Іскерлік спичрайтинг басшыларға компанияның ашылуы немесе жабылуында сөз сөйлеу үшін, марапаттау және медальдар, грамоталар табыстау рәсімінде, инвесторлар, серіктестермен, клиенттермен салтанатты кездесулерде қолдануға арналған.
Спичрайтердің кәсіби-жеке қасиетінің ерекшеліктері:
- қызмет аясын білу, үнемі ақпараттық шеңберде болу, өйткені бизнес саласын, соңғы тенденцияларды білу, үдерістерді түсіну – табысты қызмет көзі;
- коммуникациялық білімнің, әлеуметтанудан базалық білімнің болуы, БАҚ жұмысының үдерісін түсіну, журналистік дағдылардың болуы (сөз сөйлеу мәтінін жазу, през-релиздер, пресс-киттер және т.б.);
- техникалық білімнің болуы, компьютерді білу, тәжірибелі пайдаланушы деңгейінде негізгі программалық өнімдерді игере алуы, жұмыста ғаламтор көздерін қолдана алуы;
- ой-өрісінің кең болуы, әлемдік, сондай-ақ, елдегі жағдайлардан хабардар болуы;
- бюрократиялық аппараттың қалай жұмыс істейтінін білу және түсіне алу, өйткені онсыз бұл аппараттың «сізге қызмет етуін» қамтамасыз ету мүмкін емес;
- басқарушылық дағдыларының болуы, онсыз компанияда жоғары жағдайға жету және басқаларды өзіңнің пікіріңді тыңдауға мәжбүрлеу мүмкін емес;
- қатынасқа түсе білу, әрбір қызметкер, сондай-ақ басшы сіздің әрқашан көмекке келіп, тыңдай алатыныңызды және бағалы кеңес бере алатыныңызға дайын екеніңізді білуі қажет;
- жасырын құпия ақпаратты сеніп тапсыра алатын сенімді адам болуы қажет.
Әрбір PR-маманға басты кәсіби талаптары коммуникациялық дағдылармен тиімді қолдана білу жатады, олар өз алдына ауызша және жазбаша сөйлеумен логикалық және дұрыс пайдалана білу, өз ойын мәтінге сауатты бейнелеу алу. РR-мәтіннің ерекшелігін ескере отырып, нақты оның табиғатына экстралингвистикалық факторлардың айтарлықтай ықпалы (уақыт, орын, субъект, объект және т.б.) оны белгілеу үшін дискурс термині қолданылады (жағдайлық аспектісінде алынған мәтін, сөйлеу (= мәтін), өмірге батырылған). РR-мәтіндердің жіктемесі әртүрлі негіздер бойынша (терминология және жіктелудің бірегейлігі әлі жоқ, сондықтан бір мәтіннің синонимдік атаулары кездеседі):
Типология негіздері
|
РR-мәтіннің түрлері
|
Направленность коммуникативных потоков Горкин, Мамонтов, Маннның коммуникативтік ағындарының бағыттылығы. ПР 100 %: арнаулы аудитория бойынша:
|
Сыртқы (пресс-релиз, статья, биография, ақпараттық анықтама (бэкграундер), топтама-папкалар (пресс-кит, медиа-кит), медиа-құжаттама (пресс-құжаттама), өтініш, меморандум және т.б.) – ішкі (медиа-жоспар, медиа-карта, сценарий және т.б.) Бақ арналған материалдар: пресс-релиз, ақпараттық анықтама (бэкграундер –компания тарихы), факт-парақ –прессаға арналған ақпарат); корпоративтік коммуникацияға арналған мәтіндер: ньюслеттер, корпорат. бюллетень, газет, журнал, позициялық құжат; қалың аудиторияға арналған мәтін: адветориал, кейс-тарих, жылдық есеп, буклет, үндеу парақшасы, корпорат. бюллетень, газет, журнал, позиц. құжат.
|
Қызмет ету саласы
|
Мәдениішілік – мәдениаралық
|
Ақпарат характері
|
Оперативтік-ақпараттық – имидждік
|
Ықал ету характері
|
Сендірушілік – иландырушы (суггестивті) – аралас
|
Көркемдік характері
|
Көркемдік– көркемдік емес
|
Кодтау характері
|
Вербалды – креолизденген (аралас)
|
Адресат типі
|
Бағытталған – бағытталмаған
|
Тасымалдаушы (олардың типі мен айқындау тәсілдері біраз ерекшеленеді)
|
Шляхова СС: Электрондық (радио, теледидар, Интернет, CD, DVD: радиоспот, аудиоролик, радиоролик, аудиомәтін, блэк-аут (диалог – радиода дыбыстау үшін, 20-30 сек.), телеспот, видеомәтін, видеоролик (10-60 сек), интерактивті (онлайнды) Интернетке мәтін) – баспа (газет, журналдар, полиграфиялық өнім, сыртқы жарнама: баспа мәтіні (модуль, бет, ашылған бет, лента), билборд-мәтін, синкел (транспорт ішінде), арнайы мәтін – арнайы шарада белгілер, кәдесый, ғимарат …) Барежев, Малькевич: жазбаша (пресс-релиз, бэкграундер, факт-парақ, «сұрақ-жауап» формасы, корпоративтік бюллетень, позициялық өтініш, сөз сөйлеу, фичер (қызықты мақала), бай-лайнер (атаулы немесе авторлық мақала), кейс-тарих, есеп, буклет, корп. Газеттер мени журналдар, үндеу парақшалары, РR-бағдарламалар және т.б. – барлығы өзінің ерекшелігіне, құрылымына, белгілі аймақ және қолдану шарттарына ие) – ауызша (кандидаттың шешендік сөз сқйлеуі, ресми өкілдің өтініші, дикторлық мәтін (ТВ және радио каналдарында хабарлардыруды оқу), праламент спикері немесе жиналыс басшысының бұйрықтық пікір айтуы) – визуалды (жарнамалық фильм, видеоклип, слайд-фильм, фотосурет, коллаж, комикс, жарнамалық графика, тауар белгісі, фирмадық түс)
|
РR-мәтіннің мазмұн толықтығы бойынша
|
Базистік (барлық белгілері қамтылады: пресс-релиз, бэкграундер, «сұрақ-жауап» формасы, зерттеушілік, бейнелік-жаңалықтық, сондай-ақ медиа-мәтіндер, яғни РR-қызметкерлермен немесе журналистермен жазылған және БАҚ арқылы жұртшылыққа жеткізілген: имидждік мақала, имидждік интервью, кейс-тарих) – аралас (РR-мәтіннің әлжіз белгіленген белгілері: ұран, резюме, адамның биографиялық мәтіні, пресс-ревю (көшірмесі немесе брошюрленген БАҚ баспа материалдары)
|
Әдебиет:
Салтыкова М.В. Спичрайтинг (Культура речи. Стилистика. Риторика). Учебное пособие: Учебное пособие. – М.: МГУКИ, 2014. – 128 с.
Кривоносова А.Я. Основы спичрайтинга: Учебное пособие. – СПб: СПбГУ, 2003. – 56 с.
Кривоносов А. Д., Филатова О. Г., Шишкина М. А. Основы теории связей с общественностью. – СПб.: Питер, 2011. – 384 с (С. 196-234)
Достарыңызбен бөлісу: |