Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы


 Оқыту әдістері және оларды жіктеу проблемасы



Pdf көрінісі
бет48/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

2. Оқыту әдістері және оларды жіктеу проблемасы. 
Оқыту әдістерінің ӛзіне тән тарихы бар. 
ХХ-ші ғасырдың 20-жылдарында белгілі педагог-ғылымдар Б.Е.Райков, 
К.П.Ягодовский, М.М.Пистрак т.б. оқытудың түсіндірме, практикалық еңбек, 
эвристикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін жасады. 
30-жылдары М.М.Пистрак, П.Н.Шимбирев, И.Т.Огородников оқытудың 
жаңа әдістерін ұсынды. Бұларға әңгіме, әңгімелеу, кӛрсету, демонстрация, 
лекция, кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмыс жатады. 
50-жылдардан бастап оқыту әдістерінің жіктеу проблемасына айрықша 
кӛңіл бӛлінді. Грузин педагогы Д.О.Лордкипанидзе оқыту әдістерін 
топтастыруға әрекет жасады. Ол әдіскерді топтастыру үшін білім кӛзін негізге 
алады. Д.О.Лордкипанидзе оқыту әдістерін үшке бӛледі: сӛздік әдістер; 
кітаппен жұмыс істеу әдістері; оқыту-практикалық сабақтар әдістері. 
50-жылдардың аяғы мен 60-жылдардың басында орыс ғалымдары 
Е.Я.Голант, С.Г.Шаповаленко, Н.М.Верзилин білім кӛзін негізге алып, оқыту 
әдістерінің жаңа жіктеуін үш топқа бӛлді: 
1. Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіндіру, лекция, кітаппен 
жұмыс. 
Әңгімелеу.
 
(баяндау) Мұғалім оқу материалын бір ізділікпен баяндайды. 
Ол үшін материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді. Фактыға негізделген 
мәліметтер әңгімелеу түрінде сӛз етіледі. Әңгімелеуде талдау, жинақтау 
тәсілдері пайдаланылады. Әдетте, әңгімелеу, бастауыш сыныптарда 10-15, ал 
жоғары сыныптарда 20-25 минутқа созылады. Әңгімелеу әдісі кӛбінесе тіл, 
әдебиет, тарих, география сабақтарында қолданылады. Сабақтың қалған 
уақытында оқушылар мұғалімнің басшылығымен әр түрлі жұмыстарды ӛз 
бетінше орындайды. 
Әңгіме әдісі
 
сабақта сұрақ-жауап формасы түрінде қолданылады. 
Сондықтан мұғалім алдын-ала жоспар жасап, онда сұрақтардың жүйесін мұқият 
ойластырады. Бұл оқушылардың білімін тақырып бойынша логикалық бір 
ізділікпен аықтауды қамтамасыз етеді. Әңгімені осылай ӛткізу оқушылардың 
ойлау белсенділігін арттырады. Оларды басты және ӛте маңызды мәселелердің 
мазмұнын, ӛзара байланысын анықтауға талаптандырады. Оқушыларды 
болжауға бағыттайды, ӛз ойларын дәлелдеуге мәжбүр етеді. Әңгіме әдісінің 
барлық процесі ӛтілген оқу материалын жүйеге келтіруге және жинақтап 
қорытуға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет