Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы



бет51/175
Дата24.10.2023
өлшемі2,79 Mb.
#187769
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   175
Байланысты:
lektsii po filosofii

Аль-Фараби (толық аты( Абу Насыр Мухамед Ибн Тархан Ибн Узлақ ат тюрки( Қазақстан жерінде Отырар қаласында 870-950 жж. Дүниеге келген. Жас кезінде білім іздеп Таяу Шығыста Багдад пен Алеппо қаласында білім алып, араб тілі мен грек тілін игеріп, антикалық философияны зерттейді.
Аль-Фарабиді араб философы деп толығынан бағалауға болады, ол, өйткені, араб рухынан нәр алып, өз еңбектерін сол тілде жазған. Сонымен қатар, оны қазақ халқының философы деп те атауға болады, өйткені, ол біздің елде Дүниеге келіп, соңынан қазақ халқын құраған көп түрік тайпаларының біреуінен шыққан, біздің сол көзде өмір сүрген бабаларымыздың дүниесезімі мен дүниетанымын бойына жас кезінде сіңірген.
Бірақ, ең жақсысы - оған Шығыс философиясының жұлдызы, тіпті Дүниежүзілік философияның ең ірі тұлғаларының бірі деген баға берсек, ол дұрыс болар еді.
Аль-Фарабидің философиялық еңбектері көп. Солардың ішінен “Ғылымдарды іріктеу жөнінде², “Игі қаланың тұрғандарының көзқарасы жөнінде², “Азаматтық саясат², “Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері², “Бақытқа жету жөнінде² деген еңбектерін атап өтуге болады.
Онтологиялық (болмыстық) ілімі.
Аль-Фараби онтологиялық ілімінің негізінде неоплатонизмнің “эманация² (тасу, ағу) ұғымы жатыр. Бұл ағымның негізін қалаушы Плотин Дүниежүзілік Бірмен материялық өмірдің екі ортасында Дүниежүзілік ақыл-ой (nous) және Дүниежүзілік жан (psychі) бар деп есептесе, Аль-Фараби бұл көзқарасты анағұрлым күрделейді. Өзінің “қзгі қала жөніндегі² еңбегінде Аль-Фараби Дүниені тудырған “Бірінші Мән² дейді. Ол бүкіл баршаның өмір сүруінің алғашқы себебі, ол кемеліне келген, ешқандай мінсіз (одан басқалардың бәрінің де ең болмаса бір, я бірнеше кемшіліктері, міндері болады.
Алғашқы Мәнде қайшылық пен бейболмыстық жоқ, өйткені, олар тек қана “ай астындағы Дүниеге² тән нәрселер. Сол себепті ол мәңгілік, ол өзінің өмір сүруі үшін ештеңені қажет етпейді, - себепті, бітімді, мақсатты, ұмтылысты т.с.с. - өйткені оларды ол қажет етсе, онда ол бірінші себеп болмас еді.
Аль-Фараби “Алғашқы Мәнге² оның мән-мағынасын көрсететін басқа ұғымдарды қолданады ол - барлығынан биік, барлығын білетін, Дана, Ақиқат, Тірі,Өмір дейді.
Бірінші Мән материя емес. Сондықтан ойшыл оған “белсенді ақыл-ой² (активті интелект) деген ат қояды.
Бірінші Мәннен бүкіл Болмыс пайда болады. Өйткені, ол өз-өзіне сыймай тасып ағады (эманациялайды). Ал Болмыстың Дүниеге келуі оны тудырған Бірінші Мәннің жойылуы деп түсіну қате,- дейді ұлы ойшыл. Мысалы, сәбидің Дүниеге келуі оны тудырған әке-шешесінің Дүниеден кетуімен тең. Ал ол біздің “ай астындағы² болмысқа ғана тән нәрсе. Ал Алғашқы Мәнге келер болсақ, ол басқа Болмысқа өмір бергенменен, өзі жойылмайды, мәңгілік, егер ол жойылса, онда ол оның Алғашқылығын жояр еді, оның сыртында одан да жетілген басқаның бар екенін көрсетер еді. Олай болса “Алғашқы Мән² өзі үшін өмір сүреді, басқа Болмыстар соның ішінде, соған қатысты ғана өмір сүре алады.
“Бірінші Мән² өз-өзіне сыймай тасыған сәтте, екінші Барлық дүниеге келеді - ол абсолютті денесіз, өзінің мән-мағнасын ашып және Алғашқы Мәннен пайда болғанын түсінеді. Ол арнасынан шығып қажетті түрде “үшінші Барлықты² тудырады. Ол да материя емес, өзінің мән-мағнасын ашып, Бірінші Мәнді түсінеді. үшінші Барлықпен “Бірінші Аспанның² болмысы бітеді. үшінші Барлық қажетті түрде төртіншіні тудырады. Ол әлі материя емес.
Барлық қажетті түрде “қозғалмайтын жұлдыздар² әлем болмысын төртінші тудырады.
Аль-Фараби оларды Сатұрның болмысынан бастайды. Ол- Юпитерді тудырады, содан кейін Марс, Күн, Венера, Меркурий, Ай болмыстары дүниеге келеді. Аспан болмысы Аймен бітеді.
“Ай астындағы Болмыс², яғни біз өмір сүріп жатқан Дүние. Сонымен, ол бірінші “Бірінші Мәннің² тудырған Болмысы болып шықты. Бұл болмыстың ерекшелігі - ол көптік әлемі, оның негізінде төрт табиғи нәрсе жатыр- ол жер, от, су, ауа. Олардың әр-түрлі қосындылары жер бетіндегі заттарды тудырады. Тіршілік әлеміне келер болсақ, Аль-Фараби оны үшке бөледі - өсімдіктер, ақыл-ойы жоқ жануарлар, ақылды жануар (адам).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет