Дәрістер Дәріс 1 Отбасы жүйесін психологиялық талдау


Отбасы құрылымының психологиялық ерекшеліктері



бет7/44
Дата07.02.2022
өлшемі177,91 Kb.
#87226
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
Байланысты:
Дәрістер кешені

Отбасы құрылымының психологиялық ерекшеліктері
Ұсынылып отырған әдістер арқылы отбасы құрамын, шегін және құрылымын анықтауда: топтасуын(эмоционалды байланыс, жақындық және отбасы мүшелерінің бір-біріне үйренісуі), иерархия (сатылы), шекара, коммуникация сипаты, отбасының бір –біріне икемділігі мен болады.
Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы.Faces-3 сауалнамасы
Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы қалыпқа түсірілген сауалнама, мақсаты-отбасы құрылымын бағалау.Сауалнама авторлары
Д.Х. Олсон, Дж Портнер, И. Лави [3]. 1986 жылы алғаш бейімдеуге М. Перре ұсынған
Сұрақнамада отбасы мінез-құлқын үш негізгі шамада: топтасуы, бейімделуі және коммуникациясы жинастыра «дөңгелек моделі» қарастырылады.
Отбасы топтасуы:отбасы мүшелерінің эмоционалды көңіл –күйде бір-бірімен байланысуы, оған мынадай белгіде көрсеткіштер : эмоционалды байланыс, отбасылық шекара, уақыт, шешім шығару, достары, қызығуы мен демалуы қарастырылады.
Отбасы бейімделуі:Отбасы мүшелері стестік жағдайға қаншалықты икемді (иілгіш) немесе кертартпалық қасиеттері бойынша бейімделуі
Оның көрсеткіш белгілері : отбасында көшбасшы, бақылаушы, тәртіп, ереже және ролдері.
«Дөңгелек моделі»отбасылық топтасуды 4деңгейде қарастырады: төтенше жағдайдың төмендігінен оның жоғарылауына дейін,осыған сәйкес аталуы: бытырау, бөлектеу, байланысу және тұтасу
Сауалнама авторлары теңдестікте және соңғы деңгейдегі отбасы топтасын және бейімделуін анықтауда-отбасы жүйесінде қызметтің жетістігін көрсетеді.
Алдымен сауалнаманы жүргізбес бүрын зерттеуші мен қатысушы арасында өзара сенім қалыптасу қажет. Егер сауалнаманы отбасы мүшелері бірге отырып, жұмыс жасай толтырса, ол психологқа қосымша мәлімет алуға: коммуникациясын, мінез-құлық ерекшеліктерін бақылауға септігін тигізеді.
Сауалнаманы жүргізер алдында түсіндіріп өтеді. Ал орындаубарысында кездескен сауалнамадағы түсініксіз жерлерді, психолог қосылмай өзара түсіндіруіне мүмкіндік туғызғаны жақсы.
Нұсқау:Бүл әдістемені 12 жастан жоғары отбасы мүшелерінің бәріне жүргізуге болады.Зерттеуді отбасы мүшесінің бәрімен толық жүргізгені абзал, ол коммуникацияерекшелігін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді.
Әдістеме сипаттамасы: Сауалнаманың жауабын бекітуі 5 ұпайды шкаладан тұрады.

  • Ешқашанда

  • Сирек

  • Оқтын-оқтын

  • Жиі

  • Барлық уақытта

Бұл әдістеме екі рет қолданылады : біріншіде сіз «шынайы» өміріңізде отбасы мүшелерін қалай бағалайсыз, екінші қандай болса деп өзгеруін армандайсыз «идеалды»деңгейде бағалауға әкелдіру, екеуінде де осы сұрақнама беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет