Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы


Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық



Pdf көрінісі
бет9/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2
Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық 
жұмыстарын зерттеу
ізденушіге оқушылардың интеллектуалды-даралық 
ерекшеліктері мен қабілеттері туралы түсінік беретін әдістің бір түрі. 
7. 
Педагогикалық құжаттарды зерттеу
білім беру жүйесі қызметінің 
негізгі бағыттарының жағдайы мен даму тенденцияларын кӛрсетеді. Оқу 
жоспарлары, 
бағдарламалары, 
оқулықтар. 
Оқу-әдістемелік 
құралдар, 
мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің, 
лицейлердің, колледждердің оқу-тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, 
сынып журналдары, мұғалімдердің есеп берулері, оқушыларды оқыту, 
тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компоненттері тіркелетін барлық 
құжаттар зерттеудің ең маңызды қайнар кӛзі болып табылады. Мектеп іс-
әрекетінің нәтижесіне баға беру үшін тестердің, бақылау жұмыстарының
шығармаларының, эсселердің, жобалардың, суреттердің және т.б. ерекшелігін 
зерттеудің маңызы зор. Бұл зерттеушіге мектептің іс жүзіндегі іс-әрекетінің 
шынайылығын анықтауға, себеп-салдарлық байланыстарды, оқушы жеке 
тұлғасының дамуына әсер ететін факторларды айқындауға мүмкіндік береді.
ІІ. 
Ғылыми танымның екінші деңгейі- 
теориялық деңгей
. Ол зерттеушіге 
зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық 
тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қортындыларға 
кӛшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға кӛмектеседі.
Теориялық деңгей әдістері:
1. 
Әдебиет көздерін оқып білу
зерттеудің құрамдас және бӛлінбейтін 
бӛлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. 
Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін 
анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрынғы мен қазіргі жай-күйін және оған 
қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша 
әдебиеттермен танысуы қажет.


Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді білу зерттеуші мәдениетінің, оның 
ғылыми адалдығы мен зерттеу нәтижелерінің құндылығының шарты болып 
табылады. Ғылымның зерттеліп отырған саласының жай-күйі мен дамуын тану 
үшін зерттеуші әр түрлі педагогикалық бағыттар, кӛзқарастар, ғылыми 
мектептер, отандық және шетелдік баспалардың арасынан ӛзіне керекті 
әдебиетті таңдап алып, кӛптеген авторларға ортақ және білім беру процесіндегі 
заманға сай тенденцияларды анықтайтын жалпыны табуы қажет.
Әдебиеттерді зерттеу кезінде оларға талдау жасау, оларды салыстыру, 
теңестіру, жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау сияқты жұмыстар 
жүргізіледі, ол қоршаған болмысты тануда үлкен рӛл атқарады. Бұл әдістің 
қажетті әдебиеттерді іздеу, әдебиет материалдарына алдын-ала талдау жасау, 
оқу мен жазып алу техникасын ескеру, тақырыптық белгілері бойынша жеке 
картотеканы құру, әдебиеттерді бір жүйеге келтіріп қолдану, әдебиеттерді 
зертеу сияқты сатылары бар.
2. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет