тәрбиесіне ӛте қамқор болуы тиіс; олардың мінез-құлқын түзетуі және әр кезде
оларды заңға сәйкес игілікке бағыттап отыруы тиіс» деп есептеген.
Ертедегі Римде ұжымдық оқу б.э.д. ІІІ ғасырда жүргізіле бастаған. Ондағы
антикалық педагогиканың теориясы мен практикасының негізін жасаған
Квинтилиан Римде бірінші рет мемлекеттік тұрғыдағы мектептің іргесін қалап,
жылма-жыл мемлекеттен сыйақы алып тұрған. Соған сәйкес Римдік
қауымдастықта оқытудың мазмұны және оны ұйымдастыру мәселелері ғана
талқыланып қоймай, сонымен бірге кӛбінесе тәрбие әдістеріне де үлкен маңыз
беріліп, тәрбиені мемлекеттік басқару әрекетінде маңызды сала ретінде
қарастырған.
1758 жылы М.В.Ломоносовтың «Академиялық гимназия тәртібінің үлгісі»
атты педагогикалық тұрғыдан құнды еңбегі жарық кӛріп, гимназистер арасында
үлкен сұранысқа ие болды.
Қазіргі кезде біздің қоғамда ӛркениеттілікке бағытталған «Білім беру»
заңы бар. Онда азаматтық қоғам орнатуда ӛскелең ұрпақтың оқу және тәрбие
мекемелерінің сұрыпталған қатаң ғылыми негіздегі тың жүйесі қалыптасқан.
Бүгінде оны тәрбие процесінде басшылыққа алу барлық әлеуметтік
мекемелерінің міндетті ортақ ісіне айналып отыр.
Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай
Достарыңызбен бөлісу: