Дәрістер Дәріс 1 Отбасы жүйесін психологиялық талдау


Ата-ананы психологиялық зерттеуден өткізу негіздері



бет21/44
Дата07.02.2022
өлшемі177,91 Kb.
#87226
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44
Байланысты:
Дәрістер кешені

Ата-ананы психологиялық зерттеуден өткізу негіздері
Ата-ананы диагностикалық зерттеуден өткізу негізінде 2 міндет жатыр олар:
1. Ата-ана көзқарасынан «ата-ана-бала» жүйесіндегі тұлға аралық қатынасты зерттеу.
2. Ата-ана қабілеттерін анықтау
Э.Г.Эйдемиллердің ЖТТ (Отбасылық тәрбиелеудің талдамы)
сауалнамасы

ЖТТ сауалнамасы отбасылық тәрбиелеудің түрлерін диагностикалау және оны бұзуының сипаттамасы. Отбасылық тәрбиелеу бұзылуының келесі түрлері диагностикаланады:


І. Деңгей протекциясы – бала тәрбиесіне ата-ананың қанша күш және уақыт бөледі:
1) гиперпротеция (тым артық) – Г+ шәкілі;
2) гипопротекция (жетіспейтін) – Г- шәкілі.
ІІ. Қажеттілктерді қанағаттандыру дәрежесі – баланың қажеттіліктерін қанағаттандыруда ата-ананың қандай мөлшерде қызмет жасайды.
1) теңдесу ыңғайы (баланың барлық қажеттіліктерін жоғары деңгейде және қарсыласпай қанағаттандыруға ата-аналардың ұмтылуы) – У+ шәкілі;
2) баланың қажеттіліктерін елемеулік (баланың қажеттіліктерін қанағаттандыруда ата-ананың ұмтылуы жеткіліксіз) – У- шәкілі.
ІІІ. Отбасында балаға талап деңгейі. Олар міндеттері, жаза, тыйым салу түрінде шығады.

    1. Міндет-талаптарының артықшылығы психожарақат қауіпін көрсетеді – Т+ шәкілі;

    2. Міндет-талаптарының кемшілігі баланы белгілі бір жұмысқа тартуды қиындатады – Т- шәкілі;

    3. Тыйым салу-талаптарының артықшылығы эмансипация реакциясын қалыптастырады немесе үрейлі күмәншіл акцентауция және сенситивті дамуына келтіреді – 3+ шәкілі;

    4. Тыйым салу-талаптарының кемшілігі мінез-құлықтың тұрақсыздық, гипертимдік түрлерін дамуын ынталандырады – 3- шәкілі;

    5. Мақұлдаудың артықшылығы – іс-әрекеттін кішкене де болса бұзылуына әрекеттену артықшылығы – С+ шәкілі;

    6. Мақұлдаудың кемшілігі – мадақтауға үміттену, кез келген жазалаудың нәтижелілігінде күмәндану – Н шәкілі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет