зейін, ес, ойлау және т.б.) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент,
мінез, қабілет), демек, адам психикасының даму заңдылықтарын зерттейтін
болса, ал педагогика осы мәселелерді терең пайдалана отырып, адамды
қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен
құралдарын анықтап ашады.
Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі-
жас ерекшелігі
физиологиясы
ғылымына байланысты. Балалар организміндегі жоғары нерв
қызметін, тыныс алу, қан және жүрек-тамыр жүйесінің физиологиялық
ерекшеліктерін мұғалімнің жете білуі қажет. Ол осы мәліметтерге сүйеніп,
тәрбие мен оқу процесін, әсіресе, дене тәрбиесінің практикалық және
теориялық мәселелерін дұрыс шешу жолдарын іздестіреді. Жас организмнің
даму барысында болып отырған анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне,
әсіресе жоғары нерв қызметінің негізгі заңдылықтарына (қозу, тежелу т.б.) жете
түсіну жалпы педагогикалық процесті ойдағыдай басқарудың негізі болады.
Педагогика ғылымы
Достарыңызбен бөлісу: