Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет17/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2
 
Бақылау сұрақтары: 
1.Әртүрлі авторлардың еңбектері кӛрсетілген ―педагогикалық үдеріс‖ 
ұғымының мазмұнын салыстырыңыз. Ӛз кӛзқарасыңызды білдіріңіз. 
2 Мұғалім педагогикалық үдерістің дамуына әсер ете ала ма? 
3 Біртұтас педагогикалық үдерістің тәрбиелік мәні, мағынасы туралы не 
білесің? Халық тәлім- тәрбиесінде бұл ұғымдар болған ба? 
4 Біртұтас педагогикалық үдеріс деген ұғым нелерді қамтиды және оның 
бүгінгі күні осылай деп қойылуының негізі неде? 
5 Халық педагогикасында тұтас тәлім- тәрбиелік негіз бар деп ойлайсың 
ба? Болса неден кӛрінетінін дәлелдей аласың ба? 
6 Халық тәлім-тәрбиесінің бүгінгі тәлім – тәрбиеден түбірлі 
айырмашылығы неде ? 


Дәріс №3
Тақырыбы
: Дамудың жас және жеке ерекшеліктері 
Жоспары:
1. Жас кезеңдері
2. Бастауыш мектеп жасындағы баланың ерекшелігі және оның дамуы.
3. Жасӛспірім кез және оның ерекшеліктері. 
4. Жоғары сынып оқушыларына психологиялық-педагогикалық сипаттама. 
5.
Жеке тұлғаның ӛзіндік ерекшеліктері және оның педагогикалық 
процесте ескерілуі. 
1
. Оқу мен тәрбие жұмыстарының барысында балалардың жас кезеңдерін 
еске алу қажетті шарттардың бірі. 
Соңғы жылдардың ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі 
проблемасына аса зор кӛңіл бӛлуде. Бұл проблема жӛнінде зерттеу мәліметтері 
әлі де болса бірыңғай кӛзқарастың жоқ екендігін кӛрсетеді. Жас кезеңдерінің 
шекарасын ажырату толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе жӛнінде 
әдебиет беттерінде бірнеше талас пікір жазылып жүр. Мысалы, кейбір 
ғалымдардың пікірі бойынша жас кезеңінің негізгі жыныс бездерінің жетілуіне, 
дененің қарқынды ӛсуіне байланысты. Ал кейбіреулер адам жасын тіс аттарына 
қарап, топтастырады.
1965 жылы сәуір айында Мәскеу қаласында Бүкіл Дүниежүзілік симпозиум 
болды. Симпозиум жұмысына КСРО, Англия, Болгария, Польша, Чехославакия 
және Швеция елдерінің белгілі ғалымдары қатысты. Бірнеше күнге созылған 
жемісті талас пікірлерден кейін жас кезеңдерін бір ізге салу мақсатымен 
симпозиум шамамен 12 сатыдан тұратын схема ұсынды. 
1. Жаңа туған бала 1 күннен 10 күнге дейін 
2. Емшек жасындағы бала 10 күннен 1 жасқа дейін 
3. Ерте балалық шақ 1 жастан 3 жасқа дейін 
4. Бірінші балалық шақ 4 жастан 7 жасқа дейін 
5. Екінші балалық шақ 8 жастан 12 жасқа дейін (ер балалар) 
8 жастан 11 жасқа дейін (қыз балалар) 
6. Жеткіншектік жас 13 жастан 16 жасқа дейін (ер балалар) 
12 жастан 15 жасқа дейін (қыз балалар) 
7. Жасӛспірімдік шақ 17 жастан 21 жасқа дейін (ер балалар) 
16 жастан 20 жасқа дейін (қыз балалар) 
8. Кәмелеттік жастың 22-ден 35 жасқа дейін (ерлер) 
бірінші кезеңі 21 ден 35 жасқа дейін (әйелдер) 
9. Кәмелеттік жастың 36-дан 60 жасқа дейін (ерлер) 
екінші кезеңі 36-дан 56 жасқа дейін (әйелдер) 
10. Кексе жас 60-тан 74 жасқа дейін (ерлер) 
56-дан 74 жасқа дейін (әйелдер) 
11. Қарттық жас 75-тен 90 жасқа дейін 
12. Ұзақ жасау 90 жас одан жоғарылар 


Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің схемасына, 
яғни туған баладан бастап жас ӛспірімдік шаққа дейін ӛзгерістер кірді. Олар 
жеті сатыдан тұрады. 
1.
Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін) 
2.
Нәрестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін) 
3.
Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін) 
4.
Мектепке дейінгі балалық шақ (3 жастан 6 жасқа дейін) 
5.
Бастауыш мектеп шағы (6-7 жастан 10-11 жасқа дейін) 
6.
Жеткіншектік шағы (11 жастан 15 жасқа дейін) 
7.
Жасӛспірімдік шақ (15 жастан 18 жасқа дейін) 
2
. Бастауыш мектеп жасындағы баланың ерекшелігі және оның дамуы.
Белгілі бір жастағы балалардың жас мӛлшері дегенде олардың кӛпшілігіне 
тән ерекшеліктер мен сипаттарды 
айтамыз. Бұл ерекшеліктерді 
педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің 
тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек. 
Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2.7 кг ӛседі, 6 
жастан 12 жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18 
килограмнан 36 килограмға дейін артады. Осы жаста бала миының кӛлемі де 
ұлғаяды, яғни ол 5 жаста үлкен адам миының 90 пайызындай болса, 10 жаста 
95 пайызына тең болады. 
Нерв жүйесінің жетілуі де жалғасады. Нерв клеткалары арасында жаңа 
байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. 7-8 жаста 
жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықтары жетіле түседі және олардың ӛзара 
қарым-қатынасының арта түсуін камтамасыз етеді. Нерв жүйесіндегі бұл 
ӛзгешеліктер баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің ірге тасы 
қалануына негіз болады. 
Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-әрекеттер 
(манипулияцилық, пәндік, ойын арқылы) сияқты, оған ену тәжірибесі арқылы 
бірте-бірте дамиды. 
Білім алу іс-әрекеті оқушы баланың ӛзіне бағытталған іс-әрекеттен 
тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес сонымен бірге оны қалай меңгеруді
де үйренеді. Жазу есептеу, оқу және тағы басқаларына үйрену арқылы бала 
ӛзін - ӛзі ӛзгертуге қарай бағыттай алады, яғни, ол іс-әрекеттік және ақыл-
ойлық қажетті әдістерді (оны қоршап тұрған мәдениетке тән) меңгереді;
Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік 
жағдайы ӛзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке дейінгі 
қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын. сурет салу, 
ойыншықтарды құрастыру болып кала береді. Оқу іс-әрекеті әлі де дамуды 
қажет ететін деңгейде болады.
Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, баланың алдына оқу іс-
әрекетінің шарттарын қойса, бұл баланың шын мәнінде оқу іс-әрекетіне тез 
араласып кетуіне (бұл жағдайда ол білімді алуға қалыптасқан) себеп болады 
немесе ӛзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдында сасқалақтап, 


бірте-бірте ӛзіне деген сенімін жоғалтады, мектепті және оқуды 
ұнатпаушылық сезімін оятып, бұл тіпті баланың бойындағы әдетке айналады.
Оқу іс-әрекетінің жағдайында балаға оның ойын емес екендігін 
түсіндіруге тырысу керек, сонда ғана ол оқуға ат үстілікпен емес, ынтамен, 
шын кӛңілмен назар аударып, ӛзін-ӛзі шынайы ӛзгертуге үйренеді. Балалар 
ойынға құрылған тапсырмалар мен оқу тапсырмаларын айыра біліп, оқу 
тапсырмаларына кұлқы болса да, болмаса да оны калайда орындауы 
керектігін білуге үйренуі керек. Әрине, ойын баланың белсенді ӛмірінің 
аясынан шығып қалмауы тиіс. Балаға онын енді "үлкен" екендігін, кішкентай 
балалар сияқты ойыншықтармен ойнап отыру ұят деген сияқты сӛздерді айтуға 
болмайды. Ойын тек қана балалықтың ғана іс-әрекеті емес, ол барлық 
жастағы адамдардың бос уақыттарында айналысып, кӛңіл кӛтеретін құралы. 
Әдетте бала адамдардын қарым-қатынасы жүйесіндегі ӛзінің жаңа орнында 
ойынның мәнін бірте-бірте түсіне бастайды әрі ойнағанда да аса бір 
құштарлықпен ойнайтын болады. Ойнай жүріп бала ӛзіне аса маңызды 
әлеуметтік дағды калыптастырады. "Балалар қоғамының" рӛлі мен ережелері 
үлкендер қоғамының қалыптасқан ережелері туралы білуіне мүмкіндік 
жасайды. Ойын үстінде ынтымақтастық пен бәсекелестік сезімі 
қалыптасады. Ал әділеттілік пен әділетсіздікке кӛзжеткізу, теңдік, лидерлік 
бағыныштылық, адалдық, сатқындық әрекеттері баланың бойындағы жеке 
тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады. 
Баланың дұрыс психикасының ерекшелігі - танып-білуге деген 
белсенділігі. Баланың құштарлығы ӛзін қоршаған әлемді тануға және осы 
әлемнің құрылысын ӛзінше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнай жүріп 
тәжірибеден ӛтеді, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктің себебін 
ашуға тырысады.
Бала қоршаған ортаны зерттеуге бағытталған танымдық белсенділігімен ӛзі 
зерттей бастаған объектісінен ұзақ уақыт бойы назарын алмайды, бұл әрекеті 
ол оған қызықсыз болып қалғанға дейін жалғаса береді. Егер 6-7 жастағы бала 
ӛзі үшін аса маңызды ойын ойнап жатса, ол одан екі немесе үш сағат бойы 
бас алмауы мүмкін. Сондай-ақ ол ӛнімді жұмыс жасауда да, мысалы, сурет 
салуға, ойыншықтарды құрастыруға, ӛзіне қажетті әлденелерді жасауға да 
осындай ынтамен кірісе алады. Балалар назарының бір нәрсеге ұзақ қадалуы, 
оның сол ӛзі жасап отырған іс-әрекетіне деген ерекше ынтасымен кӛрсетеді. 
Егер бала ӛзіне ұнамайтын нәрсемен айналысып, соған ұзақ уақыт назарын 
салып отыруға мәжбүр болса, ол шаршайды, кӛңілі басқа жаққа алаңдай 
береді, тіпті ол ӛзін соншалықты бақытсыз сезінеді. 
Алайда, бала тӛменгі сыныпта жүрген кезінде-ақ ӛзінің мінез-құлқын ӛзі 
үйлестіре алады десек те, оның назарының ӛз еркінен тыс басқа жаққа тез ауып 
кету жағдайлары кӛбірек болады. Балаларды біртектес, тез жалықтыратын 
немесе қызғылықты болса да, бірақ ойлануды қажет ететін жүмыстар тез 
жалықтырады. Ал бала назарының анда-санда басқа жаққа ауып отыруы оны тез 
шаршаудан сақтайды. Бұл ерекшелік ойынның сабаққа кірісуге мүмкіндік 
беретін маңызды элемент екендігін кӛрсетеді және іс-әрекетті онымен жиі 
алмастырып отыру керек болатынын дәлелдейді. Тӛменгі сыныпта 


оқитын балалар интеллектуальды тапсырмаларды назарында ұстауға 
қабілетті, алайда бұл ерекше ерік-жігерді және үлкен ұйымдастырушылықты 
қажет етеді. 
Бастауыш сынып жасындағы бала әртүрлі жағдайларды ӛз қиялында 
бейнелей алады. Ойын үстіндегі бір затты екінші затпен алмастырып кӛру 
арылы баланың қиялы іс-әрекеттің басқа түрлеріне ауысады. Оқу іс-
әрекетінің жағдайында бала қиялына арнайы талаптар қойылады, олар бала 
қиялын ӛз күшімен әрекет етуге ұмтылады. Мүғалім сабақта балаларға 
заттардың, бейнелердің, белгілердің қайта пайда болу жағдайын кӛз алдарына 
елестетіп кӛруі жӛнінде тапсырма береді. Бұл оқу талаптары бала қиялының 
дамуына мүмкіндік береді, алайда оны арнайы құралдармен пысықтап отыруға 
тура келеді, әйтпесе баланың ӛз қиялын ӛз күшімен ілгері жылжытуы қиын 
болады. Ол құралдар заттар, схемалар, макеттер, белгілер, графикалық 
бейнелер және т.б. болуы мүмкін. 
Әртүрлі оқиғалар, "ӛлендер" ұйқастыру, ертегілер ойлап табу, түрлі 
кейіпкерлерді бейнелеу арқылы бала ӛзіне белгілі оқиғаларды, ӛлең жолдарын, 
графикалық бейнелерді ӛзі де байқамастан айта бастауы мүмкін. Баланың ӛзіне 
белгілі оқиғаларды әдейі бір-біріне қосып, ӛз кейіпкерінің сапалық жақтары 
арқылы жаңа бейнелер жасауы да жиі кездеседі.
3.
Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы 
жағынан қалыптасуының жеткіншектік шағы (10-15 жас) ең қиын кез болып 
есептеледі. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгерімі тӛмендейді, қыздар 
мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Кейбір балаларда 
тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады. 
Жеткіншектердің мінезіндегі мұндай қылықтардың негізі осы жастағы 
соматикалық және психикалық дамуда жатыр. Бұл кезде баланың бойы тез 
ӛседі. Жеткіншектік шақтағы бойдың ӛсуі бұрынғыға қарағанда бір жылда екі 
есе шапшаңдықпен ӛсетін болады. Баланың бойының шапшаң ӛсуіне әртүрлі 
жағдайлар әсер етеді, мысалы, баланың ішетін тағамы, еңбек, спорт. Алайда, 
әсер ететін осы жағдайлардың ӛзінде де белгілі бір заңдылықтар болады, 
мысалы, баланың аяғы кеудесіне қарағанда жылдам ӛседі де ерекше ұзын сияқты 
болып кӛрінеді. Бала денесінің ӛсуіндегі осындай әркелкілік дененің басқа 
мүшелері мен органдарында да кӛрініс береді, мысалы сүйек етке қарағанда 
тез ӛседі. Сүйектің ӛте тез ӛсуі кейде жанға батарлықтай ауыратыны 
байқалады, денесі құрысып, қатты мазасызданып, баланың берекесі кетеді. 
Соның әсерімен баланың мінезінде ашушаңдық, қызбалық пайда болады. 
Жүректің кӛлемінің ӛсуі бойдың ӛсуін қуып жете алмайды, сондықтан 
да қан жүретін тамырлар әлдеқайда жіңішке болады, қан қысымы артады. 
Ӛсудегі морфологиялық тепе-теңдіктің болмауынан тамырдың соғуы да, 
жүректің жұмысы да қалыпты болмайды, басы ауырады, қаны аздылықтан тез 
шаршайтын болады. 
Бала жеткіншектік шаққа ӛткен кезде оның нерв жүйесінің құрылымы 
морфологиялық жағынан жетіліп болады. Оның одан әрі қарай дамуы ағзаның 
барлық қызметіне және екінші сигналды жүйенің жетілуіне бақылау 


жасауды күшейтеді. Балалық жастан ӛту нерв жүйесіне де оңайлыққа түспейді. 
Ағзаның тез ӛсуі әрі оның ӛсуінің бір қалыпты болмауы нерв жүйесінің ӛзара 
байланысы мен ӛзара қарым-катынасының қайта құрылуына мәжбүр етеді. 
Бастауыш сынып жасындағы бала әлемге ерекше қызығушылықпен, 
балалық аңғалдықпен қарайды, жеткіншек ӛзін қоршаған әлемге баға 
береді және оған деген ӛзінің қарым-қатынасын орнықтырады. Ол ӛмірдің 
тұрмыстық қарым-қатынастарына еніп, енді тек ӛзінің қажеттіліктерін 
қанағаттандыру бойынша ғана емес, сонымен бірге ӛзі теориялық жағынан 
игерген қағидалар бойынша қарым-қатынасқа түседі және адамдардың мінез-
құлқын, қоғамдық құбылыстарды бағалауда ешкіммен ымыраға келмейтін, 
ӛз дегенім болсын дейтін әдет табады. Ол-айналадағының бәрінің сыншысы. Ол 
ӛзі жақсы кӛретін адамдардың кемшілігін де кӛргіш болады және сол үшін 
қиналады. Кез келген жалғандық оның ызасын тудырады және кӛңілін 
қалдырады. 
Біз ӛз алдына жеке қарастыратын әлеуметтендіру факторларының 
ішіндегі аса маңызды әрі ықпал ету күші басымы - қоғамның алғашқы ұжымы 
болатын - отбасы, бала оның ықпалын бәрінен бұрын, тез қабылдағыш қасиеті 
артып түрған кішкентай кезінде ерекше сезінеді. Отбасы жағдайы, оның 
әлеуметтік деңгейі, ата-аналарының айналысатын кәсіптері, материалдық 
жағдайы және олардың білім деңгейі баланың ӛмірлік жолын айкындайды. 
Балаға ата-аналар беретін саналы және мақсатты тәрбиемен қатар, отбасының 
жағдайы да ықпал етеді және бұл ықпал ӛскен сайын, ол тіпті баланың 
тұлғалық қалыптасуында кӛрініс табады. Жеткіншектік ӛтпелі кезеңнің ең 
басты үдерісінің бірі - жасӛспірімнің ӛз ата-аналарымен, мүғалімдерімен 
және жалпы үлкендермен, құрбыларымен, барлық жағдайы бойынша ӛзіне тең 
немесе тең еместермен қарым-қатынасында қайта бейімделу байқалады. Бұл 
қайта бейімделу жағдайы бірте-бірте болуы мүмкін немесе аяқ астынан мінез 
кӛрсетеді. Жеткіншек үшін үлкендер мен ӛз қатарластары мәртебесінің 
деңгейі бірдей болмайтындығынан қайта бейімделу процесі әртүрлі кӛрініс 
береді. 
Ӛз құрбыларымен қарым-қатынаста болуға деген қажеттіліктің орнын 
ата-аналары толтыра алмайды, ол баланың бойында 4-5 жасында басталады да, 
жасы ӛскен сайын дамиды. Кұрбы-құрдастарымен қарым-қатынастың болмауы 
мектеп жасына дейінгі балалардың жеке түлғалық коммуникативті 
мүмкіншіліктері мен ақыл ойының дамуының кешеуілдеуіне айтарлықтай 
әсерін тигізеді. Жеткіншектердің мінез-қүлықтары мен іс-әрекеттері ӛз мәні 
жағынан ұжымдық-топтық болып табылады. 
Жеткіншектерді ӛмір ортасының қарама-қайшылықтары қызықтырады, бұл 
жастағылардың қажеттілігі - ӛздерінің айналадағы адамдарға деген қарым-
қатынасын, әлемдегі ӛзінің орнын табу. Ал бұл қажеттілік басқа адамдармен 
қарым-қатынастары қанағаттандырады. Бұл қажеттілікті қанағаттандыруда 
әдебиет пен ӛнердің атқаратын рӛлі ерекше. Әдебиет жеткіншектердің алдына 
адамзаттық қарым-қатынастардың, мінез-құлықтардың, сезімдердің аса бай да 
күрделі мәнін ашып береді: ол әрбір кейіпкерден ӛзін кӛретін болады, ӛзінің 
сезімдері мен қүмарлық-қүштарлықтарының дүрыстығына жауап іздейді. Ал 


музыка - адамның сезімдерінің әміршісі. Оның тілі толқу үстіндегі адамға 
түсінікті. Сондықтан да жеткіншектердің тындайтын музыкасына қатты кӛңіл 
бӛлу керек. 
Жеткіншектер қоғамдық-ӛндірістік еңбекке қатысады. Ол тек еңбек 
арқылы ғана қоғамдық ӛмірде ӛз орнын таба алады, ӛзін бекітеді. Білім 
жеткіншек үшін еңбектің бастысы болып табылады. Ӛкінішке орай, 
кейбір жеткіншектердің оқу пәндеріне деген ықыласының тӛмендеуінің 
әсерінен сабақ үлгерімі нашарлайды ғылым мен мәдениеттің әртүрлі 
саласымен қызыға айналысу негізінен жеткіншектерге тән. 
Жеткіншек ӛзіне дос болатын адамды ӛз ұжымындағы жолдастарының 
арасынан табады. Жеткіншектің досы-ол тек бірге ойнайтын, жанжалдасып 
қалатын, татуласатын, бірге сапарға шығатын жолдас қана емес. Ол - 
жеткіншектің екінші ӛзі, ол оның ойын білетін қызығушылықтары мен 
сезімдерінің куәгері және жақсы ниеттегі сыншысы. Ал жеткіншектік 
шақтың орта тұсында қыз балалардың бойында ер балалар арасынан, ер 
балалардың бойында қыз балалар арасынан дос табуға деген қажеттілік 
оянады. Осылайша, ақылға салынған мақсатты қарым-қатынастағы достық 
қалыптасады, осыдан келіп жастық шақтың алғашкы махаббаты да оянуы 
мүмкін. 
Жеткіншектермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идея: іс-әрекет 
турлеріндегі жетістікке жағдай жасау, бұл сынып ұжымы алдында ӛзін-ӛзі 
сенімді ұстауына мүмкіндік береді; құндылықтарын қалыптастыру; мінез-
құлқы мен рухани дамуына қарым-қатынастарын ұлғайтады. 
Жеткіншектер тәрбиесі, бірінші кезекте, олардың физиологиялық 
дамуына байланысты белгілі бір қиындықтар туғызады, бұл олардың 
танымдық процесіне және тәрбиесіне ықпал етеді. Жеткіншектердің 
физиологиялық даму ерекшеліктерін және бұл ерекшеліктердің баланың 
жетілуінде кӛрініс табуын, жақсы ортаның, мектеп ұжымындағы достары мен 
жолдастарының болуын ескере отырып дұрыс ұйымдастырылған тәрбие 
арқылы және отбасындағы жағдайы арқылы жеткіншектің жеке тұлғасын 
қалыптастыруға педагогикалық басшылықтың шамасы жетеді. 
Демек, осы жастағы оқушылармен жүргізілетін жұмыстың маңызды 
міндеті тәрбиешілердің мектептегі және мектептен тыс кездегі балалардың 
әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіп, қажетті әдептілікті сақтай отырып, 
педагогикалық ұстамдылық пен шыдамдылыққа негізделген қызметтерін 
дүрыс үйымдастыру болып табылады. Жеткіншектер ӛмірінде, әсіресе, 9 
сыныпта, яғни, толық орта білім алу жолына таңдау жасайтын кезде, олардың 
бойында әртүрлі мамандықтарға, мектеп пәндерінің ішіндегі белгілі бір 
пәнге деген қызығушылығы пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет