаң кұлақтықтың өте ауыр дәрежесінде, сыбырлап сөйлеген сөз құлақтан 0,5 м, ал сөйлеу 2 м қашыктықта естіледі;

Бұл балалардың психикалық дамуы, сыртқы ортаны қабылдаудың ерекше жағдайларында жүзеге асады. Бұл дизонтогенездің ерекше түрі – дефицитарлы даму. Бірінші ксмістік – есту қабілетінің бұзылуы – есту мүшесімен тығыз байланысты болып саналатын, сөйлеудің кеміс дамуына әкеп соғады. Сондай-ақ, басқа қызметтердің тежелуіне әсерін тигізеді. Дамудың мұндай бұзылуы тұтас психикалық дамуды тежейді.

Есту қабілеті бұзылған балалардың психикалық дамуы, қалыпты еститін балалардың дамуынан ерекшсленетін белгілі заңдылықтарға бағынады. Сонымен бірге, оларда кеміс даму типтеріне тән, заңдылықтар анықталады. Барлық бұзылу түрлерінде, сыртқы ортадан түсетін ақпаратты қабылдау, қорыту, сақтау және пайдалану қабілеттері төмендейді.

Барлық кеміс балалар категориясында кездесетін келесі бір заңдылық — ол ұғымдардың қалыптасу үдерісінін баяулауы. Есту кемістігі бар балаларда, бұл заңдылықтың уақыттық, құрылымдық ерекшеліктері бар. Әйтсе де, бұл категориядағы балаларда толыққанды ұғымдар қалыптасады, яғни, олар қарым-қатынастың жоғары түріне қол жеткізе алады (мысалы, ақыл-ойы кем балалармен салыстырғанда).

Есту қабілеті бұзылған балалардың психикалық дамуының негізгі екі заңдылығын көрсетуге болады (И. М. Соловьев бойынша).

Бірінші заңдылық – есту бұзылуының салдарынан, саңырау балаға келіп жететін, сьтртқы орта әсерінің көлемі шектеледі, оның қоршаған ортамен өзара әрекеті, адамдармен қарым-қатынасы қиындайды. Ал, бұл уақытта кез-келген баланың толыққанды психикалық дамуы үшін, сыртқы орта әсерлерінің алуан түрлілігі мен кең көлемділігі өте маңызды болады.

Жоғарыда атап өткендей, қай жағынан болсын, шектелу нәтижесінде, баланың психикалық әрекеті азаяды, сыртқы орта әсерлеріне жауап беретін реакциялар қарапайымданады, қызметаралық өзара әрскеттер жүйесі өзгереді. Есту қабілеті бұзылған балалардың психикалық компоненттері, дені сау балалармен салыстырғанда, өзгеше тепе-тендікте дамиды: көрнекі-бейнелі және сөздік-логикалық ойлау қабілеттерінде сәйкестік болмайды (алғашқысы басым); жазбаша сөйлеудің екеуі – импрессивті (оқу) және экспрессивті (жазу) – ауызша сөйлеуге қарағанда, басым рөлге ие болады.

Екінші заңдылық – есту қабілсті зақымданған балалардың психикалық даму қарқынының, дені сау балалардан айырмашылығы. И. М. Соловьев есту қабілеті зақымданған балалардың психикалық даму жолдарын былай сипаттайды: сау бала мен есту мүмкіндігі шектеулі баланың психикалық әрекеттері арасындағы айырмашылықтар, онтогенездің бастапқы кезеңдерінде елеусіз болады, уақыт өте келе ұлғаяды. Осылайша, белгілі бір кезеңге дейіи жалғасады, тек жүйелі сурдопедагогикалық жұмыстардың ықпалымен ғана, бұл айырмашылық кері бағытта өзгере бастайды.

Түзету жұмыстары қаншалықты қолайлы, тиімді болса, саңырау баланың дамуы, дені сау баланың дамуына сонша жақындай түседі. Сурдопедагогикалық шаралардың негізгі маңызы сонда, ол психикалық дамудың тиімді жағдайларын тудырады, ең алдымсн, балаға жеткізілетін сыртқы орта әсерлерін кеңейту, сапалық жағынан жақсарту, акустикалық жолмен жететіп әсерлерді өзге жолдармен жеткізуді қарастырады.



Құлақ аурулары

Құлақ аурулары – құлақтың сыртқы, ортаңғы және ішкі бөліктерінде кездесетін дерттер. Құлақ аурулары жедел және созылмалы деп бөлінеді. Жиі кездесетін сыртқы құлақ ауруларына отит, перихондрит, отогематома, кұлық, т.б. жатады. Әсіресе, балаларда жиі кездесетін түрі – сыртқы есту жолына бөгде дененің түсуі. Бұл кезде баланың құлағы қышып, есту қабілеті төмендейді. Осының салдарынан есту жолы терісі қабынып, сұйық зат бөлінеді. Емдеу үшін бөгде денені жою мацсатында спиртті тамшы тамызады, стерильді жылы ерітіндімен есту жолын тазалайды. Ауру асқынып кетсе хирургиялық операция жасалады. Ішкі құлақ ауруларынан есту жүйкесінің невриті мен отосклероз жиі кездеседі. Есту жүйкесінің невриті түрлі жұқпалы аурулардың (тұмау, қызылша, қызамық, т.б.) асқынуынан және құлаққа түрлі инфекциялардың түсуінен болады. Белгісі: құлақ үнемі шуылдап тұрады, адамның естуі төмендеп, тіпті сөйлеудің өзі қиындайды. Науқасты емдеу үшін мидың қан айналысын жақсартатын препараттар, В, С тобының витаминдерін ішкізеді, кейде лазерлі және төмен жиілікті магниттік терапия қолданылады. Отосклероз (грек. оtos – құлақ, sklerosis – қатаю) - екі құлақтың да есіту қабілетінің төмендеуі. Әдетте дыбыс толқыны дабыл жарғагынан және есіту сүйекшелерінен өтіп, есіту жүйкелерін тітіркендіреді. Ауру кезінде ортаңғы құлақты ішкі құлақпен жалғастыратын үзеңгі, төсше және балғашық сүйекшелері қозғалғыштық қабілетінен айырылады. Соның нәтижесінде дыбыс есіту жүйкелеріне жетпейді. Аурудың белгісі бірден байқалмайды, адамның естуі бірте-бірте төмендейді. Дәрі-дәрмекпен емдеу көп нәтиже бермейтіндіктен, көбіне есіттіргіш аппараттарды пайдалану не хирург операция жасау қажет.



Дәріс № 9

Тақырыбы: Есту қабілетін тексеру тәсілдері.

Жоспар:

  1. Жас баланың құлағын тексеру және оның маңыздылығы.

  2. Есту қабілетін сөйлеу арқылы тексеру.

Құлақ (auris) – адам мен жануарлардың есту органы. Адам есту мүшесі арқылы коршаған ортадан әр түрлі дыбыстарды қабылдап талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас жасайды. Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді.

Анатомиялық құрылымына қарай құлақ сыртқы, ортаңғы және ішкі бөлімдерден тұрады.



1.Сыртқы. кұлаққа құлақ қалқаны мен сыртқы дыбыс жолы жатады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін кұлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ішкі шеті жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді. Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, содан соң ортаңғы құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.

2.Ортаңғы. құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады, ол самай сүйегінің ішінде орналасқан. Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы кұлақ қуысы есту түтігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Адам есінегенде, жұтынғанда есту түтігінің өзегі жұтқыншаққа ашылады, жай уақытта жабық болады. Ортаңғы құлақтың куысында бірімен-бірі буын арқылы байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері (балғашық, төс, үзеңгі) орналасқан. Үшеуін косқандағы салмағы шамамен 0,05 г. Сүйекшелердің сырты сілемейлі қабықшамен қапталған. Балғашық, төс, үзеңгі деген атаулар пішіндері осы заттарға ұқсайтындықтан қойылған. Балғашық сүйегінің жіңішке шеті дабыл жарғағымен бітісіп кеткен. Жуандау шеті буын арқылы төс – сүйекшесімен, ол үзеңгі сүйекшесімен қозғалмалы байланысады. Бұл сүйекшелер ортаңғы құлақтың қуысы арқылы дыбыс толкынын өткізеді. Дабыл жарғағының тербелісі алдымен осы үш сүйекке, содан соң ішкі құлаққа беріледі. Ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосфера кысымымен бірдей. Қысым кенеттен төмендеп немесе жоғарылап кетсе, құлақ бітеліп уақытша естімей қалады (әсіресе бұл ұшқанда байқалады). Мұндай жағдайда жиі-жиі жұтыну керек. Адам жұтынғанда ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосферадағы ауа қысымымен теңеседі.

3. Ішкі құлақтағы куыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені шытырман (лабиринт) деп атайды. Мұндағы шытырманның сыртқысы – сүйекті, ал ішкісі – жарғақты шытырман деп аталады. Шытырмандар – есту мен тепе-теңдік мүшелері. Сүйекті шытырманның ішінде жарғақты шытырман орналасады. Жарғақты шытырманның қабырғалары жалпақ эпителиймен қапталған жұқа дәнекер тақташадан (пластинка) түзілген. Жарғақты шытырманның ішінде лимфа сұйықтығы болады. Оралма тәрізді ширатылған ұлу-дене – е сту мүшесі. Бұл ұлу дененің куысы сұйықтықка толы болады. Ұлуденедегі сезімтал жасушалар дыбыс толқынын қабылдап, қозуды есту жүйкесіне өткізеді. Қозу есту жүйкесі арқылы ми қыртысының самай бөлігіндегі есту орталыгына жеткізіліп, талданып жинақталады.

Құлақ ауруы екі топқа бөлінеді. Ол: туа пайда болған аурулар және жүре пайда болған.

Құлақ аурулары жедел және созылмалы деп белінеді. Жиі кездесетін сырткы құлақ ауруларына отит, перихондрит, отогематома, құлық, т.б. жатады. Әсіресе, балаларда жиі кездесетін түрі – сырткы есту жолына бөгде дененін түсуі. Бұл кезде баланың құлағы қышып, есту қабілеті төмендейді. Осының салдарынан есту жолы терісі қабынып, сұйық зат бөлінеді. Емдеу үшін бөгде денені жою мақсатында спиртті тамшы тамызады, стерильді жылы ерітіндімен есту жолын тазалайды. Ауру асқынып кетсе хирургиялық операция жасалады. Ішкі құлақ ауруларынан есту жүйкесінің невриті мен отосклероз жиі кездеседі. Есту жүйкесінің невриті түрлі жұқпалы аурулардың (тұмау, кызылша, қызамық т.б.) аскынуынан және құлаққа түрлі инфекциялардын түсуінен болады. Белгісі; құлақ үнемі шуылдап тұрады, адамның естуі төмендеп, тіпті сөйлеудің өзі киындайды. Науқасты емдеу үшін мидың кан айналысын жаксартатын препараттар. В, С тобының витаминдерін ішкізеді, кейде лазерлі және төмен жиілікті магниттік терапия қолданылады. Отосклероз (грек. Otos – құлақ, sklerosis – қатаю) – екі кұлақтың да есіту кабілетінің төмендеуі. Әдетте дыбыс толқыны дабыл жарғағынан және есіту сүйекшелерінен етіп есіту жүйкелерін тітіркендіреді. Ауру кезінде ортанғы құлақты ішкі құлақпен жалғастыратын үзеңгі, төсше және балғашық сүйекшелері қозғалғыштық қабілетінен айырылады. Соның нәтижесінде дыбыс есіту жүйкелеріне жетпейді. Аурудың белгісі бірден байқалмайды, адамның сстуі бірте-бірте төмендейді. Дәрі-дәрмекпен емдеу көп нәтиже бермейтіндіктен, көбіне есіттіргіш аппараттарды пайдалану не хирургиялық операция жасау қажет. Құлақ мүкістігі[1] – есту органының дерті. Құлақ мүкістігі әр түрлі құлақ аурулары (отит, отосклероз, т.б.) салдарынан, қабыну, мұрын, жұтқыншақ ауруларының, сондай-ақ, қызылша, тұмау, қызамық, т.б. жұқпалы аурулардың асқынуынан пайда болады. Кейде ұрықтың дамуы кезінде ортаңғы, ішкі құлақтын жетілмеуінен бала іштен туа естімейтін болуы мүмкін. Мұндайды туа пайда болган құлақ мүкістігі деп атайды. Бұл баланың дұрыс сөйлеуіне де әсерін тигізеді. Ересек адамның естімеуі, көбінесе, айқай шудың ұзақ уакыт әсер етуінен, есту жүйкесі қызметінің бұзылуынан, уланудан, дәрі-дәрмектерді шамадан тыс ішуден. т.б. болады. Кейде адам уақытша естімей қалуы мүмкін. Мысалы, құлаққа құлық қатқанда, құлақ ішіне іріңді жара шыққанда, т.б. Емі: құлақ мүкістігіне шалдықтырған ауруды тауып емдеу. Іштен туа біткен кемістікке кей жағдайда хирургиялық операция жасайды. Құлақ мүкістігінен тілі бұзылған баланы арнайы балабақша мен мектептерде сөйлеуге үйретеді.



Жүре пайда болған аурулар:

Кереңдік – адамның дыбыс есіту қабілетінің нашарлауы немесе мүлдем естімеуі. Құлақ мүкістігін кереңге жатқызуға болмайды (қ. Құлақ мүкістігі). Керең туа және жүре пайда болған деп бөлінеді. Туа пайда болған кереңдік тұқым қуалап, ұрық эмбрионының іштегі дамуы кезінде есіту анализаторының немесе туу кезінде оның бөліктерінің зақымдануынан болады. Сондай-ақ, жүкті әйелдердің түрлі жұқпалы аурулармен науқастануы, улануы да әсер етеді. Жүре пайда болатын кереңдік адамның түрлі ауруларға (менингит, қызамық, мерез, құлақ аурулары, қан құйылу, кездейсоқ жарақаттану т.б.) шалдығуынан болады. Кейде жүрек қантамыр аурулары, атеросклероз, гипертония аурулары, ұзақ айқай-шу, т.б. құлаққа әсер етуі мүмкін. Мамандыққа байланысты (сүңгуірлер, қопарылыс жасайтын жұмысшылар) қауіпсіздік техникасын сақтамау да кереңдікке шалдықтыруы мүмкін (к. Кәсіби аурулар). Бұл кеселден сақтану үшін оны туғызатын түрлі құлақ ауруларын асқындырмай дер кезінде емдеу керек, кәсіпорындарда санитариялық – гигиеналық ережелер сақталуы қажет.

Құлақтың дыбыс кабылдауын калпына келтіру үшін дыбыс зорайтқыш, есіту аппараты пайдаланылады.



Есту қабілетінің бұзылуы.Есту қабілетінің бұзылуының түрлерінің көп болуы, оны саралап, саңырау балаларды бірнеше топқа бөлуге жағдай жасайды.Саңырау балалар-мүлде естімейтіндер. Оның ішінде ерте саңырау болғандар және жүре келе, есту қабілетін жоғалтқаңдар.Ерте саңырау болғандарға туа бікен және сөйлеу қалыптасқанға дейін саңырау болғандар жатады. Бұл балаларда кейде, жартылай есту қабілеті сақталады, олар өте қатты дыбыстарды естиді.

Жүре келе, саңырау олғандарға сөйлеу қалыптасқаннан кейін, есту қабілетің жоғалтқандар жатады. Бұлар сөйлей алады, ерін қимылы арқылы, айтушыны түсінеді.



Саңырау балалардың ойлау ерекшеліктері. Саңырау балалар еститің балаларға қарағанда, сөйлеуді өте кеш менгергендіктен, ойлаудың дамуында басқа танымдық үдерістермен салыстырғында, анағұрлым көп специфкалық ерекшеліктер байқалады. Саңырау балада, еститін баладағыдай, практикалық тапсырмаларды орындау барысында, бір ситуациялық мәселеге көшіру қажеттілігі туындайды. Саңырау балаларды оқыту, оның келшек ойлауының дамуында маңызды рөл атқаратындықтан, сөйлеудің заттық мазмұнымен алдын-ала таныстыру, ала үшін спецификалық тәжірбие мен сенсорлық тәрбие негізінде жүзеге асады. Сондықтан, саңырау баланы сөйлеуге үйрету, онын ойлау қабілетінің жетілуінде өте маңызды.

Дәріс №10

Тақырыбы: Сөйлеу ағзаларының анатомиясы.

Жоспар:

  1. Ауыз, ерін, жақтар, тістер, тіл. Жұмсақ және қатты таңдайдың қызметі. Тамақ, жұтқынша. Көмекей, оның шеміршектері мен еттері.

  2. Мұрын, мұрын қуысы және оның пазухалары. Мұрын қызметі.

Сөйлеу немесе тіл – адамдардың катынас құралы ретінде қалыптасты. Ол еңбектің, нәтижесінде адамдар бірімен бірі тусіну үшін қажет болды. Тіл сөз арқылы ақпарат қабылдау, өңдеу және жеткізу түрінде сипатталады.

Сөз – бейнелеудің екінші сигналдық белгісі. Тіл байланыстырушы және реттеуші қызмет атқарады. Тілдің балайланыстырушы (коммуникамия) қызметі оның адамға тән арнайы қатынас құралы болуы. Бұл айтушы мен тындаушы арасындағы саналы іс-әрекет. Ол өзара тығыз байланысты айтылу (экспрессивтік),суреттеу немесе ұғыну (импрессивтік) түрлерінен тұрады. Мұның екеуі де өте күрделі психологиялық құбылыс. Бұлардың физиологиялық негізін мидың ерекше әрекеттік жүйелері атқарады.

Жануарларда да коммуникациялық іс-әрекеттің қарапайым түрлері кездеседі. Олардың кейбір дыбыстарды шығарулары немесе көру тітіркенулері басқа жануарларға сигнал болуы мүмкін. Алайда ол екінші сигналдық жүйе бола алмайды.



Тілдің ұғындырушы қызметі – сөз аркылы организмнің әртүрлі жүйелерін реттеуші жүзеге асырады. Сөз сигналы ішкі ағзалар кызметін, организмдегі зат алмасу қарқынын өзгертеді. Мұны К.М.Быковтың ми қыртысы – ағзалық теориясы дәлелдеді.

Сөздік тітіркендіргіштер қимыл-әрекет, сезімдік жүйелерді, вегативтік жүйені, мидің қызметін өзгертіп, адамның психикасына, көңіл күйіне әсер етеді. Мұндай психофизиологиялық көріністерді адамның және науқастардың әртүрлі әрекеттік жағдайларын анықтау үшін қолданады.

Нәрестелерді сөзбен белгілеудің акустикалық, кинестензиялық және оптикалық түрлері кездеседі.

Тілдің акустикалық түрі – дыбыс сигналдары ретінде болады. Ол сөз түйдектерін жіктеп немесе құрап анық түсінуге көмектеседі, яғни байланыстырушы әрекет атқарады.

Тілдің кинестезиялық түрі – дыбыс шығарушы артикуляциялық мүшелердің қимыл-әрекеті арқылы жүзеге асады. Тіпті дыбыс шығармай тек ойлаудың өзі олардың бұлшық еттеріне серпуін күшейтеді. Ал өз ойын саусақпен, ыммен түсіндіретін керең – мылқаулардың қол еттері жиырылады. Сол арқылы мұндай сигналдық жүйе оларды парасаттық дәрежеге жеткізеді.

Тілдің оптикалық түрі – жеке сөз. Тітіркендіргіштерін талдау және бірлестіру тетіктерін, сөздің символдық мәнін қамтамасыз етеді. Ми қыртысының шүйде аймақтары зақымданса әріптерді тану ажырату қиындайды. Ал қозғалыс және есту талшықтары зақымданған жағдайда әріпті жазумен қатар естіген сөзді ұғыну бұзылады. Тілдің физиологиялық негіздері үш күрделі үрдістен тұрады: сөздік сигналды түйсіну және танып білу.

Қабылданған хабардың мазмұнын түсіну және сөзді айту әрекеттері.

Тілдің немесе екінші сигналдық жүйенің іс-әрекеті мидың бөлігі мен сөзді айту , есту, жазу, көру талшықтары арқылы орындалады.

Сөзді айту талдағышы дыбыс аппараттары мен бұлшықеттері қабылдағыштарынан мәлімет алып, сөйлемдер құрастырып сөйлеуді жүзеге асырады.

Ол мидың маңдай бөлігінің екінші және үшінші қатпарларында орналасқан (Брока орталығы). Ауырсыну кезінде еріксіз сөйлеуге байланысты бұған қыртысты құрылымдар да қатысады.

Тілдің оптикалық орталығы сөзді оқу, тану мүмкіндігін қамтамасыз етеді Ол мидың бұрыштық қатпаларында орналасады.

Тілді түсіну мидың сөзді есту (акустикалық) орталығы арқылы атқарады. Ол оңқай адамдардың сол жақ ми сыңарының самай аймағының жоғарғы бөлігінде орналасқан (Вернике орталығы).

Тіл түйсігінің негізгі алты шарты акустикалық немесе оптикалық түрде келген акпаратты жіктеп ажырату. Мұны тек есту зердесі мен қиын материалды оқыған кездегі көздің ізденіс кимылдары арқылы орындауға болады. Ми қыртысының белгілі аймақтары екінші сигналдық жүйенің әрбір көріністерін жауапты болғанымен, әдетте тілдің күрделі іс-әрекеті (сөйлеу, оқу, жазу, санау) мидың басқа бөліктері бүлінсе де бұзылады. Өйткені психикалық іс-әрекет бүкіл мидың бірлестірілген қызметі.

Екінші сигналдық жүйе бұзылыстарының ішінде жиі кездесетін: агнозия-сөзді көргенде, не естігенде танымау, афазия - сөйлей алмау, аграфия - жаза алмау, амнезия - сөздерді ұмытып қалу, алексия - оқи алмау.

Балаңыздың дамуына не кедергі болады?

Қазіргі уақытта ата-аналарды мазалайтын бәрінен де көрі, екі негізгі мәселе: баланың денсаулығы мен оның рухани дамуы. Баланың дамуы үшін неше түрлі топтар ашылып жатыр, дүкендерде дамытушы әдебиет толып жатыр, мазасыз аналар жаңа немесе одан да көрі тиімді дамыту бағдарламаларын іздеу үстінде. Ал балалар, өз кезектерінде, пайдалы қаражат бөлінген не бір объект, не әлеуметтік теңеу рыногында «тауар» болды. Өкінішке орай, ата-аналардың азы ғана балаға шынында не қажет екенін ойластырады. Ал егер ойласа да, өздеріне өзі жауап береді: "Өмірде бұл балама керек болады ол ең жақсы мектепке бару және ең беделді университетті бітіру, және тіпті де: ең-ең болуы тиіс!" Мақсат игілікті, бірақ, менің ойымша, біржақты. Сірә, өз баланда болашақ данышпанды көру, жаратылыста салынған. Қай ана қызы үй кызметшісі болсын деп армандағысы келді? Ал қай әке баласын коммерциялық автобустың кондукторы ретінде көргісі келеді? Түсінікті, ата-аналар өз балаларына ең жақсысын тілейді, бірақ көбінесе, шынында жақсы болу үшін не жасау керектігін, олар өздері күңгіртті елестетеді. Сіздің балаңыздың расында, сәтті даму жолындағы бөгеттердің бірнеше варианттарын қарастырайық. Ата-аналар өз баласын басқалармен салыстыру бейімділігі. Өз бала – шағасын бөтен балалармен салыстырамын деп өзіне мойындауы мүмкін, біраз ата-аналар бар, деп ойлаймын. Психологияда мұндай феномен элемметтік салыстыру деп аталды. Сөз жоқ, мұндай салыстыру бізге баламыз дұрыс дамып жатыр ба деп, бағыт алуға көмектеседі. Бірақ кей кейде, әлеуметтік салыстыру абсурдқа дейін жетеді. Ең таратылған көрініс – екі ана бір біріне жапа-тармағай, баласының неге қабілетті екенін айтып жатыр. Немесе мынадай ситуация: бір ана өз баласының жетістіктері туралы әнгімелеп жатыр, ал екіншісі күрсініп, акырын сөйлейді: "Ал біз әлі санау білмейміз, және алфавиттен тек бірнеше әріп білеміз, және «р»-әрпін айта алмаймыз." Әлеуметтік салыстыру накты бір шамада ғана пайдалы бірақ ешқай жағдайда бала танымының негізгі құралы болмауы керек. Барлық балалар әртүрлі дамиды, және әр балада өз рекорды болуы тиіс! Міне, кеше ол тек үш түсті біліп еді, ал бүгін төрт! Және ешқай жағдайда: Маша тек үш түсті біледі, ал Аленка төртке жетті.

Дәріс №11

Тақырып: Сөйлеу ағзаларының физиологиясы.

Жоспар:

1.Дауыстың акустикалық қасиеттері. Дауыс-әртүрлі дыбыстардың жиынтығы. Дауыстың қасиеттері (қуаты, жоғарлығы, тембрі). Дауыс регистры. Дауыс мутациясы.

2. Негізгі тыныс алу қызметі. Тынысалу циклы-демалып-демшығару.Демалыс типтері.Өкпе көлемі.

3.Сөйлеу мен өлең айту үш қызметі: фонация, артикуляция. Сөйлеу мен дауыс шығарудың шымылдығы (сіңірі) мен дауыс сыңылауының өзгерту құбылыстары.Сөйлеу дыбыстарының құралуы. Сөйлеудыбыстары құралғандағы артикуляциялық ағзалардың жұмысы. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың шығуы.

4. Балалардың сөздерінің даму сатылары.

Тыныс алу дегеніміз ағза және сыртқы орта аралығындағы газ алмасу үдерісі.

Тыныс алу деп ауадан оттегіні сіңіріп,көмірқышқыл газын шығаруын қамтамасыз ететін өзара байланысты көптеген үрдістерді айтады.

Тыныс алу жүйесінің негізгі қызметі-ағзаны оттегімен қамтамасыз етіп метаболизм барысында түзілген көмірқышқыл газын шығарып отыру.Тыныс алу жүйесі оттегіні қанайналым жүйесіне өткізеді.

Тыныс алу үш кезеңнен тұрады:

1.Сыртқы немесе өкпедегі газалмасу-бұл газ алмасу сыртқы ортамен өкпенің арасында өтеді.

2.Қанмен ұлпаларға газдардың тасмалдануы.

3.Ұлпалардағы газ алмасу-ұлпаларға енген оттегінің митохондрияларда органикалық заттарды тотықтыруы.

Тыныс алу циклына дем алу мен дем шығару жатады.Сыртқы тыныс алу,яғни газдардың ауадан өкпеге өтуі,өкпеден қайтадан атмосфераға шығарылуы екі кезеңнен:демалу(инспирация) және демшығарудан(экспирация) тұрады.Инспирация мен экспирация тірі организімде өзара зжымдасып үйлесім тапқан,өмір бойы бірінен соң бірі кезекпен келіп алмасып отырады.Ауаны өкпеге тартыпалып,ондағы газ алмасуына қатысқан ауаны тысқа шығару үшін өкне біресе ұлғайып,біресе тарылып тұруға тпиіс.Бірақ альвеола қабырғасында ет талшықтары болмағандықтан өкпе кеңейіп ен тарылып көлемін өзі өзгертеалмайды,бұл үрдіс көкірекқуысының ұлғайып -тарылуына байланысты.Өкпе сыртындағы аумен қатыспайтын көкірек қуысында орналасқан.Сыртынан өкпе висцералдық және париеталдық екі қабықпен қоршалған.Висцералдық плевра өкпе тінімен біте байланысқан.Өкпе түбіріне жеткен жерде париеталдық плевраға айналады да көкірек қуысының ішкі жағынан астарлап қөмкереді,ондағы тіндермен біте қиылысады.Плевра қабықтарының арасында плевралық қуыс деп аталатын саңылау тәрізді өте тар кеңістік бар.Онда плевра қабықтарының ішкі беттерін майлап өзара үйкеліс кедергісін азайтатын аздаған шырышты сұйықтық болады.Плевралық кеңістік бітеу,оның ішінде ауа болмайды,сондықтан да плевра дем алған сәтте бірінен-бірі айырылып алшақтай алмайды.Осыған орай көкірек қуысы кеңейген кезде париетальдық плевра висцералдық плевраны өзіне тартып өкпені созады.Сол кезде оның ішіндегі қысым азаяды,сондықтан қысымы жоғары сырттағы ауа өкпеге кіріп,оны одан әрі кернеп кеңейтеді.Дем шығарған сәтте көкірек қуысы тарылады да өкпе қысымы жоғарлағандықтан ауа сыртқа шығады,өкпе кішірейеді.Сонымен өкпенің кеңейіп-тарылуы көкірек аумағының өзгеруіне,яғни тынысалу еттерінің жиырылып босауына байланысты.

Адам демді ішке тартқан кезде инспирация еттері жиырылады да,көкірек қуысын кеңейтеді:көкет жиырылады,оның күмбезі жазылып 1,5см төмендейді.Сөйтіп көкірек қуысы жоғарыдан төмен қарай кеңейді,сыртқы қабырғааралық және шеміршекаралық еттер тартылып,қабырғаларды жоғары қарай көтереді,осы кезде төс алға қарай ығысыды да солдан оңға,оңнан солға және арттан алға қарай көкірек өлшемдері ұлғаяды,сөйтіп көкірек кеңейеді.Өкпе алвеолары тіндерге бай,осыған байланысты олар жазылып ұлғаяды да көкірек қуысын кернеп түгелдей жайлап алады.Осы сәтте алвеоларда қысым азаяды да сырттан тартылған ауа өкпеге қарай ойысады.Одан әрі инспирация еттері босап қабырғалармен төс әдеттегі орындарына түседі,іле-шала көкет күмбезі томпайып,жоғары қарай көтеріледі де көкірек қуысы тарылады,өкпенің аумағы кішірейеді.Көкірек қуысының тарылуы экспирация еттері, яғни ішкі қабырғааралық еттердің жиырылуына байланысты.Дәл осы кезде альвеолаларда ауа қысымы күшейеді де,мұндағы ауа өкпеден сыртқа қарай ығысады.Қаттырақ,яғни дем алған сәтте,қосымша тынысалу еттері бұл үрдісті күшейте түседі.Бұл еттер үлкен және кіші кеуде еттері,алдыңғы тіс тәрізді еттер.Ал демді қатты шығару тура,қиғаш,көлденең жолақты құрсақ еттерінің жиырылуына байланысты.Демді ішке алу мен демшығару тыныс еттерінің жиырылуынан болатынын,ал өкпенің тынысалуға тікелей қатыспайтынын яғни өздігінен жиырылып,созылмайтынын Дондерс тәжірибе жүзінде дәлелдеп берді.демді ішке алып сыртқа шығаруда плевралық қуыс ішіндегі қысым деңгейінің өзгеруі де маңызды рөл атқарады.



Тыныс алу барысында ауа тыныс жолы арқылы өкпеге кіріп,оттегіні берген соң сыртқа шығып отырады.Өкпеге дейін кіріп-шығаратын ауаның мөлшері демалу мен демшығарудың тереңдігіне байланысты.Біркелкі тыныштық жағдайда демді ішке жәй тартып сыртқа шығарса өкпеге дейін кіріп-шығатын ауаның мөлшері адамда 500мл-дей болады.Осы жәй дем алғанда тыныс ағзаларына еніп қайта шығатын ауаның мөлшерін қалыпты тыныс ауасы(ҚТА) деп атайды.ҚТА тұтасынан өкпе көпіршігіне барып жетпейді,оның 150мл-і тыныс жолын толтырады да,газ алмасу үрдісіне қатыспайды.Сондықтан тыныс жолын толтырған ауаны <өлі> кеңістік ауасы деп атайды.Сөйтіп сырттан келіп түскен ауаның 350мл-і ғана өкпеге барып газ алмасу үрдісіне қатысады. Демді әдеттегідей жай ғана ішке тартып қоймай,одан әрә демді әлә келгенше тереңдете түссе,адам ҚТА-сына қосымша 1500-2000мл ауаны жұта алады.Осылайша қатты дем алғанда ҚТА-сына қосымша жұтылатын ауа көлемін резервтік(қосымша)демалу ауасы(РДАА) дейді.Сөйтіп демді қатты ішке тартса тыныс жолдарын толтырып өкпеге жететін ауа мөлшері ҚТА (500мл) мен РДАА(1500-2000мл) тұрады.Мұны демалу мөлшері дейді.Ол 2000-2500мл тең. Қалыпты тыныс алу кезінде әдеттегідей дем шығарып,дем алмастан күшпен дем шығарса,тағы да сыртқа 1000-1500мл ауа шығаруға болады.Мұны резервтік демшығару ауасы (РДША) дейді.Бұл ауа қалыпты жағдайда өкпеде сақталады,тек демді қатты шығарғанда сыртқа шығады,сондықтан бұл қор ауа деп те аталады.Сонымен үш түрлі ауа-қалыпты тыныс ауасы,резервтік демалу ауасы,резервтік демшығару ауасы бірігіп өкпенің тіршілік сиымдылығын(­ӨТС) құрайды.Былайша айтқанда ӨТС дегеніміз-терең дем алып,іле-шала терең дем шығарған кезде сыртқа шығатын ауаның көлемі.ӨТС ересек адамдарда 3500-5500мл.ӨТС адамның жасына,жынысына,бойына,дене еттерінің күшіне байланысты болады.ӨТС қарт адамда аз,оның қабырға шеміршектері қатайып,өкпесінің серпімді қабілеті төмендейді сондықтан демді ішке тартқанда кеуде қуысы онша кеңімейді,өкпесі керегінше жазылмайды.Ер адамға қарағанда әйел адамдарда көкірек қуысы тарлау,ал жолақ еттері әлсіздеу келеді.Сондықтанда әйелдерде ӨТС төменірек болады.Спортшы адамның тыныс еттері ширақ,күштірек келеді де,дем алған кезде көкірек қаттырақ керіледі,ӨТС –ы жоғары болады. ӨТС-ын,оның құрамындағы ауа түрлерінің көлемін спирометрмен өлшейді. Күш салып терең дем шығарған сәтте 1000-1500мл ауа сыртқа шықпай өкпеде қалып қояды.Мұндай ауа қалдық ауа(ҚА) деп аталады.Қалдық ауа мен резервтік демшығару ауасының қосындысын функциялық қалдық ауа(ФҚА) деп аталады.Ал қалыпты дем алғанда функционалдық қалдық ауа қалыпты тыныс ауасымен араласып,әрдайым аздап жаңарып отырады.Демді мейлінше ішке тартқан кездегі өкпені толтырған ауаның жалпы мөлшері өкпенің жалпы сыйымдылығы (ӨЖС) деп аталады.ӨЖС өкпенің тіршілік сыйымдылығы мен қалдық ауадан тұрады.Өкпедегі қалдық ауаның мөлшері жанама әдіспен анықталады.Әдетте ҚА өкпенің жалпы сыйымдылығының 20-30%тең.Қарт адам өкпесінің серпімді қабілеті төмендеп шеміршегі қатайғандықтан өкпенің тіршілік сиымдылығы азайып кетеді,ал қалдық ауаның көлемі көбейе түседі.

Баланың сөйлеу тілі туа біткен процесс емес екендігін көптеген авторлар дәлелдеген.Ол онтогенез барысында адамның әлеуметтік дамуымен байланысты.Сөйлеу тілінің дамуы мидың орталықтарының және оларды жалғайтын жолдарының қалпына,баланың ой-өрісі мен дене дамуына байланысты болады. Баланың сөйлену тілі дамуын зерттеген ғалымдардың көпшілігі (А.Н.Гвоздев,Г.А Розенгард-Пупко,А.Н.Леонтьев)екі негізгі кезеңге бөледі:сөйлеу тілі шыққанға дейінгі(баланың туылған кезінен бір жасқа дейін) және сөйлеу тілі шыққан кезең(бір жастан кейін).



Сөйлеу тілі шыққанға дейінгі кезеңді дайындық кезең деп аталады.Өйткені бұл кезде баланың сөйлеу тілін меңгеруге дайындық жүреді.Баланың туылған кезінен бастап дауыс реакциялары пайда болады.Олар айқай және жылау.Бірақ бұлар әлі де адамның сөйлеу тілінің дыбыстарынан бөлек.Сонда да айқай да,жылау да, сөйлеу апаратының үш бөлігінің(демалу,дауыс шығару,артикуляция) әр түрлі қимылдарының дамуына әсерін тигізеді. Екі аптадан кейін бала айналасындағы сөйлеген адамның даусына назар аударады,жылауын қояды,адамдар оған сөйлегенде <<тыңдайды>>.Бір айдың аяғында баланы әлдилеп жұбатуға болады.Сөйлеген адамға басын бұрып және оның артынан көзімен қарайтын болады.Интонацияға(дауыс ырғағына) реакция береді: жылы және қатты сөйлегенді сезеді.Бұл кезде баланың уілдеуі әр түрлі интонациямен шығады.Ең бірінші пайда болатын дауысты дыбыстар.Содан кейін еріндік дыбыстар пайда болады.Бұл физиологиялық ему процесіне байланысты.Ең соңында шығатын тіларты дыбыстар.Бұл физиологиялық жұту процесіне және тілдің түбінің көтеріңкі болуына байланысты(баланың шалқасынан жатуы).Уілдеу баланың еркіне байланысты емес.Ол өз бетімен пайда болады.Баланың 5-6 айында былдыр пайда болады.

Былдыр дегеніміз белгілі дыбыстық комплекстердің,дауыссыз және дауысты дыбыстардың тіркестерінен пайда болады.Уілдеу мен былдыр қарым-қатынас қызметін атқармайды. 7-8 айында бала ересектердің сөйлеу тіліне еліктейді.Бала естіген дыбыс тіркестерін заттармен жіне олардың іс-қимылдарымен сәйкестендіреді.Бала міндетті түрде айналада тек қана дұрыс сөйлеу тілін есту керек.Бірақ бала әлі де ситуацияға,интонацияға,сөзге бір реакция береді.Ал 10-11 айында сөздің өзіне реакйия беретін болады.Бірінші жылдың аяғында балада алғашқы сөздер пайда болады.Осы кезеіде баламен жиі өарым-өатынаста болу керек.Баланың сөйлеу тілінің дамуы оның жеке ерекшеліктеріне байланысты.Бір бала бірнеше сөз айта алатын болса,екінші бала оншақты сөз қолданады.Бұл баланың соматикалық жаңдайына,нерв жүйелерінің түріне,тәрбиесіне т.б байланысты.Баланың алғашқы сөздері шыққанан бастап дайындық кезеңі аяқталады.

Сөйлеу тілі шыққан кезең өзара үш кезеінен тұрады.Мектеп жасына дейінгі алдыңғы кезең бір жастан үш жасқа дейін созылады.Сөйлеу тілі оны құрайтын компенеттері бойынша дамиды:дыбыс айту,сөздік өоры,грамматикалық құрылысы.

Сөйлеу тілінің фонетикалық жағынан дамуында баланың күнделікті естейтін сөйлеу тілінің маңызы зор.Бала осы кезде айналада тек қана дұрыс сөйлеу тілін есту керек.Бұл кезеңде бала дыбыстарды алмастырып,шатастырып,бұзып айтады,немесе мүлдем айтпайды.

Баланың бірінші сөздері жалпылыма маңынады қолданылады.Мысалы,<<су>>, <су бер>>,<<су суық>> дегенді білдіруі мүмкін.Баланы тек жағдайға қарап түсінуге болады.Сондықтан бұны ситуациялық сөйлеу деп атайды.Бұндай сөйлеуде бала ишара және мимика көп қолданады.Баланың сөздік қорының дамуы 2-3 жастың арасында белсенді болады.Әр түрлі авторлар баланың сөздік қорының толуы жайында әр түрлі сандық мәліметтер береді.Ең көп таралған мәліметтер мыналар:

1ж. 6айда-10-15 сөз.

2 ж.соңында-шамамен соңында-шамамен 300 сөз;

3ж.қараған шағында-1000сөздің көлекмінде.

3 жасқа қараған шағында балада сөйлеу тілінің грамматикалық жағы қалыптаса бастайды.Алғашқыда бала өзінің өтініштеріеһн бір сөзбен білдіреді,содан кейін-қарапайым түсінуі сөйлеу қабілетіне қарағанда жоғары болады.

Келесі кезең- мектеп жасына дейінгі( 3 жастан 7жасқа дейін) Сөйлеу тілінің фонетикалық жағынан қалыптасуының ерекшеліктері-3жаста ш,ж,ч,щ дыбыстары с,з дыбыстарына,щ дыбысы ч,ть, кейде т,д дыбыстарына алмастырылып айтылады.Ысқырық дыбыстарды айтқан кезде тісаралық,тістөңіректік,еріндік тістік сигматизм байқалады.Р,л дыбыстары й,ль дыбыстарына,қ,г,х дыбыстары т немесе д дыбыстарына алмастырылып айтылады.

4 жаста дыбыстардың айткы тұрақсыз болады.Ысқырық дыбыстардың айтылуында тісаралық сигматизм байқалады.Жеке ызың дыбыстары дұрыс айтылады.Сонорлы р,л дыбыстары әлі де дұрыс айтылмайды,олар й,в дыбыстарына алмастырылып айтылады.Ысқырық,ызың және к,г,х дыбыстары 5-6жастағы балада қалыптасқан болу керек.Ал артикуляциялы күрделі р дыбысы 7 жасқа дейін қате айтылуы мүмкін

Сөйлеу тілінің сөздік қорының дамуы:алғашқыда бала тек қана сөздің номинативті функциясын ғана меңгереді.Сонымен қатар етістіктерді қолдана бастайды. Кейінен басқа да грамматикалық категогрияларды игереді:сын есім,есімдік,үстеу.А.Н.Гвоздевтің айтуы бойынша 3жастағы балада грамматикалық негізгі категориялары толық қалыптасады.4 жастағы бала өз тілінде жай және күрделі сөйлемдерді қолданады.5 жастағы бала қосымша сұрақтарсыз тыңдаған әңгіменің мазмұнын өз бетімен айтып бере алады.Осы жаста баланың фонематикалық қабылдау әрекеті де дамиды:алғашқыда бала дауысты және дапуыссыз дыбыстарды,кейін жуан және жіңішке дауыстыларды,сонорлы,ысқырық,ызың дыбыстарын ажырата бастайды.4 жасында қалыпты дамыған бала ана тілінің барлық дыбыстарын ажырата алу керек,яғни оның фонематикалық қабылдау қасиеті толығымен дамыған болу керек.

Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының дамуы үш кезеңнен тұрады:аморфты түбір-сөздерден тұратын сөйлемдер,сөйлеудің грамматикалық құрылысын игеру,ана тілінің морфологиялық жүйесін игеру.



Мектеп жасындағы кезең(7-17жас).Бұл кезеңде баланың сөйлеу тілі дамуының ерекшелігі-сөйлеу тілін саналы түрде игеру.Балалар дыбыстық талдауды,грамматикалық ережелерді толығымен меңгереді.Сөйлеу тілінің жаңа түріне-жазбаша сөйлеу тіліне бастаушы рөл береді.Сонымен,мектеп жасында баланың сөйлеу тілінің қайта қүұрылуы байқалады-тіл дыбыстарын қабылдап,ажыратудан бастап сөйлеу тілінің барлық құралдарынсаналы түрде қолданылуы.Әрине, әр кезең келесі кезеңге бірқалыпты ауысады.Баланың сөйлеу тілінің дамуы қалыпты және уақытынша өту үшін,оған жағымды жағдай болу керек,баланың соматикалық және психикалық денсаулығы мықты болуы;ойлау қабілеті қалыпты;есту және көру қабілеті қалыпты болуы керек.

Шетел ғалымы П.Менюк сөйлеу тілінің дамуын өзгеше қарастыра отырып,оны 5кезеңге бөледі:Бірінші кезеңде( сөйлеу тілі шыққанан былдырға дейін) айғай мен алғашқы вокализациясы бастапқы болады.Бұл кезеіде негізгі назар дауыс реакцияларының интонациялық сипатына аударылады.Баланың айқайына анасының жауыбының маңыздылығы зор екенін ескереді.Сөйлеу тілі дамуының бірінші кезеңінде балалардың акустикалық тітіркеніштерді ажырату мүмкіндіктері байқалады.Екінші кезең –былдыр кезеңі.Бұл кезде балада дыбыстық белсенділігі дамиды,өз айқайын бақылы бастайды.



Үшінші кезең-бір сөздік деңгейде қарым-қатынысқа түсу.Осы бастан баланың сөйлеу тілінің нақты дамуы басталады.Сөйлеу тілі қабылдауында,сөйлеуінде де сапалы өзгерістер байқалады.Балада айтылған сөзді ұзақтылығын байқай алатын мүмкіншілік туады.

Төртінші кезең- екі сөздік деңгейде қарым-қатынысқа түсу.Бұл синтаксистік дамуының бастауыш кезеңі.Сөйлеу тілінің грмматикалық категорияларын меңгеруі бесінші кезеңде басталады.

Фонация кезінде дауыс перделері жабық күйде болады.Дем шығарғанда ауа бір-біріне жақын тұрған дауыс сіңірлерінің арасынан өтіп оларды ажыратады.Көмекей бұлшықеттерінің жиырылуы арқылы дауыс перделері қайтып өз орнына келеді. Дауыс перделерінің арасының осылайша ашылып-жабылуы сыртқа шығатын ауаның қысымы тіткенше созылады.Осылайша фонация кезінде дауыс перделері шиелініседі және тербеліс қимылдарыт пайда болады.Дауыс сіңірлерінің осы тербеліс қимылдары дыбыс толқындарын туғызыды.Сөйлемеген кезде дауыс перделері ашық болады.Сыбырлап сөйлеген кезде дауыс перделерінің бір бөлігі ғана қозғалысқа түседі.Дауысты және үнді дыбыстарды айтқан кезде дауыс перделері жабық,ал дауыссыз айтқанда олар ашық күйде болады.Сонымен фонация кезінде дауыс перделері тербеліске түседі.Бұл тербелістер бойлық емес,көлденең бағытта болады,яғни дауыс перделері төмен және жоғары қарай емес,іштен сыртқа қарай қозғалады.Адамның даусы күшіне,жіңішке жуандығына және тембіріне қарай бқлінеді.Дауыстың күші көбіне дауыс перделерінің қозғалу амплитудасына байланысты.Ол ауа ағымының қысымымен, яғни дем шығару күшімен белгіленеді.Сонымен қатар дауыс күшіне дыбыс күшейткіш болып табылытын жұтқыншақ,ауыз жіне мұрын қуысы да әсер етеді.

Резонатарлық қуыстың формасымен көлемі және көмекейдің құрылымының ерекшеліктері дауыстың дара реңкіне немесе тембріне әсер етеді.Адамдарды дауысынан дәл осы тембрі арқылы ажыратуға болады.Дауыстың жіңішке жуандығы дауыс перделері қозғалуының жиілігіне және дауыс перделерінің ұзындығына,жуандығына және керілу дәрежесіне тікелей байланысты.Дауыс перделері неғұрлым ұзын және кернеу аз мөлшерде болса,соғұрлым үн дыбысы төмен болады.



Артикулациялық ақпараттың құрамына ауыз және мұрынт қуыстары мен жұтқыншақ кіреді. Артикуляция мүшелері белсенді- қозғалмалы және енжар қозғалмайтын болып бөлінеді. Тіл-артикуляцияның негізгі мүшесі болып табылады.Тіл-көлемді,сіңірлері жоқ белсенді мүше.Жақ с үйектері қабысқан ол бүкіл ауыз қуысын толтырады.Тілдің алдыңғы бөлігі қимылды,артқы бөлігі тіл түбірі деп аталады.Тілдің қимылды бөлігінің ұшы,алдыңғы және бүйір жақтары,тіл арқасы.Тілде сөйлеу кезінде әр түрлі міндет атқаратын көптеген бұлшық ет топтарын ажыратуға болады.

Артикуляция(лат. аrticulare- бөлшектеу,айқындап анық айту)-жеке тіл дыбыстары мен олардың қосындыларын айтқанда қажет сөйлеу мүшелерінің іс-әрекеті.Бұл дыбыс шығаруына бағытталған сөйлеу тілінің перифериялық мүшелерінің жұмысы.

Артикуляциялық аппараттың ақаулары.

Артикуляциялық ақпараттың құрылысында туа тіткен немесе ерте(7 жасқа дейін) жаста пайда болған кез-келген бұзылыстар баланың сөйлеу тілінің қалыптасуына және дамуына әсер етеді.Артикуляциялық аппаратында кешірек пайда болған кемістіктер әдетте күрделі кемістіктерге соқтырмайды,бірақ ауызша сөйлеу тілінің жеке сипатына және сапасына маңызды әсерін тигізеді.



Артикуляциялық аппаратың ақауларының түрлері.

Тістену(ортогнатия)-астыңғы және үстіңгі тістердің бірігіп тұрғанындағы жақ сүйектердің қабысуы.Қалыпты жағдайда үстіңгі тістер біршама алға жылжып отырады.Тістенудің ақаулықтарының бірнеше түрлері болады:кемиек(прогнатия),опырауыз(прогения),азу тістердің қабыспауы, ашық қабысу,түзу жабық қабысу,терең жабық қабысу.

Прогения- астыңғы жақ сүйегінің шамадан тыс дамуына байланысты оның алдыға шығып кетуі.

Прогнатия-жоғары жақ сүйегінің шамадан тыс дамуына немесе астыңғы жақ сүйегінің жетік дамымауының салдарынан оның алдыңға шығып кетуі. Бұндай ақаулықты қазақ тілінде кемиек деп атайды.

Алдыңғы тістену-астыңғы және үстіңгі тістер бір деңгейде орналасады.

Алдыңғы ашық тістену-прогнатия,прогения немесе тістердің болмауы салдарынан алдыңғы тістердің қабысбауы.

Диастема(diastema-грек арақашықтық,аралық)-тістердің орналасуыныңақаулығы;жоғары күрек тістер арасы шамадан тыс ашық.Диастема шынайы және жалған деп бөлінеді.Шынайы диастема-барлық тістер шығып болғанан кейін байқалады,жалған диастема-тістер шыққанға дейін байқалады.

Тіл асты желбезегінің қысқа болуы-туа біткен ақаулық.Бұндай жағдайда тіл қимылдары қиындап,шектеулі болады.Сондықтан көптеген жағдайда тілдің жоғары көтерілімін талап ететін дыбыстарды айту бұзылыстарының себебі болып табылады.

Парез және паралич салдарынан тіл қимылдарының бұзылыстары,сонымен бірге оның туа біткен шамадан тыс дамуы несесе тілдің жетік дамымауы пайда болады.Қалыпты жағдайды тіл артикуляцияға керек барлық қимылдарды орындайды;оңай жайпақталады;жоғары алвеолаларға көтеріледі;төменгі алвеолаларға түседі.

Биік және готикалық таңдай –таңдай қақпа тәрізді ауытқуларда кездеседі.

Дауыс- бұл өзінің күрделілігіне және әлеуметтік маңыздылығына байланысты емес,адам көмейінен шығатын кез-келген дыбыс.Дауыс генераторлық бөлім ретінде қызметететін көмейде пайда болады.Дыбыстың акустикалық қасиетін ажырату есту қабілетінің көмегімен іске асырылады.

Үн дыбысы- қалыңдай түскен толқын және тітіркеніш түрінде жайылатын ауа бөлшектерінің тербелісі.

Дауыстың жоғарылығы- есту мүшелерінің тербелгіш қозғалыстарының жиілігін субьективті түрде қабылдауы.Ауа тербелісі неғұрлым жиі болса,соғұрлым дыбыс жоғары болып шығады.Дауыстың жоғарлығының сапасы дауыс перделерінің бір секунд ішінде түсетін тербеліс жиілігіне байланысты болады.Негізгі үн жиілігі герцпен өлшенеді.Жай сөйлеу тілінде еркектерде 85-тен 120Гц-ке дейін,ал әйелдерде 160-тан 340 Гц-ге дейін өзгереді.

Дауыстың күші,қуаты дауыс шымылдығының діріл қарқынына байланысты болады.Децибеллмен өлшенеді.Дауыс перделерінің діріл қарқыны неғұрлым көп болса,соғұрлым дауыс күшті шығады.Дыбыс тембрі немесе дыбыс реңкі дауыстың сапасының маңызды сипаты болып табылады.Ол күрделі дыбыстардың акустикалық құрамын көрсетеді және тербеліс күші мен жиілігіне тәуелді болады.

Дауыс функциясының дамуын жеті кезеңге ажыратуға болады:

-мектепке дейінгі кезең.Бұл кезең ішінде нәрестелік,ерте жас,мектепке дейінгі ересек жас кезеңі деп бөлінеді.

-мутацияға дейін кезең;

-мутация кезеңі,

-мутациядан кейінгі кезең,

-қарастырып отырған қызмет пен адам организмінің қалыптасу кезеңі,

-сенімді қызмет атқару кезеңі;

-басылу кезеңі-кірілік дауыс.

Мектеп жасына дейінгі кезеңде дауыс аппараты үшін нәрестелік шақ қиын-қыстау кезең болып табылады.Сәбидің дауыс жиілігі орташа есеппен 425 Гц құрайды.Дыбыстауының диапозоны 5-6 нотаны құрайды.

Мутацияға дейін кезеңде даус аппаратының динамикалық дамуы байқалады.Бұл кезеңде дауыс шығару мен дауысты өңдеу бөлігінің мүшелерінің көлемі ұлғая бастайды.Бала дауысы бірте-бірте дамиды,оның диапозоны 11-12 нотаға жетеді.

Келесі қиын –қыстау кезең- мутация кезеңі.Дауыс мутациясы жас ерекшелігіне байланысты эндокринді өзгерістерінің салдарынан дауыс аппаратындағы өзгерістерінің нәтижесінен пайда болады.Бұндай өзгерістер физиологиялық деп есептеледі және жыныстық жетілу(13-15 жасында) кезінде байқалады. Ер балалардың дауыс аппараты бұл кезде тез өскінімен,бір қалыпты өспейді,ал қыздар баяу дамиды.Қыздарда 37% мутацияның белгілері байқалады,бірақ көп жағдайда айқын көрінетін бұзылыстар байқалмайды.Жыныстық жетілу кезінде еркек және әйелдің көмейі анық ерекше өзгешеліктеріне ие болады.Мутация кезеңі жыныстық жетілу кезіне байланысты алты айдан бір айға дейін созылуы мүмкін.

Мутацияның үш кезеңін ажыратады:алғашқы,негізгі,соңғы.

Алғашқы кезеңде дауыс перделерінің болымсыз қызаруы байқалады.Негізгі кезеңде бүкіл көмейдің гиперимиясы,кейбір жағдайда дауыс перделерінің артқы үш бөлігінің тең бүйірлі үшбұрыш тәрізді қабыспауы байқалады.Дауыс перделерінің синхрондық және асинхрондық тербелістері байқалады.Бұл көмейдің сыртқы және ішкі бұлшық ет қызметтерінің,тыныс алуының және дауыс шығаруының үйлесімінің бұзылысын көрсетеді.

Мутацияның соңғы кезеңі ересек адамның дауыс шығаруы механизмін бекітеді.

Мутациядан кейінгі кезеңге жетіліп болған дауыс аппаратының жарақаттанғыштығы,дауыс шаршағыштығы тән болып келеді.Бұл кезең бірнеше айға созылады,осы кезде дауыс диапозоны кеңейіп,дауыстың жеке тембрі,күші,жоғарлығы анықталады.Логопед дауыс аппаратының құрылысы мен қызметін білуі тиіс, әр түрлі жастағы балалардың көмейінің анатомиялық,физиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек.Мутация кезінде дауыс тәртібін сақтау жеке орнатылады.Мүлдем үндемеу тәртібі тек көмейдің шырышты қабығының ісінуі кезінде ұсынылады.Мутация кезінде жасөспірімнің дауыс аппаратын сақтау керек.Сөйлеу жүктемесі орташа,дауысына күш түсірмеу керек.Дауыс тәртібін сақтамаған жағдайда көмейдің ішкі бұлшық еқ қызметінің тұрақты бұзылуы орын алуы мүмкін.

Мутация кезеңін жеңлдету үшін жасөспірім организімін шынықтыр,денеге түсетін ауырлығын мөлшерлеу,демалысы мен еңбек дұрыс бөлу пайдалы.

Дауыс апаратының қызметі мен адам организмінің қалыптасу және сенімді қызмет атқару кезеңі дауыс шығару механизімінің тұрақтылығымен,кең дауыс диапазонымен, ең жоғары күш және инотациялық мүмкіндіктерімен сипатталады.

Бұл кезеңде де дауыс апаратының функционалды қалпына әсер ететін жеке физиологиялық функцияларының өзгерістері байқалуы мүмкін. Көбінесе олар гармонды статусқа байланысты болады(қалқанша безі, бүйрек үсті безі,гипофиз гормандары).Қалқаша безі гормандарының баланысы бұзылған кезде аурудың алғашқы белгілерінің бірі дауыс сапасының бұзылуы болады. Қалқанша безінің функциясының жоғарылау жағдайында дауыс тембрінің және жоғарылығының аяқ астынан өзгеруі ,тез шаршап қалуыайқын көрінеді.Ал қалқанша безі гормандарының деңгейі төмендеген кезде дауыс диапазонының тарылуы байқалып,артықшулар пайда болады,дауыс бәсең тонға ие болады.Сөйлеу тілі баяу,дауыс ырғағы кедей болады.Бүрек үсті безі қызметінің төмендеуі кезінде сөйлеу шаршағыштығы,дауыс күшінң күрт төмендеуі(афонияға дейн баруы мүмкін),бұл қызметінің жоғарылау кезінде әйелдерде варилизация белгілері(дауыстың еркектерге тән тембрі) байқалады.

Басылу кезеңі(60 жас және одан жоғары) – дауыс апаратының барлық функционалды мүмкіншіліктерінің төмендеуімен сипатталады. Мұндай төмендеу жүйке импульстеріні өтуіні жас ерекшелігіне байланысты өзгеруінің(жүке қоздырғыштардың жылдамдғының төмендеуі және нерв процестерінің қозғалғыштығының шектелуі), дауыс бұлшық еттерінің сорылуының,өкпенің тыныс алу көлемінің азаюының салдарынан пайда болады. Кәрілік дауыс акустикалық жағынан төмен диапазонымен,тұрақсыз тембрімен,<<салдырлаған>>, <<жарықшақтанған>> тонымен, төмендеген күшімен сипатталады.Бірақ дауысты кәсіби әрекетке белсенді пайдалану(актерларда,педагогтарда,вокалистерде)кезінде дауыс апаратында жас ерекшелігіне байланысты айқын өзгерістер байқалмайды.

Дауыстың бұзылуының себептері, механизмі және классификациясы

Дауыс бұзылуының себептері алуан түрлі:көмей,мұрын қуысы мен жұтқыншақтың қосыған жерінің,өкпе,бронх және кеірдек, жүрек және жүрек-тамыр жүйесінің аурулары,дауыс гигиенасын ережелерін дұрыс сақтамау,есту қабілетінің төмендеуі. Аталған этиологиялық факторлар дауыстың органикыалық және функционалды бұзылыстарына соқтырады.Бірақ дауыс бұзылуының осы түрлерінің арқасында шек қою өте қиын. Органикалық бұзылыстың алғашқы симптомы көмей функцияларының жартылай бұзылуы және жеңіл түрде қырылдауы болуы мумкін,ал функционалды бұзылыстар көмейдің ауыр органикалық өзгерістерінің,тиісінше дауыстың созылмалы бұзылыстарының себебіні бірі болуы мүмкін.

Дауыстың бұзылуы ортақ және шеткі (перифериялық) болып бөлінеді. Бұның әрқайсысы органикалық немесе функционалды болуы ықтимал.Бұзылыстардың көпшілігі жеке бұзылыс болып келеді. Олардың себептері тек дауыс апаратының әр түрлі өзгерітерінің немесе ауруларының пайда болуына байланысты.Бірақ,олар басқа да күрделі тіл кемістіктерімен бірге жүруі мүмкін(афазия, ринолалия,дизартрия,тұтықпа кезінде).

Дауыс бұзылуының механизмі көмейдің жүйке-бұлшық ет апаратының өзгеруінің сипатына,бәрінен бүрын дауыс перделерінің қозғалуы және тонусына байланысты болады. Ол гипо-немесе гипертонус түрінде байқалады. Екеуінің тіркесуі сирек кездеседі.

Дауыс оганикалық бұзылысы. Дауыс апаратының асқыну процестерінің немесе анатомиялық өзгерістерінің салдарынан пайда болған дауыс паталогиясын органикалық бұзылыс деп есептейді.

Дауыс бұзылуының түрлері

Дауыстың бұзылуы – дауыс апаратының пататалогиялық өзгерітеріне байланысты фонацияның бұзылуы немесе мүлдем болмауы. Дауыс паталогиясын негізгі екі терминмен атайды:афония(грекше <<а>> - теріс мағыналы қосымша, <


>) – сыбырлап сөйлеу сақталғанның өзінде де дауыстап және қатты сөйлеуге қабілетсіздік. Дисфония (<> - дауыс) – жарым жартылай дауыс бұзылуы, осы кезде афониядан айырмашылығы дыбыс шығаруы сақталынып,бірақ ерекше тембр, әлсіздік немесе үзілмелілікпен сипатталады.

Дауыс апаратының әр түрлі ауруларыан байланысты дауыс бұзылуы ересектерде де, балаларда да кездеседі.Бірақ дауыс функциоларының бұзылуы балалар мен жасөспірімдерде жиі кездеседі.Ғалымдардың зерттеулері бойынша созылмалы ларингиті бар балалар саны көбеюде.Оқушыларды өзіндік жұмысқа тарту, гигиеналық тәртібін сақтамай дауыс жүктемесін көтеру дауыс паталогиясына әкеледі. Дер кезінде көмек алмаған балаларда дауыс апараты тұрақты етеді, әр түрлі дауыс функциялары бұзылған адамдардың санын толықтырады.

Ю.С.Василенконың мәліметтері бойынша он мың қала тұрғындарының ішінде 60 дауыс аппаратының созылмалы аурулары бар адамдар екен,ал дауысқа және сөзге қатысы бар мамандар дауыс бұзылған адамдардың

30-40% құрайды.Әсіресе дауыстың бұзылуы мұғалімдер мен тәрбиешілер арасында жиі кездеседі.

Дауыс патологиясын және оны қалпына келтіру тәсілдерін зерттеу логопедияның қарастыратын мәселелерінің бірі болып табылады.Соңғы жылдары дауыс аппаратының бұзылыстарына педагогикалық ықпал ету аймағы кеңейіп,фонопедия деп аталды.

Фонопедия-арнайы жаттығулар арқылы көмейдің жүйке бұлшық ет аппаратын белсендіруге және координациялауға,тыныс алуын және тұлғасын түзетуге бағытталған педагогикалық ықпал кешені.Бұл дауыс шығарудың физиологиясына,логопедияның негізгі дидактикалық және методологиялық қағидаларына негізделген педагогикалық процесс.

Шеткі табиғи бұзылуы дауыс щымылдықтарының фибромасы,папилломасының болуы кезінде туындайды,бұл олардың тығыз емес қабысуына әкеліп соқтырады.Дауыс қарлыққан түр алады,одан да ауыр жағдайларда афония кездеседі.

Сонымен,дауыс бұзылуына жатындар:афония,дисфония,фонастения.

Дәріс №12

Тақырыбы: Сөйлеу ағзалардың паталогиясы.

Жоспар:


  1. Сөйлеу ағзаларының патологиясы.

  2. Балалардың дауысы мен сөздерінің бұзылу түрлері мен себептері.

  3. Сөйлеу қабілетінің туа біткен, тұқым қуалайтын және жүре пайда болған кемістіктері.

Сөйлеу тек қана адамға тән, қайталанбас қабілет бола отьг-рып, ойлау үдерісімен тікелей байланысты, адамдардын тіл ар-қылы қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін негізгі құралы.

«Сөйлеу патологиясы есту, кору және қозғалыс анализатор-ларының перифериялық және орталық бөліктсрінің зақымдануы салдарынан болады. Есту анализаторларының перифериялық бөлігі зақымданған кездс, ауызша сөйлеуді кабылдау мүмкіндігі бүзылады. Бүл сенсорлық афазия немесс алалияны тугызады, сойтіп, фонемалық қабылдау қабілеті зардап шегсді. Ал көру анализаторыньщ ксйбір бөліктерінің зақымдануы, жазба тілді қабылдау мүмкіндігін қиындатады. Сол сиякты, козғалыс анали-шторының моторлық аймақтарының закымдануы, дыбыстаудың кемістігін тудырады. Себебі, артикуляциялык мүшелердің (тіл, срін, таңдай) және статикалық мүшелердің (қатты таңдай), ды-быс шығару және тыныс алу мүшелсрінің (көмей, өкпе, бронхьт-лар, трахея, диафрагма) жүмыстары бүзылады. Жогарыда атал-гандардың барлығы, ғылыми әдебиеттерде сөйлеуге қатысатын қозғалыс анализаторының псрифсриялық бөлігі болып саналады.

Баланың қүрсақтағы дамуы кезІндс, миына әсер ететін түрлі қолайсыз, теріс жағдайлардың салдарынан, бала өмірінің алғаш-қы жылдарындағы алған жарақаттар т.б., сөйлеу патологиясын іугызады.

Сөйлеу кемістігінің күрылымы мен дәрсжесі, мидың зақым-дану деңгейімен жәие оқшаулануымен байланысты, ал бүл фак-горлар, миға әсер ететін патогендік себептердің уақытымсн байланысты. Зақымданудың ең ауыр дәрежесі, эмбриогенез кезе-ңінде болады. Оның ішінде, алғашқы 3-4 ай немесе алгашқы три-местр өте қауіпті кезен болып саналады. Ми жүмысының ксмістігін туғызатын себептер, негізінен түрлі уланулар, жүқпа-лы аурулар, нейроинфекциялар т.б. (Н. С. Жукова, Е. М. Мастто-кова, Т. Б. Филичсва) болып саналады.

Мидың жетілмеуі мен сөйлеудің ауыр бүзылуына әкеп соға-тын ссбептердің ішінде жиі кезігетіні-ананың жүкті кезінде жүқпа-лы науқастармен ауыруы, улануы (интоксикация), токсикоздар, асфиксия, ана мен бала қанының резус-фактор бойынша (рсзус-конфликт) немесе қан тобы бойынша сәйкес келмеуі, орталық жүйке жүйесінің аурулары (нейроинфекциялар - мспингит, энце-фалит, менингоэнцефалит) жоне бала өмірінің алғашқы жылын-дагы ми жарақаттары.

Ал, Е. М. Мастюкованың еңбектерінде ішімдік пен никотинді қолдану, күрсактағы баланыц жүйке-психикалық дамуыиа кері осерін тигізіп, нәтижесінде тіл мүкістігіне әкеп соқтыратыны ту-ралы айтылады. Ішімдік синдромымен дүнисгс келген баланың дене салмағы, нормадап анагұрлым кем, дене бітімі мен психика-лық дамуында тежелу болады. Бүл балалардың жалпьт тіл кемістігі кимыл-қозғалыстың бүзылуымен, аффективті козгыштықпен және жүмыс істеу кабілетінің төмендігімен көрінсді»1.

Балалардың сөйлеуі қалынтасқаннан кейінгі кезеңде, мидың тілдік аймактарына зақым келсе, сөйлсудің мүлдем жойылуы, яғни афазия пайда болуы мүмкін.

Сөйлеуде қайта түзетілмес бүзылулардың пайда болуына, ба-лалардың өмір сүру ортасындағы зияпды осерлер себеп болады. Әсіресе, сөйлеудіц қарқынды дамуы кезіндегі психикалық деп-ривация, сөйлеудіц тсжелуіне әкеп соқтырады. Сондай-ақ, егер бұл факторлар церебральды-органикалық кемшіліктермен неме-сс гсиетикалык бейімділікпен асқынатып болса, онда сөйлеудің кемістігі анагүрлым күрделі, әрі түрақты сипатқа ис болады.

Сөйлеудің жалпы жетілмеуі, әдетте, мидың резидуальдық-органикалық зақымдануының нәтижссіндс болады (бұл термин-мен аяқталгаи патологиялық үдеріс нәтижесіиде пайда болатын күйлер аталады). Мүны агымдық жүйке-психикалық наукастар-дагы (эпилепсия, ніизофрения т.б.) сөйлеудің бүзылуынан ажы-ратып алған жон. Интеллектуалды ксмістігі бар балалармен салыстырғанда, бүл балалардың ОЖЖ органикалық зақымдану-лардың қалдығы - минимальды ми дисфункциясы (ММД) сияқ-ты корінісгер байқалады.

«Сөйлсудсгі бұзылу келесі топтарға бөліиеді:

/. Фонетикальщ бузылулар - бір дыбысты немесе бір топка жататын дыбыстарды айта алмау (ызың, шүғыл, тіл ортасы, тіл алды дыбыстардың бүзылуы; дауыссыз дыбыстардың катаң-үяң-үнді айтылуыныц бүзылуы, дыбыстарды дүрыс қабылдау қабі-летініц бұзылуы). Бүған дислалия, дизартрия, фонстикалық-фонематикалық жетілмеу жатады.

2. Яексикалық-грамматикалық бузылулар. Бұған енетіндер:

шектеулі сөздік қор, жадағай фраза; фразадағы және сойлемдегі

создсрдің өзара қиыспауы, шылаулар мен жалғау-жүрнақтарды

қате колдану (сойлеудің жалпы жстілмеуі).

3. Әуендік - екпіндік бүзылулар. екпінді дүрыс қоймаумсн байланысты (логикалық - фразада, грамматикалық - созде); дау-ыстың күші меи жоғарылығы, тембрінің бүзылуына қарай (ақырын, қарлығыңқы, бакылдақ, түншыға шығатын, анық емес, мәнерсіз, шырылдақ, күмілжіңі). Мысалы: дисфония, ринолалия, ринофония т.б..

4. Қарңындық-ыргаңтың бүзылулар: мидагы қозу үдеріс-терінің басымдығымен байланысты болатып шапшаң қарқын (та-хилалия); тежелу ұдерістері басым болатын баяу қарқын (бради-лалия); үзік-үзік қарқын (қажетсіз паузалар, сүріну, күрысу си-патты емес кекештену - физиологиялық итерациялар, полтерп және қүрысу сипатындагы - түтығу немесс кекештік).

5.Жазба тіідің бузылуы: жазуда .фопеманьщ графемаға қате айналуы; толык жазбау; создеіі әріптерді тастап ксту немесе ша-тастыру; сөйлемдегі сөздердің өзара киыспауы немесе орында-рының ауысуы; жазу жолынан шығыи ксту т.б., окуда: дыбыс-тарды алмастыру мен шатастыру; әріптеп оқу; сөздіц дыбыстық-буындық күрамын бүрмалау; оқылғанды түсінудің бүзылуы; аграмматизмдер. Мысалы: дислексия мен дисграфия.

6. Сөйлеудің жуйелі бузылуы: сөйлеу мүмкін емес немесе былдырлау мүмкіндігі ғана болады, мысалы, алалия және афа-зия»1.

Сөйлеудегі кемшіліктерге карай, балаларды бірнеше топтар-га бөлу, коррекциялык жүмыстар жүргізуде қолайлы болып та-былады.

Танымдық саланың даму ерекшеліктері. Сөйлеу әрекегінің дамуында, бала өмірінің алғашқы үш жылы маңызды болып са-налады. Алғашқы кездегі баланын уілдеу тілі, оныц сөйлеу және психикалык дамуының келсшекте дүрыс қалыптасуына кепілдік бермейді. Уілдсу қалыпты дамудағы сау балада да, сондай-ақ. дамуында ауытқуы бар балада болады (интеллектуалды кемістік, есту қабілетінің кемістігі бар). Алалиясы бар балаларда былдыр-лау тілі болмайды, болған күнде де өте нашар, ешкдндай айқын екпіи жоқ, әрі өте кеш - 2 жас шамасында ғана қалыптаса бас-тайды. Сол сияқты, ринолалиясы және дизартриясы бар балалар-дың былдырлау тілінің сапасы мен дамуында, өзіндік ерекше-ліктер көзге түседі (О. Н, Усанова, О. А. Слинько).

Алалиясы бар балалардың тілдік қарым-катынасына қараған-да, вербальды емсс қатынас қүралдары анағүрлым жақсы, әрі қарқьшды дамиды (мимика, ымдау). Сөйлеуінде патологиясы бар, бірақ интеллектісі сау сакталған балалар жасы өскен сайын, осы қүралдарды белсендІ қолдана бастайды. Мүндай жағдайларда, қолданыстағы белсенді создік қорынан төрі, снжар сөздік коры тез толығады, балалар өздеріне қаратылып айтылған сөздерді жақсы, әрі жьтлдам түсінеді, бірак өздері сөйлеуді көп пайдалан-байды (сенсорлық алалиядан өзге).

Сойлеудің ауыр бүзылуы бар балаларда алғашқы сөздер мен алғашкы фразалық тіл кеш пайда болады.

Кейбір бүзылуларда (мысалы, моторлы алалияда), тілдік бел-сенділік өте төмен, баламен тілдік қарым-қатынас жасау үмты-лысы негативизммен қабылданады; басқа тілдік бүзылуы бар балаларда (сенсорлық алалия), белсенді тілдік қатынасқа деген үмтылыс байқалады, бүл үрдіс ашушаңдықпен, эмоционалды лабильділікнен қатар жүреді, кейде баланың тілін өзгелер түсінбе-ген жағдайда, ол күшті эмоционалды реакңиямен жауап бе-реді.Тілдік интенция, ягни тілдік қарым-қатынасқа үмтылу, баланың интеллектуалды кабілетіне байланысты (интеллекті төмен балалардың сөйлегіштігі, айналасындағылармен тез тіл та-бысатыны белгілі), баланың жеке түлғалык қасиеттеріне, өз кеміс-тігінс, өзінің және езгслердің қатынасына байланысты. Ғылыми , әдебиеттерде әртүрлі тілдік патологиясы бар балалардың (ала-лия, дизартрия, ринолалия, кекештену), тілдік қарым-қатынастан бас тартатыны, өзінің тіл кемістігін жасыру мақсатында, түрлі амал жасайтыны туралы айтылады.



Алалик балалардың ерте сәбилік кезеңінде, калыпты дамудағы балалармен салыстырғанда, локомоторлы қызметтердің дамуында, кешігу байқалды: балалар жаска сай нормадан кеш жүре бастайды, қол моторикасы ұзақ уақытқа дейін жеткілікті сара-ланбайды, артикуляциялық моторика бос болады. Зерттеулер сөйлеудің даму деңгейі, қолдың ұсақ моторикасының дамуымен тікелей байланысты екендігін дәлелдейді.

Е. М. Мастюкова еңбектерінде сөйлесуі бұзылған балалардың басым көпшілігі ішінде, интеллект қабілеті сактала тұра, оқу барысында айтарлықтай қиындықтар болатындығын, психикалық дамудың өзіндік дисгармониялық тежелуін сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет