Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы


Еңбек арқылы тәрбиелеу принципінің



Pdf көрінісі
бет25/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2
 Еңбек арқылы тәрбиелеу принципінің 
мақсаты баланы еңбек ете білуге, 
оны қадірлеп-қастерлеуге, оған деген жағымды кӛзқараспен қарым-қатынас 
қасиеттерін орнықтыруды, сонымен қатар қарапайым еңбек құралдарын 
пайдалана білу қабілеттерін сіңіру қажеттіліктерінен туындайды. Адамды 
табиғат жаратқанмен, оны нағыз адам етіп қалыптастырған- еңбек процесі. 
Адам баласының қоғамдағы ӛмірі тек еңбекпен байланысты, себебі ол оны 
саналы ӛмір сүре білуге дағдыландырады. Тек еңбек процесінде адам баласы ӛз 
тіршілігін қамтамасыз етіп, қоғамға пайда келтіреді. Сондықтан да бұл принцип 
тәрбие процесінің ӛн бойында ӛзекті мәселе болып қала береді. 
3. Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі; 
Бұл принциптің кӛздейтін мақсаты: 
- оқушыларға қоғамдық мінез-құлық нормалары мен ережелерін саналы 
түрде меңгертуді
- оқушыға қатысты ӛзіне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындауды; 
- мектепте оқушыларға арналған ережені қатаң сақтауды; 
- мектеп пен отбасы және мектептен тыс мекемелердің тәрбие жұмысының 
барлық буындарының талап бірлігін үйлестіруді; 
- оқушының мінез-құлқындағы жақсы қасиеттеріне сүйенуді; 
- жеке басына сеніммен қарап, белсенділігін арттыруды; 
- сүйіспеншілік кӛрсетуді т.б. 
Құрметтеу мен талап қоюшылықты бірыңғай атқару тәрбиенің 
ізгілік 
бағыты мен 
ынтымақтастық 
педагогиканың негізін қалайды. 
4. Балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу; 
Тәрбие жұмысының табысты болуы, кӛбінесе әрбір жеке тұлғаның жас 
шамасына сәйкес ӛзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуге байланысты. 
Әрбір жеке бала, ол ӛзінше бір ӛмір. Оның түсінігі, сенімі, кӛзқарасы, ақыл-
ойының деңгейі бірдей емес, соған орай мінез-құлық ерекшеліктері мен 
адамгершілік қасиеттерінің сапасы да әртүрлі. Сондықтан да тәрбие процесінде 
балалардың дара ерекшеліктерін ескерудің маңызы зор. Тәрбиенің мазмұны 
мен амал тәсілдері де осы принципке тәуелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет