Дәрістер Дәріс 1 Отбасы жүйесін психологиялық талдау


ПЭА ( түсіністік ,эмоционалдылық және беделдік) сұрақнамасы



бет10/44
Дата07.02.2022
өлшемі177,91 Kb.
#87226
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44
Байланысты:
Дәрістер кешені

ПЭА ( түсіністік ,эмоционалдылық және беделдік) сұрақнамасы.
Әдістеме авторы А.Н. Волков
Некеде түсінушілік ,эмоционалдылық пен беделдіктің (құрмет) деңгейін анықтауға арналады.
Әдістеме мазмұны
Сұрақнамада 45 сұрақ , ол некеде тұрған адамдардың өзара қатынасын анықтауды көздейді. Сұрақнама мәтіні үш шкалаға түсірілген,оның орындары түсіністік ,эмоционалдылық , беделдік әр қайсысына 15 сұрақтан берілген. Ерлі –зайыптылар жеке түрде өз алдына бөлек толтырады.
Нұсқау : Бұл сұрақтарда сіз жан-жарыңызды қалай түсінесіз, сол бойынша «ия», «жоқ», «білмеймін» жауаптарының бірін таңдап сұрақтың қасына сәйкес « белгі » қойыңыз.
Сұрақнама мәтіні :
1.Мен оның ойын тез оқимын.
2.Мен оның көңіл –күйін әрең табамын.
3.Мен оны айтқызбай түсінемін.
4. Оның жағдайға байланысты өзін қалай ұстайтыны туралы мен кейде айта алмай қысыламын.
5.Мен оның әдеті мен талғамын жақсы білемін.
6. Оның қандай да сұрақ жайлы көз-қарасын айту қиын.
7. Мен оның қажетін және неге талпынысы бар екенін білемін.
8.Мен оны жақсы түсінбейтін сияқтымын.
9. Ол кейде күтпеген жағдайларды жасап мені таңқалдырады.
10.Мен оның кемшіліктері мен жетістіктерін жақсы білемін.
11.Оның ішкі уайымы мен үшін жұмбақ болып қалмақ.
12.Мен оның икемді және икемсіз жақтарын жақсы білемін.
13. Мен оның өміріне не маңызды екенін білемін.
14. Көп байқағаным мен оны түсінбейді екенмін.
15. Мен оны не қуантады, не қайғыртады білмейді екенмін .
16. Маған оның үйде болғаны жақсы ұнайды.
17. Маған оны тыңдау және бетіне қарап отыру ұнайды.
18. Маған оның өзін ұстауы ұнамайды.
19. Оның бет келбеті жағымсыз.
20. Мен оның қалай жұмыс істейтінін ,жүрісін бақылағанды ұнатамын.
21. Маған оны сүюі ,құшақтауы , еркелетуі ұнамайды.
22. Маған оның жымиюы ,күлкісі ұнайды.
23. Оның қасымда болмайтыны мені қатты қынжылтады.
24. Оның бет келбетінен әйтеуір маған бір нәрсе ұнамайды.
25. Мен оның қимылы мен әңгімесін жиі сынға аламын.
26. Ол жиі қажетті және пайдалы нәрселер айтады.
27. Оның көп нәрседе көз-қарасы менің пікіріммен сәйкес келмейді.
28. Оның мен туралы пікірін құрметтеймін.
29. Ол менің досым екені қуантады.
30. Мен оның пікірі мен баға беруіне сирек қосыламын.
31. Оның қасында мен өзімді жеңіл және ашық ұстаймын.
32. Менің көңіл-күйім ол қасымда болса көтеріледі.
33.Оның қасында мен жиі шаршап,өзімді бақылай алмай қаламын.
34. Мен тек соның қасында болу үшін, маңызды жұмысымды қалдыруға бармын.
35. Мені одан алысырақ жерде демалу жиі ойландырады.
36. Мен ол жоқ кезде, өзімді жақсы сезінемін.
37. Мен оның бойынан көп жақсы қасиеттер табамын , сондықтан оны адам ретінде силаймын.
38. Менің таныс ,туыстарымның арасында нағыз беделді адам, тек сол.
39. Мен кейбір нәрселерді шеше алмасам ,жиі жан-жарымнан көмек сұраймын.
40. Ол мені жылдам өзгерте алады.
41. Менің пікірімше оның басы қатты жұмыс істейді.
42.Жан -жарыма әсер еткен кино мен кітаптар мені қызықтырады.
43. Оның қасында отыру мені жалықтырмайды, ол тамаша адам.
44. Кейде оның алыс адам емес екені, мені ойландырады.
45. Онда бар қасиеттерді мен өзімнен көргім келеді.



Иә

Білмей
мін

жоқ



Иә

Білмей
Мін

жоқ



Иә

Білмей
мін

жоқ

1










16










31










2










17










32










3










18










33










4










19










34










5










20










35










6










21










36










7










22










37










8










23










38










9










24










39










10










25










40










11










26










41










12










27










42










13










28










43










14










29










44










15










30










45










Нәтижені өңдеу көрсеткіштері


Әр шкала кілтке байланысты сәйкес келсе 2 ұпай беріледі :
« иә» жауабы бойынша («+») сұрақтар;1,3,5,7,10,12,13,16,17,20,22, 23,25,26,28,31,33,34,35,36,37,39,41,42,45;
« жоқ» жауабы бойынша («-») сұрақтары :2,4,6,8,9,11,14,15,18,19,21,24,27,29,30,38,40,43,44;
1- ұпай « білмеймін» жауабына беріледі;
ал 0- ұпай кілтпен сәйкес келмегенде қойылады. Бұл әдістемеде жоғары 30 ұпайды көрсетеді.
1.Түсіну (1-15 бекітуде) субьекті бейнесінде серіктесінің жеке ерекшеліктері туралы сезіну бар . Қарым –қатынас кезінде ойды , мінез-құлықты сезім мен көз-қарасты түсінуге болады. Осы шкала бойынша төмен ұпай жинаса онда түсінбеушілікті білдіртеді.
2. Эмоционалды (16-30) тартымды ,қарым-қатынасқа түсуге қызығатын ,субьектімен байланысқа терапевтік деңгейде әсер ете алады. Ұпайдың төмендігі қарым-қатынас арасында күрделі сипат пен бір-бірінен шаршағандық байқалады.
3. Беделі ( құрметтеуі ) (31-45) Субьектіні эталон ретінде құрметтейді,Оның көз-қарасы, қызығушылығы мен пікірін бөліседі.
Ал ұпайы төмен болса сыйламайды ,жеке тұлға ретінде қабылдамайды.


Дәріс 9
«Отбасының кинетикалық суреті»
Телімелі тест зерттеленетін баланың оқиғаны субъективті қабылдауы туралы мол ақпарат береді. Ол баланың отбасы мүшелеріне қатынасын, сурет салушыны үрейлендіретін отбасылық қарым-қатынастарды, өзінің отбасындағы орнын қалай қабылдайтынын айқындайды.
Бұл телімелі тесті қолданған кезде ескеру қажет: әр сурет баланың отбасын қабылдауы ғана емес, оның қарым-қатынастарды талдауға, қайта ойлануға көмектесетін творчестволық жұмыстың нәтижесі. Бұл мағынанда отбасы суреті қазіргі кездегі отбасы түрін емес, болашақтағы қатынасын көрсетеді.
Телімелі тест 2 бөліктен тұрады: отбасы суретін салу және суретті салып болғаннан кейін әңгімелесу. Тесті орындау үшін балаға бір парақ қағаз, қалам және өшіргіш таратылуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет