Үшінші кезең
- бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің
дамуымен сипатталады, онда қоғамдық ӛмірдегі деректерді, құбылыстарды
бағалауда қоғамдық пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның ӛрлеу кезеңі.
Ұжым ӛмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың
арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда
тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына,
мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға
бағыну сияқты болымды қасиеттер пайда болады.
Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір-бұл ұжым
мүшелерінің талаптарды, пікірлерлі бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым
кейбір ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе
кінәлайды. Демек, ұжымдық талқылау, бағалау, жариялылық, әрекеттілік-
қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды
мәселелердің бірі- ұжым алдындағы
мақсатты-перспективаны
таңдау.
Осыған орай, А.С.Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын,
орта және қашық атты перспективаларын еске түсірген жӛн.
Достарыңызбен бөлісу: