Ядролық реакция Нильс Бор бойынша келесі механизм бойынша жүреді. Бірінші нейтрон ядро ішіне енген соң ол өзінің энергиясын ядроның нуклондарына бере бастайды, нуклондар ол энергия әсерінен тербеліп, белгілі бір уақытта олбір нуклон немесе нуклондар жүйесі өте үлкен амплитудаға ие болып ядроны тастап ыршып шығады, сол кезде ядро өз энергиясын жоғалтып орныққан күйге келеді. Бұл жерде бір ньюансты ескру қажет. Ядроны ыдырауы біз екі сатыда жүрді деп атаймыз егер аралықты ядро өте ұзақ ақыт өмір сүретін болса. Бұл жерде ұзақ уақыт ол 10-14с қа жуық. Бір жақтан қарасақ ол өте аз уақыт, бірақ мысалға нейтронға ядроның жанынан ұшып өтуі үшін 10-22с уақыт қажет. Яғни нейтрон, ядроға ұшып кірген, өзінің «жеке» нейтрон екндігін ұмытып кетеді де, ядроның белгілі бір бөлшегі болып кетеді. Бұл жерде тағы бір парадокс бар. Кулондық тебілу күші ядроның ыдырауына кедергі жасайды. Себебі ол күштің әсеррінен нуклондар арасы көбейеді. Ал аралары көбейген сайын нуклондарға нейтронның өз энергиясын беру ықтималдығы төмендейді.
Сонымен жалпы ядролық реакция келесідей болады:
Жоғарыда көрсетілген ядроның қимасын С ядросының қимасының сол ядроның ыдарау ықтималдығына көбейтсе табуға болады.
σab=σcσb
Құрамдас ядро өз энергиясын тек нуклондарды шығару ғана арқылы босатпайды, ядро қалыпты күйге өз энергиясын гамма квант ретінде шығару арқылы келе алады.