«Отбасындағы балалардың арасындағы бәсекелестік деңгейін анықтау шкаласы»
Әдістеменің мақсаты – отбасындағы балалардың өзінің кіші бауырына қызғаныштық дәрежесінің, бір – біріне бәсекелестік деңгейінің диагностикасы. Берілген сұрақнама мектепке дейінгі, кіші мектеп жасындағы және орта мектеп жасындағы балаларға арналған.
А нұсқауы: «Төменде келтірілген сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деген нұсқада өз жауабыңызды беріңіз. Жауап нұсқасының астын сызып қойыңыз»
№ 1 Сұрақнама бланкісі
Егер саған байланысты болса, онда сен.........
Әрдайым кіші бауырыңмен (қарындасы,сіңлісі) бірге ойнар едің - иә, жоқ.
Өзіңнің жақсы көретін ойыншықтарыңды берер едің – иә, жоқ.
Оны өзіңмен бірге серунге алып шығар едің – иә, жоқ
Оны басқалардан қорғап жүрер едің – иә, жоқ
Оны қарайтын едің – иә, жоқ
Оны анаң мен әкеңе мақтайтын едің – иә,жоқ
Оның бар болғанына қуанар едің – иә, жоқ
Ол үйде жалғыз қалмасын деп, жанында отырар едің - иә, жоқ
Ертегі оқып берер едің - иә, жоқ
Оны бала бақшаға немесе мектепке алып барар едің - иә, жоқ
Достарыңызбен бөлісу: |