Дәрістер Дәріс 1 Отбасы жүйесін психологиялық талдау


Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы



бет8/44
Дата07.02.2022
өлшемі177,91 Kb.
#87226
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44
Байланысты:
Дәрістер кешені

Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы.Faces-3
Вариант «А»-шынай өміріңізді бағалап жазуыңызды өтінемін.
Вариант «В»-идеалды өмірін жазуын сұрану.
Аты жөні______________________________________________________
Жасы__________________________________________________________
Зерттеу уақыты__________________________________________________



Бекітулер

Ешқа
шанда

сирек

Оқтын-
оқтын

жиі

Барлық
Уақытта

1.Бізде отбасы мүшелері бір-бірінен көмек сұрай алады.
















2.Мәселені шешубарысында балалардың ұсыныстары да ескеріледі.
















3.Біз достарымыздың отбасы мүшелерін мақұлдап ,қолдап отырамыз
















4.Балалар өз еріктерінше дербес мінез-құлық түрлен таңдай алады.
















5.Біз тар шеңберде өз отбасымызбен қарым-қатынасқа түскенді жоғары бағалаймыз
















6.Бізде кез-келген отбасы мүшесі көшбасшы бола алады.
















7.Біздің отбасы мүшелері өз ортамызға қарағанда, бөгде адамдармен етене жақын болады .
















8. Біздің отбасымызда күнделікті айналысатын тірлік өзгеріп отырады.
















9.Біз бос уақытымызды бірге өткізуді ұнатамыз
















10.Отбасында жаза қолдану ата-ана мен балалар арасында бірге талқыланып отырады
















11.Отбасы мүшелері бір-біріне өте жақын екендігін сезінеді.
















12.Біздің отбасымызда шешімді көбінесе ата –анамыз шығарады.
















13.Отбасылық мерекелерде барлығы бірге болып, қатысуға ат салысады.
















14.Біздің отбасындағы ереже өзгеріп отырады.
















15.Біз отбасында қалай бірге отырып, шешім шығаратынымызды елестету қиынға түседі
















16.Отбасында күнделікті орындалатын жауапты әрекеттер әрдайым бір-бірімізге ауысып отыады.
















17.Біз шешім шығарарда бір-бірімізбен ақылдасып, кеңесеміз.
















18.Отбасында кімнің көшбасшы екенін айту қиын.
















19.Бірлік –отбасымыз үшін маңызды
















20.Отбасы мүшелерінің үйде қандай жұмысты атқаратыны туралы айту қиын
















өңдеу және нәтижені көрсеткіштері:



  1. Отбасы құрылымының түрлерін анықтау. Өңдеу барысында жұп және тақ сандар бойынша нәтиже көрсеткіші жеке қосылады. Тақ сандар нәтижесі қосындысы –отбасы топтасуын білдіреді, ал жұп сандар отбасы бейімділігін анықтайды. Отбасы жүйе түрлерін екі жақтың топтасу мен бейімделу қосындысын ала отырып, бағалауды қалыпқа сай көрсеткіштерде берілген(№2-кесте)

  2. Отбасы өміріне қанағаттану деңгейін анықтау. Екі жауаптың реалды және идеалды бағалау айырмашылығынан байқалады. Қазіргі таңда эмпирикалық нормада идеалды және идеалды көзқарас арасында көп алшақтық байқалмайды. Жоғары бағалау отбасында төмен қанағаттану деңгейін білдіреді. Топтасуы мен бейімделу арасында алшақтықтың болуы мүмкін, нәтижесінде отбасы қанағаттану деңгейін бақылаймыз. (кесте№1).Әдістемені кеңінен қолдану мүмкіндігіне , диагностикалық шек шкаласы Белгілер : х- орта көрсеткіштер

Sd- қалыпты ортадан төмен ауытқу
Шкаланы бағалау көрсеткіштері (кесте№1)





Диагностикалық көрсеткіш

№ бекітуі

Шкала

1

Эмоционалды байланыс

1,19,11

Отбасылық
Топтасу

2

Отбасы шегі

5, 7




Шешім шығаруы

17




Уақыты

9




Достары

3




Қызығуы мен дем алуы

13,15




Көшбасшылық

6,18

Отбасылық
Бейімделу.




Бақылау

2,12




Тәртіп

4,10




Ролдер

8,16,20




Ереже

14

Зерттеудің нақты көрсеткіш нәтижесі дағдарыста жүрген отбасына, болжам жасауға, алдағы жүргізілетін жұмыстарға бағыт береді және соған қажетті деген психологиялық көмек көрсетіледі. Отбасы бұзылысын әдістеме арқылы анықтау, психологиялық алдын-алу жұмыстарына, тәуекел топтарына психокоррекциялық жұмыстар жоспарлауға мүмкіндік береді. Тәуекел тобын регидті құрылымдағы жағдайға тез бейімделе алмайтын отбасылар құрайды, отбасы стрестік деңгейде көрінеді, ол отбасы дамуында ролдері мен міндеттерін орындай алмауға әкеледі.Бұл құрылым дағдарыс кезеңдерінің өтуілуіне, отбасы циклымен дұрыс дамуына кедергі келтіретін болады.
Бағалау нормасы және орташа көрсеткіштері: (№2-кесте)



Басты көрсеткәштері.

Жетілген ерлі-зайыптылар
Х sd

Жеткіншектегі
бала бар отбасы
x sd

Жас шаңырақ
көтерген отбасы
x sd

Топтасу

39,8

5,4

37,1

6,1

41,6

4,7

Бейімделу

24,1

4,7

24,3

4,8

26,1

4,2




Дәреже

%

Дәреже

%




%

Т о п т а с у



Бытырау

10-34



16,3



10-31



18,6



10-36



14,9



Бөлектеу

35-40

33,8

32-37

30,3

37-42

37,2

Байланысу

41-45

36,3

38-43

36,4

43-46

34,9

Тұтасу

46-50

13,6

44-50

14,7

47-50

13,0

Б е й і м д е л у

Жекелену

10-19

16,3

10-19

15,9

10-21

13,2

Құрылымдық

20-24

38,3

20-24

37,3

22,26

38,8

Икемді

25-28

29,4

25-29

32,9

27-30

32,0

Былыққан

29-50

16,0

30-50

13,9

31-50

16,0



«Отбасылық социограмма» тесті.
«Отбасылық социограмма» тесті телімелі тесттердің қатарына жатады. Оның авторлары Э.Г.Эйдемиллер және О.В.Черемисин болды. Ол субъектінің тұлғааралық қатынастағы орнын анықтауға, отбасындағы коммуникация сипатын - тікелей немесе аралық , анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістеменің мазмұны. Сыналушыларға диаметрі 110 мм. болатын шеңбер салынған бланк парағы беріледі. Содан соң нұсқау беріледі: «Парақ бетінде шеңбер салынған оның ішіне өзіңізді және отбасы мүшелерін дөңгелектер үлгісінде бейнелеңіз де, аттарын жазып қойыңыз». Отбасы мүшелері бұл тапсырманы бір – бірімен кеңеспестен орындайды.
Нәтижелерді талдау. Авторлар ұсынған критерийлер бойынша тестілеудің бағалауы жүргізіледі:

  1. Шеңбер аймағына енген отбасы мүшелерінің саны;

  2. Дөңгелектердің көлемі;

  3. Дөңгелектердің орналасу қатынасы;

  4. Арасындағы қашықтық;

Бірінші критерий нәтижелері бойынша, зерттеуші сыналушының бейнелеген отбасы мүшелерінің санын шынайы санымен салыстырады. Мүмкін, бұл сыналушының қақтығысты қатынастағы отбасы мүшесі болуы мүмкін, ол үлкен шеңберге кірмей қалады, «ұмытылып» кетеді. Осы арада басқа бір жануар, зат немесе адам отбасы мүшесі ретінде бейнеленеді.
Содан соң біз дөңгелектердің көлеміне назар аударамыз (2-ші критерий бойынша). «Мен» дөңгелегі басқаларға қарағанда үлкен болса, жоғары немесе жеткілікті деңгейдегі өзіндік баға, ал көлемі кішкентай болса, өзіндік бағаның төмен деңгейінің белгісі. Басқа отбасы мүшелерінің көлемі сыналушы көзқарасымен олардың мәнділігін білдіреді.
Келесі кезекте дөңгелектер шеңбердің шекарасына қатысты және бір – біріне қатысты орналасуына назар аудару қажет (3-ші критерий). Сыналушының өз дөңгелегін шеңбер ортасына орналастыруы тұлғаның эгоцентрикалық бағыттылығын білдіреді, ал өзін басқа отбасы мүшелерінен төмен немесе шет жағында бейнелеуі эмоциялық шеттелуді уайымдауына сілтейді.
Неғұрлым маңызды отбасы мүшелері үлкен дөңгелектер бейнесімен шеңбердің жоғарғы аймағында немесе орталық бөлігінде бейнеленеді.
Төртінші критерий бойынша дөңгелектер арасындағы арақашықтықты талдау арқылы да көп мәлімет алуға болады. Бір дөңгелектің басқалардан қашықтау орналасуы отбасында қақтығыстық қатынастарды, сыналушының эмоциялық шеттетілуін сипаттайды. Дөңгелектердің бір-бірімен қиылысуы «Мен» құрылымының дараланбағанын, симбиотикалық байланысты білдіреді.
«Отбасылық социограмма» тестін қолдану аз уақытта, «қазір және осы жерде» отбасындағы қарым-қатынас туралы түсініктерді байқауға болады.
Бұл әдістемені жүргізудің әртүрлі нұсқалары бар. Мысалға, И.М. Никольская отбасылық диагностика барысында сыналушыға отбасылық социограмманың бірнеше нұсқасын салуды ұсынады:
1. Стандартты социограмма, онда сыналушының өзі және отбасы мүшелері бейнеленген.
2. нақты отбасы мүшелері бейнеленбеген немесе отбасына қатысы жоқ адамдар және объектілердің бейнеленуі көрінген социограммалар.
3. отбасы өмірінің әртүрлі кезеңдеріне қатысты социограммалар.
Бұл әртүрлі отбасы құрамындағы шынайы қарым – қатынас жүйесінің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Алынған социограммаларды салыстыру және біріктіре отырып талдау психолог пен отбасы мүшелеріне мәселені жан – жақтан көруге мүмкіндік береді, оның нәтижесінде нақты диагноз қоюға және қиын жағдайдан тиімді түрде жол табуға ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет