Жетісу жерінде сақ дәуірінің керемет бір ескерткіші – Есік қорғаны. Ол
Алматының шығысында, км. жерде Іле Алатауының бөктерінде орналасқан.
Қорғанның диаметрі 60 м. биіктігі 6 м. Үйілген топырақтың астында екі бейіт
бар – 1-уі орталық, 2-сі жанынан табылған. Орталық мүрде тоналған, ал
жанындағы аман. Тянь-Шань қарағайларын сүргілеп, қима моланың көлемі
2,9 м., тереңдігі 1,5. Еденінде жақсылап 10 тақтай төселген. Анықталғандай,
мәйіт жатқан еденінің үстінде көрпе жайылып, алтын қаптамалармен
безендірілген. Оның үстінде басын батысқа қаратып, бай киімдерін киіп, қару
асынып мәйіт жатты. Антропологтардың айтуынша, өлген адамның жасы 17-
18-де , бойы 165 см.
Қазір көп ғалымдар оларды Иран тілдес дейді. Дәлелдеулер
көрсеткендей, көне көшпелілер Қазақстанның қазіргі жергілікті халқының
ата-бабасы бола алмайды. Бірақ, б.з.д. ҮІІ-ҮІ ғғ. жерленген адамдардың бас
сүйегін зерттеген антропологтар оларда монголоидты нәсілдің араласқанын
байқайды. Монголоидты элементтердің таралуы индоевропалық тілдің емес,
түрік тілінің таралуымен байланысты болды. Археологиялық мәліметтерге
қарағанда, Қазақстан тайпаларында күн мен отқа табыну болған, ол жөнінде
антикалық та, ерте деректер де толық дәлел. Сонымен қатар бұрыннан қалған
антимизм, тотемизм, магия сияқты нанымдар да орын алған.
Достарыңызбен бөлісу: