Антибөлшек өзіне сәйкес бөлшектен электр зарядының, магниттік моментінің немесе басқа сипаттамасымен өзгешеленетін элементар бөлшек.
П. Дирак релятивистік толқындық теңдеу негізінде позитронның болатындығын болжады. К. Андерсон оны ғарыштық сәуледен байқады. Электрон мен позитрон бөлшек пен антибөлшектің жалғыз жұбы емес. Релятивистік кванттық теория бойынша әрбір элементар бөлшектің антибөлшегі болады (зарядтық түйіндестік принципі). Тәжірибе фотон мен - мезоннан басқа әрбір бөлшекке антибөлшек сәйкес келетіндігін көрсетеді.