8. Тақырып. Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің даму перспективалары Дәріс мақсаты: Банкі қаржы нәтижелері мен пайдалылығын талдауды білу:
- Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің даму перспективаларымен танысу;
- Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің даму перспективалар шығыстарын талдауды түсіндіру;
- Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінен түскен таза кірісінің талдауын көрсету;
- Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің дамуының рентабельділігінің талдауын білу.
Дәріс жоспары: Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесіне талдау.
Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің шығыстарын түсіндіру.
Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінен түскен таза кірісінің талдауын көрсету
Дәріс мәтіні Түйін сөздер: кірістер түсінігі, кірісті тану, «Банк кірістері мен шығыстары» туралы есеп, банк кірістерін талдаудың негізгі міндеттері, сыйақы алуға байланысты банк кірістері, сыйақы алуға байланысы жоқ банк кірістері.
Коммериялық банктің қаржылық нәтижесін талдауда олардың алған кірістердің көлемі мен сапасын зерделеу үлкен маңызды, үйткені несиелік мекемелердің пайдасының басты факторы осыларға байланысты.
Кірістер – есептеудің жалпылама қабылданған принциптеріне сәйкес танылған және өлшенген есепті кезеңдегі активтердің түсімі немесе ұлғаюы, не болмаса кредиторлық берешектің азаюы түрлеріндегі экономикалық пайданың көбеюі.
Кірістер шарттың орындалуы іске асқанда және ақшалай түсімді өлшеп, оны алу мүмкіншілігіне толық сенім болғанда ғана танылады.
Кірісті танудың критериі: сатушы сатылған өнімнің меншіктік құқығының тәуекелі мен сыйақысының елеулі бөлігін сатып алушыға бергенін тексеру қажет.
Талдау үшін №2 формадағы «Банк кірістері мен шығыстары» туралы есеп қолданылады, онымен жақсы танысып, талдау жасағанда дұрыс пайдалана білу керек.
Банк кірістерін талдаудың негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады:
Кірістердің көлемі мен құрылымын анықтап, бағалау;