мектеп жасындағы балалар тәрбиесінде жиі қолданылады. Үйрету әдісі арқылы
балаларды мектепте, үйелменде әр түрлі іс-әрекетіне дағдыландыруға болады.
Тәрбие әдісі тәрбиенің мақсатына, мазмұнына, принциптеріне және
нақтылы педагогикалық жағдайлардағы міндеттерді шешуге бағынышты
болады. Мұғалім ӛзінің күнделікті практикалық жұмысында тәрбие әдісін
таңдау барысында барлық жағдайға арналған
әмбебап тәрбие әдісі
болмайтынын ескеруі керек.
Тәрбие әдісі жеке дара тиімді не тиімсіз бола алмайды. Тұтас
педагогикалық процестің негізіне жеке тәрбие әдісі емес, тәрбие әдістерінің
тұтас бір жүйесі алынады. А.С.Макаренко әдетте ӛте нәтижелі деп есептеліп
кеңінен қолданылып жүрген педагогикалық құрал: түсіндіру, әңгіме, сендіру,
қоғамдық ықпал жасау әдістерінің ӛзі де ең әсерлі, абсолютті, тиімді бола
алмайтынын ескерткен еді.
Бір жағдайда оң нәтиже берген әдіс, басқа бір жағдайда балаға тіптен теріс
әсер береді. Сондықтан тәрбиеші әдістерді
қолдануда педагогикалық-
психологиялық талаптарды білуі қажет.
Тәрбие әдісі баланың жеке басына жанасудың және ықпал етудің ӛте нәзік
әрі сезімтал құрал болғандықтан жаңашыл озат тәрбиешілер оқушылардың дара
және жас ерекшеліктерін зерттеп, оқу-тәрбие процесін физиологтар мен
психологтардың бала дамуының заңдылықтары туралы ғылыми деректеріне
сүйене отырып ұйымдастырады. Мысалы, сангвиник бала қиыншылыққа
кездессе бастаған ісін аяғына дейін орындамайды. Сондықтан оны үздіксіз,
яғни тұрақты әрекет жасауға, тапсырманы толық орындауға үйрету қажет.
Адам жеке адам болып қалыптасу процесінде бӛлшектеніп тәрбиеленбей,
тұтас тұлға ретінде қалыптасатынын тәрбиеші әрдайым тәрбие жұмысының
негізіне алуы керек. Жоғарыдағы аталған педагогикалық-психологиялық
талаптармен қатар тәрбие әдістерін таңдау және тиімді пайдалану үшін
тұтас
педагогикалық процестің күрделі диалектикалық заңдылығы негізге алынады.
Осыған орай әрбір тәрбиешінің жеке адаммен, жеке топпен, оқушылар
ұжымымен жұмыс жүргізгенде тәрбие процесінің ұзаққа созылатын үздіксіз әрі
комплексті ерекшелігін ескеруінің маңызы зор.
Тұтас педагогикалық процестегі тәрбие әдісінің бірнеше түрін қолданудың
тиімділігі ең алдымен педагогтардың жеке басының және еңбек
мәдениеттілігінің жоғары дәрежеде болуына байланысты екендігін озат
мұғалімдер тәжірибелері дәлелдейді.
Ұжым толық қалыптаспаған, сүйеніші, яғни ӛмір тәжірибесі жоқ. Бұл
жағдайда тәрбиеші балаларға талап қою әдісін қолданады. Оның мақсаты-
балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру.
Ұжым қалыптасқаннан кейін
оқушылар белсенді тобы құрылады. Осыған сәйкес тәрбие әдісі ӛзгереді.
Оқушылардың әдет-ғұрып, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру үшін үйрету,
жаттықтыру әдістері қолданылады. Бұл әдістер оларды орындағыштыққа,
кішіпейілділікке, ұқыптылыққа үйретеді. Ұжымның ІІ-ІІІ даму сатысында
қоғамдық пікір, тапсырма, пікірталас, ӛзін-ӛзі бақылау, ӛзіне-ӛзі баға беру т.б.
қолданылады.
Тәрбие жұмысында моральдық ұғымдар элементтерін жете білмегендіктен
түрлі жағымсыз әрекеттер де болады. Мұндай педагогикалық ситуацияда
этикалық тақырыптарға әңгімелеу және лекция әдістерін пайдалану қажет.
Сонымен, біріншіден, тәрбие әдістерінің кӛмегімен оқушылардың әр түрлі
іс-әрекеттері ұйымдастырылады, мақсатқа сәйкес бағытталады,
олардың
адамгершілік тәжірибесі байиды; екінішіден, тәрбие әдістерінің кӛмегімен
оқушылардың дүниеге кӛзқарасы қалыптасады, олар қоғамдық ӛмірге
қатысады, тәрбиенің әлеуметтік мақсаты іске асырылады.
Барлық тәрбие әдістері бір-бірімен ӛзара байланысты, ӛзара тәуелді. Ешбір
әдіс тәрбиенің универсальды құралы бола алмайды. Мысалы, оқушыларды
әдептілікке тәрбиелеу үшін кӛбінесе үйрету әдісі қолданылады, дедік. Егер
ұжым адамгершілік мораль элементтерінің ұғымдарымен таныс болмаса жеке
адамның санасын қалыптастыру әдістерін (әңгіме, әңгімелеу, пікірталас, лекция
т.б.) пайдалану керек. Бұл ситуацияда пікірталас және әңгіме әдістерінен гӛрі,
этикалық тақырыптарға әңгімелеу немесе лекция әдістерін қолдану ӛте
қолайлы. Егер оқушылар ұжымының адамгершілік нормасы жӛнінде белгілі
түсініктер болса, онда пікірталас немесе этикалық әңгімені қолданған жӛн. Осы
әдістер бойынша адамгершілік нормасы туралы сӛз ету, оқушыларға ӛз бетімен
қорытынды
шығаруға, дұрыс баға беруге, теріс кӛзқарастарды сынай білуге
кӛмектескен жӛн.
Барлық тәрбие әдістері бірін –бірі толықтырады. Әдістердің бірлігі тәрбие
жұмысына игі әсер етеді, балалардың білімін, іскерлігін және дағдысын
тереңдетеді; қоғамдық ӛмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін
байытады; жалпы мәдениетін, ой-ӛрісін кеңейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: