шаруашылық қам-қаракеті табиғаттың дайын тұрған өнімдерін пайдаланумен
шектелген.
Мезолит грекше аударғанда орта тас ғасыры дегенді білдіреді, ол б.з.д.
12-7 мың жыл. Бұл кезең Қазақстан тарихында ең аз зерттелген. Тек соңғы он
жылда оншақты мезолит тас индустрия кешендеріне жататын ескерткіштер
және тұрақтар табылып отыр. Жерлеу кешендері, алғашқы кезеңдер сияқты
анықталмаған.
Неолит - жаңа тас ғасыры, ол б.з.д. 6-4 мың қамтиды.
Соңғы
жылдардағы зертеулер бірнеше неолиттік мәдениеттерді анықтауға
мүмкіндік береді. Тобыл бойындағы Маханджар, Есілде – Атбасар және
Орталық Қазақстан ескерткіштер тобы. Бұлардан ертерек Батыс Қазақстанда
– Кельтеминар, Шығыс Қазақстанда – Усть-Нарым мәдениеттері табылған.
Неолит – тас индустриаландырудың дамыған кезі.
Тас өңдеу жаңа
технологиялары пайда болды: аралау, бұрғылау, сүргілеу.
Энеолит – мыс пен тас ғасыры, б.з.д. 4-3 мың. орын алады. Соңғы
уақытқа дейін энеолитті тас ғасырынан қола ғасырынан өтетін өтпелі кезең
деп қарстырған. Алайда, бірқатар зерттеушілер энеолитті тарихтағы маңызды
кезең деп біледі және оны біздің еліміздің оңтүстігінде
мал және жер
шаруашылығымен айналысатын тайпалардың гүлденуімен байланыстырады.
Қазақстанның далалық және орманды бөліктердегі энеолит дәстүрі
аңшылық-балықшылық кезең ретінде қарастырылады, бірақ Тобыл, Есіл
бойындағы энеолит ескерткіштерін зерттеу өзгерістер әкеледі.
Ежелгі тас ғасырының алғашқы құралы, бүтін тастан жасалған шаппа
тастар болған.
Олар дөрекі, өңделмеген болатын. Бұл көне құралдар щель
мәдениетіне байланысты, кезінде австролопитектер жасап шығарған. Кейінгі
кезеңдерде ондай шаппа тастардың өңделген түрлері табылды. Сонымен
қатар құралдардың дифференциясы байқалды. Адамдар енді қырғыштар, тас
пышақтарды, үшкір ұшты құралдарды жасай бастады. Құралдарды жасаудың
екі жолы болған: біріншісінде тастардан шабу арқылы шақпақтар алынып,
оларды қайта өңдеген. Бұл мәдениеті ашель деп аталды. Тас құралдардан
басқа тік жүретін адам еңбек құралдарын сүйек пен ағаштан жасаған. Отты
пайдалануға байланысты ол ұшы күйдірілген найза мен қазықтар жасады.
Достарыңызбен бөлісу: