Басқарылатын тізбекті реакция жүзеге асатын және сүйемелденетін құрылғы ядролық реактор деп аталады.
Жылулық нейтрондармен жұмыс істейтін ядролық реактордың белсенді зонасында жылу бөлетін элемент, баяулатқыш болады. Баяулатқыш нейтрондар жылдамдығын жылулық жылдамдыққы дейін кемітеді. Жылу бөлетін элементтер бөлінетін материалдан жасалынған блок болып табылады. Олар герметикалық қабықшаға салынады, нейтрондарды әлсіз жұтады. Жылу бөлгіш элементтер ядролар бөлінген кезде бөлініп шығатын энергия есебінен қызады. Сондықтан оларды салқындату үшін жылу тасығыш ағысына орналастырады. Белсенді зона шағылдырғышпен қоршалады. Ол нейтрондардың жоғалып кетуін азайтады. Тізбекті реакция нейтрондарды күшті жұтатын материалдардан (B, Cd) жасалған стерженьдермен басқарылады.