Дәрістер Дәріс 1 Отбасы жүйесін психологиялық талдау Отбасы туралы жалпы түсінік. Отбасының жүйесі, құрылымы және функциясы. Отбасының этно ерекшеліктері.
Жоспары 1Отбасы туралы жалпы түсінік. Әлем елдерінде отбасының құндылық ретінде қаралуы. 2 Отбасы жүйесі туралы жалпы түсінік және оның құрамды бөліктері (құрылымы, функциясы, динамикасы)
3 Қазақ отбасының ерекшеліктері
Құрылымы. Отбасы жүйесін- біріңғай білім беру деңгейі ретінде қарастыруға болады, белгілі құрылымдық ерекшелікті меңгерген, қызметі және дамуы болады.Отбасындағы құрылымдық қатынас кез-келген нуклеарлы ( жеке адамдар: күйеуі, әйелі және олардың балалары) топта негізгі төрт жүйе бөліктерінен тұрады. Алғашқы топ жеке адамдар-отбасы мүшелерінен тұрады; екінші топ диада- ері- әйелінен құралады; үшінші топ –сиблингті, төртінші топ - ата-ана диадасы –баладан құралады.Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі шекара, қажеттілік және үміт етулері болады.Отбасы жүйесі дұрыс теңдестірілсе, онда жүйе бөліктерінің қажеттіліктері бірдей өтелетін болады.Сонымен қатар отбасы түрлі маңызды топтармен: достарымен, көршілерімен, әлеуметтік орта өкілімен, өзара әрекетте болуы шарт.Отбасының түрлі жүйеді және сыртқы ортада өзара әрекет көрсеткіштері