Қолданбалы өнер. Көркем шыгармашылықтың ең ежелгі жәнеі қазіргі күні де дамып отырган түрлерінің бірі - қолданбалы/ өнер (қолөнер). О л сүлулық заңдарына сәйкес жасанган түрмыс жабдықтарында іске асады. Бұл тек пайдалы заттар ғана емес, оның қолданылуын білдіретін көркемдік бейнесі (образы) бар әдемі заттар болып та есептеледі. Бізді қоршаған заттар, біздің тұрмысымызды, күнделікті өмірлік қажеттіліктерімізді өтейтін заттар онер шыңына дейін көтерілуі мүмкін. Қолданбалы өнер өзінің табиғаты жағынан үлтжанды, ол халықтың әдет-ғүрпы-нан, салт-дәстүрінен, наным-сенімдерінен туындап, оның өн-дірістік әрекетіне, түрмысына жақын болады. Қолданбалы өнер туындылары өзінің қайталанбас индивидуалдылығымен ерек-ше көзге түседі. Бүл оны жаратушы — суретшінің, қолөнершінің бүкіл түлғасы мен талантын сақтап қалатын уникалды туын-дылар. Жаңа заманда өндірістің дамуы заводтық тәсіл енуіне орай туындаған жаратушы индивидуалдылығы белгісін өшіре бастады. Бірақ өнеркәсіпке суретшінің келуімен дизайн дамуы баста лды.
V Сәулет өнері (архитектура). Адам еңбек қүралын даярлауды үйренгеннен кейін, енді оның түрағы үңгір немесе үя емес, эстетика л ық кейіпке келген мақсатты қүрылыс болды. Қүрылыс сәулет өнеріне айналды. Архитектура (грекше architekton — қүры-лысшы) — адамның түрғын үйге және қоғамдық орынға деген қажеттілігін өтеуге негізделген ғимараттар мен қүрылыстарды салу барысында шындықтың сүлулық заңы бойынша қалыпта-'суы. Сәулет өнері*табиғаттан бөлек, стихиялық ортаға қарсы түратын және адамдарға өздерінің материалдық, рухани қажет-тіліктеріне орай адамдарға кеңістікті пайдалануға мүмкіндік беретін түйық утилитарлы-көркем игерілген элем. М.В.Ломоносов бүл өнердің ерекшелігін анықтай отырып, былай деп жазды: «Соулет өнері күш-жігерін жинақтап, зәулім ағаштар мен зіл-батпан тастарды бағындыра отырып, мекен етуге қолай-лы, көз тоймайтын әдемі, үзақ уақытқа шыдайтын берік ғима-раттар соғады» (Шығ. тол. жин., 8 т., Л., 1959, 808-бет.). Сәулет өнері арқасында «екінші табиғаттың» қүрамдас бөлігі — адам еңбегімен дүниеге келген және оның өмірі мен әрекеті сонда өтетін материалдық орта пайда болады.
V Кескіндеу өиері (живопись). Кескіндеу өнердің ең ежелгі түрлерінің біріне жатады. Қазіргі түсінігінде жазудың бір түрі ретінде қарастырылады. Өзінің не істегенін жазуға талпыну, графикалық түрде көрсетуге үмтылу адамға әуел бастан-ақ тән. Алғашқы қауымдық адамның жартасқа салған суреттері осыны дәлелдейді. «Кескіндеу өнерін өз ерекшелігінде үғыну үшін, біз оның ең маңызды элементі — түсті назарға алуымыз керек. Ол түсті жазу немесе жазу мен түстің синтезі болып табылады.
Кескіндеудің толық анықтамасын алу үшін түс пен жазуға сы-зық желілерін (линияны) қосуымыз керек: кескіндеме — сы-зық-желілі түсті жазу. Осылайша жазу, түс және сызу жинақта-лып, кескіндеу өнерінің мәнін қүрайды» (Нүржанов Б.Ғ. Культурология: курс лекций, 77-бет). Түсті, суретті, коммуникация-ны, бояуды пайдалана отырып, кескіндеме табиғаттың, адам-ның өмірі мен әлеуметтік үдерістер туралы кең көзқарасты білдіріп, шындықтың колоритті байлығын, кеңістіктілігі мен материалистілігін бейнелейді. Материалдар (түс пен сызық желісі) мен белгілі бір бояушы пигменттерді таңдаудан бастап, оларды қолдану техникасының және өзара байланыстырушы-ларының (май, желім, балауыз т.б.) жиынтығы кескіндеменің әр түрлілігін айқындайды: майлы кескіндеме, сылақтағы кескін (фреска) және т.б. Көрерменге терең эмоциялық әсерін тигізетін кескіндеме жанрлары (тарихи, түрмыстық, пейзаж, портрет, натюрморт) мен түрлері (монументалды-декоративті, қондыр-ғылы кескіндеме немесе картина, икон жазуы, панорама және диаграмма) адамдардың рухани мәдениеті, дүниетанымы қалып-тасуына да ықпал етеді. у/
Достарыңызбен бөлісу: |