Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет6/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2
Әдіснама дегеніміз
әдістер туралы ілім, оларды зерттеушінің ойлау 
сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде 
қарастыру қажет.
Ғылыми зерттеудегі әр түрлі әдістердің ӛзара байланысы мәселесі 
кӛкейкесті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе аспектілерінің бірі ғылыми 
танымдағы философиялық әдістердің орны туралы мәселе болып отыр. 
Зерттеушінің теориялық ойлауының негізінде материалистік диалектика әдісі 
жатыр, ол ізденушіні ғылыми фактілерді жинастыру мен түсіндірудегі 
субъективті кӛзқарастан, олардың біржақтылығынан босатып, зерттеушіні 
зерттеу мәселесіне тарихи анализ жасауға, оның дамуының тенденциясы мен 
заңдылықтарын табуға, таным мен болмысты қарама-қайшылықтарды шешудің 
тәсілдерін ашуға щақырады.
Сонымен, 
зерттеу әдісі 
дегеніміз күрделі танымдық әдістемелер, ал олар 
болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін 
белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады.
Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты құрамды бӛлігі 
болып табылады. 
Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімнің 
дамуы педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты

Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпараттарды алу жолдары мен 
тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген 
педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол-жаңа 
білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттары мен 
құбылыстарының мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің 
бір түрі.
 
Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар. Эмпирикалық, теориялық
әдіснамалық. 
 І

Эксперименталды-эмпирикалық деңгей
әдістерінің тұтас бір тобы 
бар (гр. Empeiria-тәжірибе) . 
1. 
Бақылау
- заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды 
іріктеп жинау, кӛзбен кӛргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл 
ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен 
белгілері туралы мәлімет алу. Бақылау, ең алдымен, бақылаушының ӛзі, зерттеу 
объектісі, бақылау шарттары, сондай-ақ құралдары-видеоаспаптар, аспап-
құралдар мен ӛлшеу құрал-саймандары жатады. 


Зерттеу барысында бақылау түрлерінің әр алуан жіктемесін ажырата 
алады: 
- тікелей бақылау, зерттеуші-мұғалім оқу-тәрбие жұмысының тікелей 
басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұра, бейтарап адам және 
зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілер тобына кірген кезде тікелей бақылау 
жүзеге асырылады.
- жанама бақылау, ол тікелей бақылауды толықтырады және зерттеушімен 
бірге оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін ӛкілдер арқылы жүзеге 
асады. Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады; 
- жасырын немесе елеусіз бақылау тұйық теледидар желісі және сынып 
бӛлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі. Сабақты жасырын 
бақылап-зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен ара 
қатынасы туралы шынайы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Жасырын бақылап-
зерттеушіге құнды мәліметтер береді, оқушылар ӛздерін бақылап отырғанын 
кӛрсе ӛздерін басқаша ұстайды. 
- үздіксіз бақылау оқыту процесін, екі-үш оқушының сабақтағы, ойындағы, 
сыныптан тыс, мектептен тыс мінез-құлқын зерттеуде қолданылады; 
- дискретті (үзік-үзік) бақылау объектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде 
қолданылады. Бақылап-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін- жарты жыл 
немесе бір жыл. Бақылап -зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейін қайтадан 
жалғастырылады; 
- монографиялық бақылау біреуді немесе бір нәрсені бақылау кезінде 
қолданылады; 
- шағын мамандандырылған бақылау жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу 
мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады; 
- ізденіс бақылау кӛп деректер арасынан зерттеуші ӛзіне керек деректер 
мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады. Мұндай бақылау кӛп уақыт пен 
зерттеушіде тиянақты талдау жұмысын талап етеді. 
2. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет