Сабақ тақырыбы Наполеон Бонапарттың жорығынан кейін Еуропа қалай өзгерді?



Дата06.02.2020
өлшемі195 Kb.
#57349
түріСабақ
Байланысты:
КМЖ наполеон 10 сынып

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мемлекет тарихы және әлеуметтік-саяси ойды дамыту

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Наполеон Бонапарттың жорығынан кейін Еуропа қалай өзгерді?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.2.10 - Наполеондық соғыстар мен еуропалық елдерде капиталистік дамуды жеделдету арасындағы себеп-салдарлық қатынастарды белгілеу;

10.3.2.11 - Еуропада либералдық қоғамдық идеяларды таратуда Наполеон кодексінің мәнін бағалау



Тарихи концепт

Себеп пен салдар

Бағалау критерийлері

Наполеон соғыстары мен Еуропа мемлекеттеріндегі капиталистік дамудың ілгерілеуі арасындағы себеп- салдарлық байланысты ажыратады;

Еуропадағы либералдық қоғамда идеялардың таралуына Наполеон кодексінің әсерін бағалайды



Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология: Революция, Конституция, Республика, Ұлттық Ассамблея, Бастилия, жалпы мемлекеттер, аристократия, буржуазия, шаруа қожалықтары, якобиндер, революциялық террор, гильотин, каталог, мемлекттік төңкеріс.

Құндылықтарды дарыту

Жаһандық азаматты тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Политология

Бастапқы білім

Бұл тарау оқушылардың 7 сыныптағы әлем тарихынан алған біліміне байланысты құрылған. Басқарудың әртүрлі формаларымен танысқан (монархия, республика)

Сабақ барысы

Уақыты

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Ресурстар

Сабақтың басы



Сәлемдесу. Ұйымдастыру кезеңдері. Оқушылардың назарын сабаққа аударту.
Сабақ тақырыбы анықталған соң, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.



Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы


Зерттеу және талдау

Тапсырма 1

І Наполеонның Құрлықтық оқшаулау туралы Декреті (1806 ж.)



  1. Англия барлық өркениетті халықтардың тарапынан мойындалатын халықаралық құқықты бұзды.

  2. Ол өзіне дұшпан ретінде жау мемлекеттің кез келген азаматын таныды. Сол себептен әскери кемелердің экипажын ғана емес, сонымен бірге, сауда кемелерінің экипаждарын да, өз сауда істері бойынша саяхаттап жүрген саудагерлер мен коммивояжерлерді де әскери тұтқындар деп жариялады.

  3. Ол сауда кемелеріне, тауарларға және жеке тұлғалардың мүлкіне басып алу құқығын таратады…

  4. Ол қалалар мен берік орнатылмаған сауда порттарына оқшаулау құқығын кең жаяды; өзі бірде-бір әскери кемені ұстамайтын аймақтардың өзін оқшауланған өңір деп жариялайды…

  5. Бұл жан түршігерлік оқшаулау құқықтың артығынан пайдаланылуы халықтардың арасындағы қарым-қатынастарға кедергі жасау және де материктегі өнеркәсіп пен сауда қалдықтарында Англияның сауда мен өнеркәсібін дамыту...

Біз, Англияға қатысты, оның өзі теңіз заңнамасында бекіткен тәсілдерді қолдануға бел байладық.

1-бап. Британ аралдары оқшауланған қалыптағы жағдайда деп жарияланды.

2-бап. Британ аралдарымен сауда жасау мен хабар алмасуға тыйым салынды...

3-бап. Біздің әскер орныққан мемлекетте… табылған Англия азаматы… әскери тұтқын деп жарияланды.

4-бап. Ағылшын азаматының қарамағындағы барлық қоймалар мен тауарлар… заңды жүлделер деп жарияланды.

5-бап. Ағылшын тауарларын саудалауға тыйым салынды ...



7-бап. Англиядан немесе ағылшын отарлық иеліктерінен келген кез келген кеме… бірде-бір портта қабылданбады.

  1. Наполеон кодекстері Еуропада капиталистік қатынастардың қарқынды дамуына себепкер болды деген тұжырыммен қаншалықты келісесіз?

  2. Осы декретті қабылдау арқылы Н.Бонапарт қандай мақсатты көздеді деп ойлайсыз?

  3. Н.Бонапарт бүкіл Еуропаны бір саяси-экономикалық қауымдастыққа біріктіруді көздеді, бірақ бұған Англия қарсы болды, осылай әйгілі императордың тарихтағы алғаш рет Еуропалық интеграцияны жүргізу мақсаты орындалмай қалды деген сөзбен келісесіз бе?

  4. Декрет арқылы Англияны экономикалық тұрғыда тұншықтыру әрекеті қаншалықты нәтижелі болды деп ойлайсыз?

Дескрипторлар

Білім алушы:

  • тарихи оқиғаны анықтайды;

  • Тұжырымға қатысты пікірін білдіреді;

  • Наполеонның мақсатын көрстетеді;

  • Пікірге қатысты ойын білдіреді;

  • Тұжырымға қатысты ойын білдіреді.


Тапсырма 2



«Менің шынайы даңқым 40 шайқаста жеңіске жеткенімде емес. Ватерлоу түбіндегі ұрыс менің қол жеткізген барлық жеңістерді жадыдан өшіріп тастады. Алайда, жадыдан ешқашан да өшірілмейтін, әрі мәңгі өмір сүретін – ол менің Азаматтық кодексім»Әйгілі қолбасшы Н.Бонапарт «азаматтық кодексті» соғыстардағы жеңістерінен маңыздырақ деп жоғары бағалады. Себебін түсіндіріңіз.

Деректі оқып шығып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Наполеон бекіткен азаматтық кодекстер бірінші кезекте жеке меншіктік қатынастарды түбегейлі бекітіп, буржуазия сынды әлеуметтік топтың күшеюіне мүмкіндік берді. Буржуазия бұрынғы феодалдық тәртіптер үстем болып тұрған кездегі ірі жер иелері феодалдар мен король билігі маңайына топтасқан ақсүйек топтары иеленген артықшылықтар мен саяси билікке қол жеткізе бастады. Буржуазия аталған кодекстің артықшылықтарын пайдаланып, елде өндіріс пен өнеркәсіптің қарқынды дамуына мүмкіндік жасады. Кодекстегі бір кемшілік жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы мүлде қарастырылмаған болатын, себебі бұл кезде француз қоғамында жұмысшы табы әлі толық қалыптаса қоймаған жаңа әлеуметтік топ болатын.

Кодексте азаматтық теңдік мен бостандық алға қойылып, дінді ұстану еркіндігі қорғалды. Барлық азаматтар әлеуметтік тегіне, шыққан ортасына қарамай заң алдында барлығы тең құқықты иеленді деп жарияланды. Кодексте негізге алынған бостандық пен теңдік сияқты либералдық принциптер, жекеменшікті қорғау сынды буржуазияға қолайлы орта Францияда мың жылдан артық үстемдік жасаған бұрынғы ескі тәртіптің іргесін сөге бастады. Феодалдық тәртіптер мен артықшылықтарға соққы берілді. Кодексте қаралған азаматтардың теңдігі мен бостандығы, діни еркіндігі, сөз бостандығы баптары француз ағартушылары Жан Жак Руссо, Вольтер, Монтеське сынды тұлғалардың ойлары мен еңбектеріндегі тұжырымдары негізінде жасалынды.

Наполеон кодекстеріне дейін Францияда біріңғай заң болған жоқ, әр аймақта әртүрлі заңдар мен діни қағидалар үстем болып келді, кодекс бүкіл елді бір құқықтық қатынастарға біріктірді және Н.Бонапарт жаулап алған Еуропадағы елдердің барлығына тарай бастады. Осылай Еуропада француздық либералдық дәстүрдегі заңдар мен еркін ой тарап, феодалдық қатынастарға соққы бере бастады. Кодекс Еуропада капиталистік қатынастардың қарқынды дамуына әкелді. Кодекс өз заманының прогрессивті құқықтық актісі болды, кодекстің 2281 бабының 1200-і осы күнге дейін еш өзгеріссіз Франция Конституциясының баптарында негізгі заң қызметін атқарып отыр. Қазіргі таңда 70-ке жуық елдердің азаматтық кодекстерінде осы Наполеонның кодекстері өз маңыздылығын жоғалтпай келе жатыр.



  1. Наполеон кодекстері қандай жаңа әлеуметтік топтың күшеюіне жағдай жасады? Неліктен?

  2. Наполеон Кодексінің Еуропадағы либералдық қоғамдық идеялардың таралуындағы маңызы не деп ойлайсыз? Дәлел келтіріңіз

  3. «Қазіргі азаматтық қоғамның орнығуына ХІХ ғасырдың басындағы Наполеон кодекстерінің маңызы зор» деген тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Дәлел келтіріңіз.

Дескрипторлар

Білім алушы:

  • Наполеон қағидасының себебін түсіндіреді;

  • Наполеон кодекстерінің ерекшеліктерін атайды;

  • Наполеон кодекстерінің маңыздылығына дәлел келтіреді;

  • тұжырымға өз ойын білдіреді.

Рефлексия БББ кестесі



Үй тапсырмасы §47




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет